ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Студенттерге → Студенттік жастар комитеті

Студенттік жастар комитеті

WORKSHOP-2019 байқауы

 

           29 сәуір - 1 мамыр аралығында WORKSHOP 2019 халықаралық байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушылар: ҚазБСҚА жанындағы колледж директоры Қ. Қ. Сулейменова және сәулет факультетінің деканы Д. А. Амандыкова. Бұл байқауға Лондоннан келген сәулетші Mike Oades мен  тәлімгерTimothy Glyn Owen де шақырылды.

 

 

 

СТУДЕНТТІК ЖАСТАР КОМИТЕТІ

Студенттік жастар комитеті-жастар саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ҚазБСҚА колледж студенттерінің шығармашылық және қоғамдық өмірін ұйымдастыратын қоғамдық ұйым.

Комитеттің қызметі оқу процесіне ықпал етуге, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ колледждің студент жастарының бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

Комитеттің жұмысы ҚазБСҚА колледж студенттерінің аудиториядан тыс жұмыстары мен әлеуметтік қорғау жұмыстары қалалық, республикалық ұйымдармен бірлесе отырып, жоспарлы түрде іске асып отырады.

Эдвайзерлер көмегімен СЖК ұйымдастыратын студенттердің бос уақыты әр түрлі іс-шараларға толы. Олар: КТК (Көңілді тапқырлар клубы), "ҚазБСҚА аруы" сұлулық байқауы, "Жігіт сұлтаны" таланттылар байқауы, "ҚазБСҚА көктемі", "Наурыз мейрамы" фестивалі және т. б.

 

Колледжде студенттерге арналған  клубтар (КВН командалары,  "Жүзден жүйрік" клубы,  би топтары, рок-ансамбльдер, халықтық және қазіргі заманғы әндерді орындаушылар және т.б.), спорттық секциялар жұмыс істейді. Өнерлі студенттер аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі әр түрлі іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған.

 

Колледждің студенттік деканы

Илиев Равиль Рашидович

+77089083991

 

verylovefanfiction@gmail.com

 

Студенттік декан колледжінің орынбасары

Винокурцева Анастасия Николаевна

 +77089083991

 

verylovefanfiction@gmail.com

 

 

 

Тағы да көктем, тағы да жеңіс!

24.04.2019 ж. ҚазБСҚА жанындағы колледж көктемді қарсы алды.

Аталған күні күн сәулесі жарқырап, жылылықтың лебі сезіліп, айнала толған жанның бәрі суық ызғарды тезірек шығарып салып, көрікті көктемді қарсы алуға асыққандай.

Студенттер ән айтып, мақал-мәтелдерді талдап, көңілді киім үлгілерімен мерекенің шырайын кіргізді.

Жастар сахнаға шығып, әр түрлі номинацияларда үздік шығармашылық нөмірлер көрсетті. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, ал көрермендер әртістерді белсенді қолдады.

                Нәтижесінде төмендегідей орындар бөлінді: I орынды - ҚазБСҚА жанындағы колледж, II орынды - Сәулет факультеті, III орынды - ҚазБСҚА жанындағы Лицей иеленді.

 

                Біз дарынды студенттерді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қарай жаңа шыңдарға қадам басыңыздар!