ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

ҚТИМФ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Бакалавриаттың оқу бағдарламалары

Код

Атауы

Оқу түрі

Оқу мерзімі

5В050600

Экономика

 

 

 

 

 

күндізгі/сырттай/

арақашықтықта оқыту 

орта білім негізінде күндізгі оқутүрінде 4 жыл;

кәсіптік орта білім негізіндекүндізгі оқу түрінде 3 жыл;

жоғары білім негізінде күндізгі оқу түрінде 2 жыл.

орта білім негізінде сырттай оқу түрінде 5 жыл;

арақашықтықта оқу 2 жыл.

5В050800

Есеп және аудит

5В071100

Геодезия және картография

5В072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

5В072900

Құрылыс. Маманданымдар:

Құрылыстағы экономика және менеджмент;

5В073000

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

 

5В050600 - «Экономика» мамандығы.

Экономика бакалаврларының кәсіби қызмет салалары: экономиканың шынайы секторы, қаржылық-банктік жүйе, бизнес және кәсіпкерлік.

Экономика бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік мекемелер органдары, қызмет түріне, өлшеміне және меншік формасына тәуелсіз кәсіпорындар, ұйымдар және фирмалар, оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары.

 

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы.

«Есеп және аудит» мамандығының түлектерінің кәсіби қызмет салалары: мемлекеттік органдар, барлық меншік формалы мекемелер мен ұйымдар, нарық инфрақұрылымы буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелер.

«Есеп және аудит» мамандығының түлектерінің кәсіби қызмет нысандары: кәсіпорындардың мүлігі, оның міндеттемелері, капиталы және құрамын, активтерді және оны қалыптастыру көздерін орналастыруында өзгерістерге әкелетін шаруашылық операциялары, сонымен қатар сала ерекшелігін ескеріп, экономиканың түрлі салалы ұйымдарының қызметі: басқарудың мемлекеттік органдары (Министрліктер мен мекемелер, Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі); ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелсіз ғылыми-зерттеу мекемелері, ұйымдары және фирмалары.

 

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығы

5В071100 – Геодезия және картография бакалаврының кәсіби қызмет саласы: экономиканың барлық салалары, оның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешен, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, жер қорларын басқару саласындағы мемлекеттік органдар, жобалық-іздестіру институттары, бюро, түрлі меншік формалы фирмалар және т.б.

5В071100 – Геодезия және картография мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

• ұйымдастырушылық-басқару – карталар мен жоспарларды, геодезиялық желілерді құру мақсатында геодезиялық және картографиялық жұмыстарды; ғимараттар мен үймереттерді салу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды; карта басып шығару және карта жасау үдерістерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

• өндірістік-технологиялық – мемлекеттік және ведомстволық желілерде бұрыштық және сызықтық өлшеулер жүргізу; барлық классты нивелирлік жұмыстар; түрлі масштабты топографиялық және арнайы түсірілімдердің барлық түрлері; аумақтық жоспарлауға және өндірісті орналастыруды басқаруға, елді қорғауға, табиғат қорларын күзетуге және оңтайлы пайдалануға, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу; геодезиялық өлшеулер нәтижелерін өңдеу; карталарды редактрлеу, басып шығару.

• есептік-жобалық – геодезиялық, картографиялық, фотограмметриялық және топографиялық жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын және тура есептеулерін жасау, ғылыми ұйымдастыру және еңбекті нормалау;

• ғылыми-зерттеу – картография, геодезия, аэрофотогеодезия саласында.

 

5В072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

5В072500 мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін жүргізе алады:

• өндірістік-технологиялық – кесілген материалдарды, тақта материалдарын, сіріңкелерді, жиһазды, ағаш өңдеу-құрылыс бұйымдарын, шпалдарды өндірудің; ағаш және ағаш материалдарынан әрлеу технологиялық үдерісін жүргізу; негізгі және қосалқы ағаш өңдеу жабдығын тиімді пайдалануды ұйымдастыру; кесілген материалдарды, ағаштан жасалған бұйымдарды метрологиялық тексеруді, сертификациялық сынамаларды өткізу;

• ұйымдастырушылық-басқару – орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру; өндірістік жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру; стандартты емес жағдайларда жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау; шығарылатын өнімнің сапасын бақылау жүргізу; өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін бағалауға қатысу; өндірістік телімде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету;

• құрылымдық – ағаш тілетін, ағащ өғдейтін және жиһаз өндірісінің өндірістік телімінде жобаланатын бұйымдар мен технологиялық үдерістер үшін құрылымдық құжаттама әзірлеу.

 

5В072900 «Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығы

5В072900 мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін жүргізе алады:

• өндірістік-технологиялық – темір бетоннан, металлдан, тастан, ағаштан және пластмассадан жасалған құрылыс материалдарын және конструкцияларын өндіру технологиялық үдерісін ұйымдастыру және жүргізу. Бірқабатты және көпқабатты өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар салу, құрастырмалы және монолиттік ғимараттар салу, металл құрылымдарын дайындау және құрастыру, биік ғимаратта, инженерлік үймереттер салу, қайта салу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және т.б.;

• ұйымдастырушылық-басқару – құрылыс кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру.

 

5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру» мамандығы

5В073000 – Геодезия және картография бакалаврының кәсіптік қызмет салалары: құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру; құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндірудің технологиялық желісін жобалау; құрылыс материалдары мен құрылымдарының технологиясы саласындағы орташа кәсіби білім; сертификаттау, құрылыс материалдары мен құрылымдарының сапасын бақылау.

 

Магистратураның оқу бағдарламалары

 

Код

Атауы

Оқу түрі

Оқу мерзімі

6М050600

Экономика

 

 

 

 

 

Күндізгі

  

 

 

 

 

 

 

 

1 жыл – профилдік бағыт;

2 жыл  ғылыми-педагогикалықбағыт.

6М050700

Менеджмент

6М073000

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

6М071100

Геодезия және картография

6М072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

6М073100

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршағанортаны қорғау

 

PhD докторантура білім беру бағдарламалары

 

Код

Атауы

Оқу

түрі

Оқу мерзімі

6D073000

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Күндізгі

3 - жыл

6D072500

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)

6D071100

Геодезия