Жаңалықтар
Жүзден жүйрік
«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК» СТУДЕНТТЕР КЛУБЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
««Жүзден жүйрік» студенттер клубы жастардың бірлесе отырып қоғамдық маңызы бар іс-шараларға ат салысу әрі студенттердің аудиториядан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, ҚазБСҚА колледжінің қазақ тілі профессор-оқытушыларының ұйымдастырылуымен құрылған.
Өткізілетін іс-шаралар аудиториядан тыс уақытта, кездесу, дөңгелек үстел, семинар, конференция, әдеби-сазды кеш, танымдық сабақтар және т.б. түрінде өткізіледі.
Клуб әр оқу жылының басында колледж директорымен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес әрекет етеді.
КЛУБ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ:
- болашақ маманның кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа заман маманын даярлау;
- студент бойында қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
- ұлт болашағына жауапты, рухани-адамгершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу;
- ізденімпаздыққа, өзіне шығармашылық қасиет, қабілет іздеу, бойындағы дарынды шыңдау, жеке шығармашылық қабілетін дамыту;
- білім деңгейін тереңдетуге, ғылыми, мәдени сауаттылығын арттыру;
- шығармашылық идеялық-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
- әртүрлі іс- шаралар өткізу арқылы талапкер жастардың бойына танымдық қөзқарасты қалыптастыру;
- ғылымның ғажайып сырларын тереңірек білуге қызығушылығын ояту;
- жастарды мәдениеттілікке баулу, рухани дүниесінің баюына, іскерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;
- еркін ойлауды, өз ойын ашық жеткізе отырып, өзгенің көзқарасын сыйлауды, көркем әдеби тілде сөйлеуді дамытуға ықпал ету.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша жүргізілетін
«Жүзден жүйрік» клубының
жұмыс бағдарламасы
р/с |
Іс-шара атауы |
Өткізу түрі |
Орындалатын уақыты |
жауапты адам |
1 |
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілің арың бұл, ұятың болып тұр бетте» |
конкурс |
қыркүйек |
Бөрібай Б.І.
|
2 |
«Қазақстан ұлы дала баласы!» |
тәрбие сағаты |
қазан |
Б.І.Бөрібай А.Нукеева |
3 |
«Тіл деп соққан - жүрегім»
|
дөңгелек үстел |
қараша |
Бөрібай Б.І.
|
4 |
«Тұңғыш Президент күні»
|
шығармашылық көрме |
желтоқсан |
Бөрібай Б.І. М.Қ.Абдильдаева
|
5 |
«Армысың, ару – нұр көктем!» |
тәрбие сабағы |
наурыз |
Бөрібай Б.І. А.Нукеева
|
6 |
Наурыз мерекесіне арналған «Бірлігі жарасқан –қазақ елі!» атты іс-шара |
мерекелік шара |
наурыз |
Бөрібай Б.І. М.Қ.Абдильдаева А.Нукеева . |
7 |
«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» атты махаббат күніне арналған іс-шара |
танымдық сабақ |
сәуір |
Б.І. Бөрібай
|
8 |
1-мамыр ынтымақ күні «Ынтымағы жарасқан, көпұлтты Қазақстан!»
|
дөңгелек үстел |
мамыр |
Бөрібай Б.І. М.Қ.Абдильдаева А.Нукеева
|
9 |
Ұлы жеңіс күні «Ер намысы - ел намысы» |
тәрбие сағаты |
мамыр |
Бөрібай Б.І.
|
10 |
«Бір ел-бір тағдыр» |
дөңгелек үстел |
мамыр |
Бөрібай Б.І. М.Қ.Абдильдаева А.Нукеева
|
Клуб жетекшісі Б.І.Бөрібай