ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

16

қар

2018 жылдың 13 қараша айында Сәулет және құрылыс мамандықтары бойынша

толық >>

12

қар

2018 жылғы 8 қарашасында ҚазБСҚА командасы "DIGITAL POLYTECH" робототехника бойынша ашық қалалық байқауға қатысты!!!

толық >>

қараша

16

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Семинарлар, конференциялар, конкурстар ФА

Семинарлар, конференциялар, конкурстар ФА

 «ISOVER 2016  Мультикомфортты Тұрғын Үй жобасын жасау» атты Республикалық жылсайын өтетін Халықаралық студенттер конкурсының қорытындысы.

 2016 жылдың 19 – шы сәуірінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде студенттердің Республикалық жылсайынғы өтетін «ISOVER 2016  Мультикомфортты Тұрғын Үй жобасын жасау» атты халықаралық конкурсының келесі кезеңі болып өтті. Тақырыбы: «Брест қаласындағы тұрғын ауданын дамыту, Беларусь».

Финалдық конкурсқа ҚР 5 жоғары оқу орнынан 21 команда қатысты: ХБК (ҚазБСҚА) -12 команда; Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ – 5 команда; ЕНУ, Астана – 2 команда; ҚарМТУ, Қарағанды – 1 команда; ШҚМТУ, Өскемен – 1 команда.

Қазылар алқасы: Салипов Е.К. – сәулетші, «Архипилаг» ЖШС компаниясының директоры; Мусаев Ж.М. - сәулетші, «Тетраэдр» ЖШС компаниясының директоры; Уваров Антон – «Сен-Гобен Қазақстан құрылыс өнімдері» ЖШС жобалау менеджері; Игорь Тяпкин - «Сен-Гобен Қазақстан құрылыс өнімдері» ЖШС компаниясының директоры.

Жүлдегерлер:

Бірінші орын – ХБК командасы (ҚазБСҚА) Чжен Валерия, Аманкельдиева Карима, Андрияшина Татьяна, сәулет фак. 4 курс студенттері, жетекшісі Приемец О.Н., проф. ассисті;

Екінші орын – ШҚМТУ 4 курс студенттері, И-хи-де Алина;

Үшінші орын – Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ 3 курс студенттер командасы, Ли Екатерина, Айдар Ерасыл.

Көтермелеу-ынталандыру жүлделері ХБК (ҚазБСҚА) командасына -  СФ 3 курс студенттері Чанышев Мади мен Саулетбаева  Айданаға тиесілі болды, жетекшісі Г.Р. Исходжанова, ассоц.проф. Сондай-ақ, Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ 2 курс студенттері - Ешпанов Алихан, Совет Эрике, Жанбыршы Алибекке тиесілі болды.

Қалған қатысушылар ұйымдастырушы компаниядан бағалы силықтар мен сертификаттар алды.

Халықаралық конкурстың кезеңі 25-28 мамырда Беларусь елінде, Минск қаласында  өтті.

 

Жылсайын өтетін XIV Республикалық «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» атты студенттер конференциясының пленарлық мәжілісінің 5В042000-  мамандық бойынша қорытындысы.

2016  ғы 21-22 сәуірде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетінде жыл сайынғы «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» атты студенттер конференциясы болып өтті. Конференция жұмысы төрт секция бойынша жүргізілі:

·         1-ші секция– «Қоғамдық және тұрғын ғимараттар сәулеті» бойынша 19 баяндама тыңдалды, төрайымы – академиялық профессор Г.Р. Исходжанова;

·         2-ші секция– «Қалақұрылысы және ландшафт сәулеті» бойынша 25 баяндама тыңдалды, төрайымы – академиялық профессор, сәулет док. Н.Ж. Қозбағарова;

·         3-ші секция– «Сәулет теориясы мен тарихы» бойынша 20 баяндама тыңдалды, төрайымы – академиялық профессор, сәулет док. М.Б. Глаудинова;

·         4- ші секция– «Сәулет мамандығының базалық пәндері» бойынша 19 баяндама тыңдалды, төрайымы – академиялық профессор, т.ғ.к. Ш.А.Мухамедшакирова.

