Стипендиялар мен гранттар

ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

23

Шіл

Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) қазақ чемпионы Денис Теннің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтады.

толық >>

16

Шіл

Қазақстан Астанасының 20 жылдығына орай ҚазБСҚА және ҚАУ студенттері 8 шілде күні «Нұрсұлтан» шыңына аттанды!

толық >>

тамыз

19

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет →  → Стипендиялар мен гранттар

Стипендиялар мен гранттар

 «Scholarships» АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯ

1)    «Scholarships» арнайы стипендиясы (мәтін бойынша әрі қарай – арнайы стипендия) ҚазБСҚА ақылы негізде оқитын, бірақ түрлі себептермен (отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, қаржылық мәселелер және т.б.) оқу ақысын төлеу мүмкіндігі жоқ ең дарынды магистранттарға, студенттерге, ҚазБСҚА оқушыларына тағайындалады.

2)    Арнайы стипендия келесі мөлшерде тағайындалады:

магистратура/бакалавриат/колледж білім алушыларына - әрбір факультеттің (мамандықтың) ақылы негізде білім алушыларының жалпы санының 15%-нан артық емес, олардың ішінде: 3% дейін 100% стипендия, 6% дейін - 50% стипендия, 6% дейін - 25% стипендия ала алады;

ҚазБСҚА жанындағы Лицей оқушылары (5-11 сыныптар), және де сырттай оқу бөлімінің білім алушылары – факультеттің (колледждің) жалпы контингентінен 10% артық емес, олардың ішінде: 2% дейін 100% стипендия, 4% дейін - 50% стипендия және 4% дейін - 25% стипендия ала алады.

3)    «Scholarships» тағайындалады: күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар үшін – бір оқу семестріне; ҚазБСҚА жанындағы Лицей оқушылары үшін – жарты жылдыққа; сырттай оқу бөлімінде білім алушылар үшін – бір оқу жылына.

4)     Күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар үшін арнайы стипендия қатарынан 2 реттен артық берілмейді. Сырттай оқу бөлімінде білім алушылар үшін арнайы стипендия қатарынан 2 рет берілмейді.

5)     100% арнайы стипендия тағайындаудың міндетті және қажетті шарттары келесі: соңғы емтихандық сессия нәтижелері бойынша үздік үлгерім (бағалары «А-» төмен емес); университеттің оқу-ғылыми-зерттеу қызметіне (конференцияларда баяндама жасау, мақалалар дайындау және т.б.) және қоғамдық өміріне қатысу; ЖОО жетістіктерін насихаттау және ҚазБСҚА жоғары беделін ұстап тұру; студенттер және оқытушылар арасында беделді болу.

6)     50% арнайы стипендия 100% стипендияның шарттарымен, бірақ соңғы емтихандық сессия нәтижелері бойынша бір ғана «В» бағасы бар білім алушыларға ғана тағайындалады.

7)     25% арнайы стипендия 100% және 50% стипендияны тағайындау шарттарымен, бірақ соңғы емтихандық сессия нәтижелері бойынша екіден артық емес «В» бағасы бар білім алушыларға ғана тағайындалады.

8)     100%, 50% немесе 25% арнайы стипендия ұлттық бірыңғай тестілеу, кешенді немесе оқуға түсу тестілеу қорытындылары бойынша ең жоғары балл алған, ҚазБСҚА жанындағы Лицейдің (5-11 сыныптар), магистратура/бакалавриат/колледж күндізгі оқу бөлімінің 1-ші курс (оқу жылы) білім алушыларына алдын ала бірінші оқу семестріне (бірінші жартыжылдығына) тағайындала алады. Бірінші емтихандық сессия нәтижелері бойынша үздік үлгерімін растаған жағдайда 100% стипендия, бір «В» бағасы бар үлгерімін растаған жағдайда 50% стипендия, екі «В» бағасы бар үлгерімін растаған жағдайда 25% стипендия өткен бірінші оқу семестрі (бірінші жартыжылдық) үшін сақталады. Растамаған жағдайда білім алушы өткен семестр (жартыжылдық) үшін толық оқу ақысын өтеуге міндетті.

9)     Арнайы стипендия алуға үміткерлер Президент атына арнайы бланкіде Бақылау іс-шараларының күнтізбегі белгілеген мерзімдерде материалдық қиындықтарының себептері көрсетілген өтініш жазады. Өтінішпен бірге міндетті түрде өтініштің арнайы бланкісінде тізімі көрсетілген сәйкес құжаттар тапсырылады. Сырттай оқу бөлімінің білім алушылары үшін осы Ереженің 5 тарауында көрсетілген арнайы стипендия алу шарттарымен қатар тұрақты немесе уақытша жұмыс орнының болмауы (жергілікті әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту органдары анықтамаларымен растау қажет) немесе мүгедектік, ұзақ мерзімді жұмысқа жарамсыздық және т.б. негіз бола алады.

10) Білім алушылардың өтініштері ХБК Президенті басқаратын байқау комиссиясымен қарастырылады.

11) Байқау комиссиясының шешімі ХБК Президентінің тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған соң күшіне енеді.

12) Факультеттер декандары мен директорлар (колледжер, ҚазБСҚА жанындағы Лицей) екі күн ішінде білім алушыларды байқау комиссиясының шешімімен қол қойғызып таныстырады.

13) Арнайы стипендия тағайындау байқауынан өтпеген білім алушыларға оқу ақысын төлеу мерзімі белгіленеді – байқау комиссиясының отырысынан кейін он күн.

14) Арнайы стипендияны қаржыландыру қайнары - қаржылық-экономикалық қызмет нәтижесінде алынған ХБК ақша қаражаттары.

 ҚазБСҚА кампусы бойынша Scholarship стипендиясына  12.02.2014-нен №04 бұйрық

 ҚазБСҚА кампусы бойынша Scholarship стипендиясына  (қайта тағайындау) 12.02.2014-нен №05 бұйрық

 ҚазБСҚА  колледжі бойынша Scholarship стипендиясына  12.02.2014-нен №04 бұйрық

 ҚазБСҚА  колледжі бойынша Scholarship стипендиясына  (қайта тағайындау) 12.02.2014-нен №05 бұйрық