Конференцияда ҚР екі жоғары оқу орнынан 90 (83 баяндама) студент қатысты: Халықаралық Білім Беру Корпорациясы (ҚазБСҚА) және Қ.И.Сәтпаев ат. Қазақ ғылыми-техникалық зерттеу университеті.

Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар мына номинацияларға сәйкес марапатталды:

·         1-ші секция «Қоғамдық және тұрғын ғимараттар сәулеті» бойынша:

-      І дәрежелі диплом: Байзакова Айгерім, топ Арх-11-1, ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Г.С., сәул.д., академ. профессор;

-      II дәрежелі диплом: Матайбеков Амре, топ Арх-13-7, ғылыми жетекшісі: Исходжанова Г.Р., СФ деканы, сәул.канд., профессор., Кажибекова  Рамина, топ Арх-12-4, ғылыми жетекшісі: Приемец  О.Н., проф. ассисті;

-      III дәрежелі диплом: Қонысбек Салтанат, топ Арх-11-3, ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Г.С., сәул.д., академ. профессор; Кучма Анастасия, Штемке Валерия,  топ Арх13-9, ғылыми жетекшісі: Мурзагалиева Э.Т., проф ассисті;               Агаханова Элина, топ Арх-13-6, ғылыми жетекшісі: Атагулова Р.А., проф. ассисті;

·         2-ші секция– «Қалақұрылысы және ландшафт сәулеті» бойынша»:

-      I дәрежелі диплом: Чанышев Мади, топ Арх-13-6, ғылыми жетекшісі: Амандыкова Д.А., сәул.канд., ассоц.проф.;

-      II дәрежелі диплом: Сулайманова Шахназ, топ Арх-11-6**, ғылыми жетекшісі: Козбагарова Н.Ж., сәул.д., академ. профессор; Таирова Гүльсезім, топ Арх-11-8*, ғылыми жетекшісі Есенов Х.И., сәул.канд., ассоц.проф.;

-      III дәрежелі диплом: Балниязов Жарылқасын, Берикұлы Бекнар, топ Арх-12-9, ғылыми жетекшісі: Избасар М.Р., құрметті проф.; Нұралина Кұндыз, Куралбекова Жанерке, топ Арх-11-6, ғылыми жетекшісі: Брылова Л.С., проф. ассисті; Кемалбек Дария, Утянова Нұрлыгүл, топ Арх-11-6**, ғылыми жетекшісі: Туякаева А.К., сәул.канд., ассоц.проф.;

-      3-ші секция– «Сәулет теориясы мен тарихы» бойынша:

-      I дәрежелі диплом: Ким Алина, топ Арх-14-4,  ғылыми жетекшісі: Галимжанова А.С., өнертану докторы, ассоц.проф.;

-      II дәрежелі диплом: Төлеген Жайна, топ Арх-13-8**, ғылыми жетекшісі: Князева О.А., сәул.магистрі, проф. ассисті; Бородин Артём, Аманғос Жасулан, топ Арх-13-7, ғылыми жетекшісі: Амандыкова Д.А., сәул.канд., ассоц.проф.;

-      III дәрежелі диплом: Кыдырбекұлы Кымбат, топ Арх 14-6, ғылыми жетекшісі: Галимжанова А.С., өнертану докторы, ассоц.проф.; Сейлова Райхан, топ Арх-14-5, ғылыми жетекшісі: Галимжанова А.С., өнертану докторы, ассоц.проф.; Шадыбеков Темирхон, топ Арх-14-4,  ғылыми жетекшісі: Приемец О.Н., проф. ассисті;

-      4- ші секция– «Сәулет мамандығының базалық пәндері» бойынша:                   

-      I дәрежелі диплом: Әділақын Азамат, топ Арх-11-3, ғылыми жетекшісі: Мухамедшакирова Ш. А., ассоц. проф., т.ғ.к.;

-      II дәрежелі диплом: Емшанов Сергей, топ Арх-11-3, ғылыми жетекшісі: Мухамедшакирова Ш. А., ассоц. проф.,т.ғ.к.; Измайлов Важит, топ Арх-11-3, ғылыми жетекшісі: Журкабаева А. Б.,  проф. ассисті;

-      III дәрежелі диплом: Капушева Махфуза, Туматаи Дана, 2 курс, ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тюребаева К.И., Қ.Сатпаев ат. ҚазҒТЗУ; Кодекова Камила, топ Арх-13-10, ғылыми жетекшісі: Остапенко И.И., проф. ассисті; Глызно Евгения,  ФОС СТР-15-6,  ғылыми жетекшісі: Мантариди О.В., проф. ассисті.

 

 «ISOVER 2016  Мультикомфортты Тұрғын Үй жобасын жасау» атты Республикалық жылсайын өтетін Халықаралық студенттер конкурсының қорытындысы.

 

2016 жылдың 19 – шы сәуірінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде студенттердің Республикалық жылсайынғы өтетін «ISOVER 2016  Мультикомфортты Тұрғын Үй жобасын жасау» атты халықаралық конкурсының келесі кезеңі болып өтті. Тақырыбы: «Брест қаласындағы тұрғын ауданын дамыту, Беларусь».

Финалдық конкурсқа ҚР 5 жоғары оқу орнынан 21 команда қатысты: ХБК (ҚазБСҚА) -12 команда; Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ – 5 команда; ЕНУ, Астана – 2 команда; ҚарМТУ, Қарағанды – 1 команда; ШҚМТУ, Өскемен – 1 команда.

Қазылар алқасы: Салипов Е.К. – сәулетші, «Архипилаг» ЖШС компаниясының директоры; Мусаев Ж.М. - сәулетші, «Тетраэдр» ЖШС компаниясының директоры; Уваров Антон – «Сен-Гобен Қазақстан құрылыс өнімдері» ЖШС жобалау менеджері; Игорь Тяпкин - «Сен-Гобен Қазақстан құрылыс өнімдері» ЖШС компаниясының директоры.

Жүлдегерлер:

Бірінші орын – ХБК командасы (ҚазБСҚА) Чжен Валерия, Аманкельдиева Карима, Андрияшина Татьяна, сәулет фак. 4 курс студенттері, жетекшісі Приемец О.Н., проф. ассисті;

Екінші орын – ШҚМТУ 4 курс студенттері, И-хи-де Алина;

Үшінші орын – Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ 3 курс студенттер командасы, Ли Екатерина, Айдар Ерасыл.

Көтермелеу-ынталандыру жүлделері ХБК (ҚазБСҚА) командасына -  СФ 3 курс студенттері Чанышев Мади мен Саулетбаева  Айданаға тиесілі болды, жетекшісі Г.Р. Исходжанова, ассоц.проф. Сондай-ақ, Қ.И.Сәтбаев ат. ҚҰТЗУ 2 курс студенттері - Ешпанов Алихан, Совет Эрике, Жанбыршы Алибекке тиесілі болды.

Қалған қатысушылар ұйымдастырушы компаниядан бағалы силықтар мен сертификаттар алды.

Халықаралық конкурстың кезеңі 25-28 мамырда Беларусь елінде, Минск қаласында  өтті.

 I дәрежелі диплом

 II дәрежелі диплом

 III дәрежелі диплом

 

 

 

03.03.2016 ҚазБСҚА Сәулет Факультетінің студенттері үшін "Жобалар сараптамасы: процесс ерекшеліктерінің толық анықтауы" тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісші – сәулен ғылымдарының кандидаты, ҚР құрметті сәулетшісі, Қарманов Шымыр Досмурзаұлы, студенттерге сараптама жүргізу тәртібі туралы ақпараты, құжаттар құрамы, кейбір жобалау түрлерінің кезеңдері мен жобалар сараптамасының ерекшеліктерімен таныстырды. Дәріс аудиторияның қызығушылығын тудырды, дискуссия процессінде сұрақтар мен   қызықты өзекті мәселелер талқыланды. Осындай кездесулердің жиі өткізілуіне студенттер үміт білдірді

04.03.2016 ж.  АҚ «ҚазАэропроект» вице-президенті Ақбаев Айдын Серикұлы  «Бірегей ғимараттар сәулеті» пәніне ҚазБСҚА Сәулет Факультетінің 4-ші курс студенттеріне арналған дәріске шақырылды. Дәріс тақырыбы: «Алматы қаласындағы 12000 көрерменге арналған Мұз Аренасы: жобалау және іске асыру ерекшеліктері».

Дәріс барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында үлкен қызығушылық белгіленді. Дәріс соңында спорт нысандарың жобалаудағы талқылау және заманауи үрдістер туралы пікір алмасу болды. Дәріс барысында студенттер барлық жобалау кезеңдері туралы көбірек білді.Сейсмикалық жағдайында осындай нысандардың конструктивті шешімдер, Мұз Аренасының және де бірегей ғимаратын жүзеге асыру кезіндегі сипаттамалар және қиындықтары туралы танысты.

25.03.2016 ж. ҚазБСҚА Сәулет Факультетінің студенттеріне «Ғимараттарды жаңғырту және қайта құру кезінде инженерлік жабдықтарды іріктеудегі қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісші - Кореич Анастасия Андреевна «Asia techno-complect» ЖШС жетекші инженері.

Студенттер азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс жобаларының жабдықтары туралы, белгілі жабдықтардың пайдалану схемалармен, өрт сөндіру жүйелерін жаңғыртуының инженерлік іріктеу жолдарымен, осы саладағы ең ағымдағы тәсілдер жөнінде хабардарландырылды. Әңгіме барысында, ағымдағы тақырып бойынша қызу диалог өткізілді.

 

 

 

 

 

 

«KAZGORдың ҚазБСҚАмен кездесу күні»

2016 жылдың 30 науырыз күні 13 : 00 ден 17: 00 ге дейін  ҚазБСҚАның  ҒК мәжіліс залында «KAZGORдың  ҚазБСҚАмен кездесу күні» атты сәулеттік жобалау іс-шарасы болып өтті. Бағдарламаның бірінші блогындағы өзекті мәселелерге байланысты мына тақырыптарда баяндамалар жасалды: «Жасыл стандарттар; Энерготиімділік» және «BIM - Технологиялары», «Сәулетшінің конструктивті ойлау мүмкіндіктері». 

ҚазБСҚАда білім алып, KAZGORда  жобалау саласында жемісті еңбек етіп, біліктілігін  жетілдірген жас сәулетшілер Қазақстан сәулетінің дамып көркейуіне өз үлестерін қосуда.

KAZGOR жобалау Академиясының Президенті А.А. Татығулов «KAZGOR – Қазақстандағы жобалау ісінің көшбасшысы» атты тақырыпта өзінің презентациясындағы өзекті мәселелермен болашақ мамандар мен көрермендерді  таныстырды. Бас сәулетші Т.Е.Ералиевтің баяндамасы сәулетші мамандығының қыр-сыры жайлы, осы жиында айтылған бірқатар баяндамалар мен көрсетілімдердің бастамасы болды.

Бағдарламаның  екінші блогында  баяндамашылар өз мекемелерінде жасалған конкурстық жұмыстар мен жүзеге асырылған жобалар жайлы  мәлімдемелер берді. Сондай-ақ, Милан қаласында өткен EXPO-2015 және Астана қаласында сәулетке байланысты өтетін EXPO-2017 мәліметтерімен таныстырды.

Әрбір блоктағы баяндамадан кейін студенттер мен ПО құрамына өздерін қызықтырған мәселе бойынша сұрақтар қоюына мүмкіндіктер берілді. Қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, жауаптарға сәйкес бағалы силықтар берілді және KAZGOR  жобалау академиясының оқу орталығында білім алу курстарына қатысуға арнайы сертификаттар табыс етілді. Сертификаттар 50 % дық жеңілдіктермен берілді.

«KAZGORдың  ҚазБСҚАмен кездесу күні» іс-шарасын ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Өте қызықты да тартымды, сәулет саласындағы өзекті жаңа мәселелерімен ынталандыратын жаңа идеялармен таныстық, көрнекі материалдарымен толықтырылған баяндамалар кездесудің ерекше көңілді де жағымды өтуіне мүмкіндіктер тудырды. Шығармашылық табыстар мен сәулет саласында жаңа жетістіктер тілейміз.

   

 

 

 

 

 

 

   06.04.2016. КазБСҚА Сәулет Факультеті ағылшын тобтары студентерінің ХБК (КАУ) профессоры Фриджерио Альберто (Alberto Frigerio, PhD докторы, IMT, Institute of Advanced Studies Lucca (Италия) мен ғылыми-тәжіребелік семинары өтті. Семинар ағылшын тілінде өтті, оған студентермен қатар СФ деканы, профессор-оқытушылар кұрамы қатысты. Кездесу бағында “The destruction of cultural heritage in times of war” тақырыбы бойынша дәріс оқылып, презентация тақырыбына байланысты талқылау жүргізілді. Дәріс маңызды этикалық, саяси, сыртқы және ішкі жағдайларды ескерумен жасалатын, соғыс және террористік актылар кезеңдеріндегі әлемдік мәдени мұраларды сақтау тақырыбына арналды. Дәріс аясында тақырыпқа байланысты студенттер мен оқытуышылар қатысқан бейресми талқылау осы бақыттың әлемдегі маңыздылығын дәлелдеді. Ғылыми-тәжіребелік семинар үштілділік еңгізү бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде өтті. Студенттер осы кездесуді үлкен ынтамен қабылдап, дәріскер мен Сәулет Факультетіның басшылығына ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 ҚазБСҚА жанындағы лицей оқушысы А.М. Ганиеваның сурет көрмесі (06.04.2016)

 

 

 

2016 жылы  сәуір айының 06  күні Сәулет Факультеті холлында ҚазБСҚА лицейі оқушысы А.М. Ганиеваның сурет көрмесі болып өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары СФ академиялық профессоры Г.С. Абдырасилова мен СФ ассоциоланған профессоры А.К. Тұяқаева. Жас суретшінің шығармашылық көрмесін қызықтап көруге СФ студенттері, оқытушылары, сондай-ақ ҚазБСҚА жанындағы лицей және колледж оқушылары келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

«20-30-шы жылдары  Қазақстанда өнер жағдайжераударылған суретшілердің рөлі»

 

 

20-22-ші қаңтар аралығында 2016 ж., СФ ассоциалық профессоры, өнер докторы Ғалымжанова Ә.С. отыз минуттық  тұсау кесерінде ағылшын тілінде сөз сөйледі. «20-30-шы жылдары  Қазақстанда өнер жағдай, жер аударылған суретшілердің рөлі»атты халық аралық конференция «Museumglobal, Art 1904-1950» өтті. Конференция Дюссельдорф қаласының, қазіргі заманғы өнер мұражайы және Гейдельберг университетімен бірге ұйымдастырған. 19 сөйлеушілер синхрондық аудармасымен ағылшын және неміс тілдерінде сөйледі. Пікір алмасуға 60-тан астам өнер сарапшылары, университет профессорлары  Батыс Еуропадан шақырылған жоғары оқу орындары мен мұражай мамандары қатысты.

Конференцияны ұйымдастыру өте жоғары ғылыми деңгейде өтті, интернетте on-line-хабар тарататын каналда көрсетілді және халықаралық ғылыми қоғамы үлкен қызығушылық білдірді.

 

 

Факультетте диплом жобаларын қорғау жұмыстарының МАК Төрағалығына әрдайым ҚР белгілі сәулетшілері шақырылады, олар  ҚР еңбегі сіңген сәулетші, ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері, Халықаралық сәулетшілер академиясының академигі, Халықаралық «Абылай-хан» қорының президенті, ҚР құрметті сәулетшісі Валиханов Ш.Е.; ҚР еңбегі сіңген сәулетші, ҚазБСҚА құрметті сәулетшісі, «Урбостиль» ЖШС директоры Л.В. Нысанбаева; ҚР құрметті сәулетшісі, сәулет кандидаты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры  А.Ш. Чиканаев;  жобалардың бас сәулетшісі, сәулет кандидаты К.Т. Ибрагимова  және ЖШС «Градкомплекс» директоры Н.Г. Аужанов,  сондай-ақ, Қазақстан сәулетшілер одағының президенті, ҚР құрметті сәулетшісі А.И. Рустембеков.

Кадрлар мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында, жоспарланған тұрғыда түлектеріміздің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерде магистратурада оқып білім алуына бағыттау мәселесі факультетте үнемі жүргізіліп отырады: 2013 жылы шет ел университеттеріне сәулет факультетін бітірген 8 түлек жолдама алды: АҚШ -3; Ұлыбритания -2; Канада -2; Австралия -1.

Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы сәулет мектептерімен ынтымақтастық қатынастар қолдау табуда: АҚШ, Италия, Германия, Оңтүстік Корей т.с.с.  2011 жылы Барселона қаласында, студенттердің көне сәулет ескерткіштерімен танысу  практикасы  жазғы тәжірибе алу кезінде ассоц. проф. Б.Т. Балыкбаевтың жетекшілігінде өткізілді.

СФ студенттері үнемі халықаралық воркшоптарға қатысып отырады: 01.11.11 ж. - 0 3.11.11 ж. ҚазБСҚАда алғаш рет І –ші Халықаралық Workshop-2011 болып өтті, бұл іс-шараның  бағыттаушы – үйлестірушісі лауазымына  ҚазБСҚА акад. профессоры Г.М. Кисамедин тағайындалды. Бұл іс-шараға  қатысуға әр елдерден көптеген студенттер мен оқытушылар келді. ҚР 11 жоғары оқу орнынан және Оңтүстік Корей (Пусан қ.) студенттер қатысты. 2010-2011 және 2011-2012 (20-22 науырыз) оқу жылында 18 және 22 студенттердің жұмысы ландшафт сәулеті бойынша KazBild және «Көгалдандыру -2012»  көрмесінеөз жұмыстарын қойды. 2012-2013оқу жылында СФ студенттері профессор Н.Ж. Қозбағарованың жетекшілігімен жазғы оқу мектебінде воркшопта «Urban Living Room (Inner–City Revitalization in Chungju)» тақырыбы бойынша өздерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл іс-шара Корей Ұлттық көлік университеті аясында өткен болатын (KNUT,  Чунджу қ., Оңтүстік Корея).

Жылсайын «Сәулет» мамандығы халықаралық конкурстарда ҚазБСҚА студенттерінің жұмыстары «Үздік диплом жобалары» атты номинацияда І-ші және ІІ –ші дәрежелі дипломдармен  марапатталады. Бұл іс-шара СББҚКАҚМ (Сәулетте білім беруге қолдау көрсетудегі аймақаралық қоғамдық мекеме) бағытында өтті: 2011 ж. – Ереван қ. Армения – 15 диплом жобасы  және 1 магистрлік диссертация марапатталды, 2012 ж. – Красноярск, Ресей – 12 диплом жобасы, оның ішінде 2 СББҚКАҚМ жүлдегері және 2-уі магистрлер диссертациясы; 2013 – санкт Петербург, Ресей – 14 диплом жобасы марапатталды оның арасында бір дипломдық жоба және 2 магистерлік диссертация СББҚКАҚМ жүлдегері атанды. 2014 ж. – Баку қ. Әзірбайжан 15 дипломдық жоба жүлдегер атанды және олардың арасында СББҚКАҚМ жүлдегері және 3 магистерлік диссертация жүлдеге ие болды.

 

 

 

 

1     бет