ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

22

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЖАҢАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ҚАДАМДАР

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЖАҢАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ҚАДАМДАР

 

     Үстіміздегі жылдың жиырма бірінші жұлдызында Халықаралық білім беру корпорациясының Студенттер үйінде Жалпы Құрылыс факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Кенебаева Айнұр Керімқұлқызы, факультет профессорлары Пяк Олег Югиевич және Слямбаева Аймаш Коңырғазықызы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Маңызды кездесуге академияның және колледждің барлық курсының студенттері қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын студенттерге түсіндіру барысында қиын дағдарыс жағдайынан аман-есен өту үшін ҚР Президентінің Жолдауының маңыздылығы, қажеттілігі атап көрсетілді. Өткен жиырма бес жыл ішінде  Қазақстан бірнеше дағдарысты басынан өткізді. Екі дағдарысқа бетпе-бет тұрарлық жоспарлар орындалды. Қиын-қыстау жылдары Үкімет жолдарды жөндеуге және күтіп-ұстауға, қалалар мен селоларды аббаттандыруға 20 млрд. доллардай қаражат бөлді. ҚР Президентінің Жолдауында жаңа жаһандық әлемде болып жатқан өзгерістерге нақты көзқарастың керектігі жөнінде айтылды, алтын-валюталық ұлттық қордың қалыптасуы және  инвестициялық саясаттың өзгерісі туралы мәлімделді. Жолдаудың әлеуметтік бөлігінде денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақылары 28%-ға, білім беру саласында 29 %-ға, әлеуметтік қорғау саласында 40 %-ға өсетіндігі қарастырылған. ҚР Президенті Жолдауынының қорытындысында жастарды кәсіби жұмысшы мамандықтарын меңгеріп-үйренуге шақырды. Елбасы жаңа саяси бағдар болатын бес институционалдық реформаны анықтап берді. Оны жүзеге асыру үшін жүз нақты қадам сынақтың ең күрделі кезеңін сенімді өткізуге мүмкіндік береді. Жүз нақты қадам – ірі және ішкі ұран болумен бірге ұлт жоспары болып та табылады. Бұл нақты қадамдар білімге және алдыңғы қатарлы технологияларға сүйенеді. Нақты қадамдар құрылыс саласын да қамтыған, соған сәйкес баяндалған жүз нақты қадам студенттерге ой салды. Тартымды жасалған бейне-көрсетілім студенттерді баурап алды. Осы іс-шараны өткізуде және ой-пікірлерін бөлісуде студенттер деканы Әлмағамбет Гүлдана, Стр-14-4 тобының студенті Жексенгалиев Ерсайн, ИСС-14-11 тобының студенті Сеилов Меирлан белсенділік танытты. Кездесу өте қызықты өтті, көптеген сұрақтар қойылды. Әңгімелесуден кейін студенттер көздері жайнап, ойлана тарқасты.

 

Елбасының «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасы біздің елімізді дамудың жаңа тарихи сатысына шығаруы тиіс. Ұлт жоспарын орындау ел алдындағы елеулі міндеттерді шешу деген сөз. Бұл мемлекетіміздің озық 30 елдің қатарына кіруге жасалып жатқан қадамдарының бірі.

Дүниежүзілік банктің рейтингісіне сәйкес құрылысқа рұқсат беру индикаторы бойынша Қазақстанның алатын орнын жақсарту мақсатымен  Ұлт жоспары бойынша рұқсат алуды оңтайландырудың үш сатысы енгізілді. Бірінші саты бойынша – сәулет-жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екіншісі – сұлба жобаны 20 күнге дейін мақұлдау, үшіншісі – рұқсатты 10 күн ішінде беру қарастырылуда. Сонымен, тиісті барлық рұқсат 30 күн ішінде берілуі тиіс.

            Жалпы, бұрын құрылысқа рұқсат алу тәртібі 25 рәсімнен, дайындау кемінде 183 күнді талап етсе, қазір қолданыстағы заңнама талаптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл тәртіп 7 рәсімнен тұрады, рұқсат алу 16 күннің ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, басқарма тарапынан үш мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілді, атап айтқанда:

- «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», ол алты жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан алты құжат табыс етіледі;

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік нысандарын мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» он жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан жеті құжат табыс етіледі;

- «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын қайтадан қалпына келтіруге шешім беру» үш жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылып, өтініш берушінің тарапынан үш құжат табыс етіледі.

            Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» институттық реформасы бойынша 48-қадам «Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу» бойынша ресурстық әдісті енгізудің тәртібі бекітілді, яғни осыған сай жасалған 133 нормативтік құжат реттелді. Осы нормативтік құжаттарға сәйкес жаңа жобалардың жоба-сметалық құжаттарын ресурстық әдіспен есептеуді міндеттейтін нормалар келісім-шарттарда қарастырылатын болады.

            Ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі үш кезеңнен тұрады:

1-ші кезең: Нарықтық экономикасы дамыған елдердің сметалық нормаларының негізінде құрылысқа арналған сметалық нормаларды жетілдіру.

2-ші кезең: ВІМ жобалау технологиясы бойынша 3D форматтағы жобалық құжаттарды дайындау.

3-ші кезең: Бюджеттік қаржыларды тиімді жоспарлау үшін қажетті ресурстық сметалық нормалардың жүйесін жетілдіру.

            Осы үш кезең бойынша ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құны анықталып, құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі, технолгиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңарту қамтамасыз етіледі.

            49-қадам «кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еврокодтар жүйесін енгізу» бойынша Қазақстанда еврокодтар жүйесіне негізделген жаңа нормативтік база қалыптастырылды. Нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасына сәйкес кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына жаңа нормативтік базаларды енгізу жұмыстарын толықтай 2021 жылға дейін бітіру көзделген.

            Еврокодтар жүйесін қолданысқа енгізу үшін 2015-2025 жылдарға арналған құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары орталық атқарушы органмен әзірленді.

            Сонымен бірге мемлекеттік нормативтерді міндетті және ерікті түрлерге бөлу үшін Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 28-бабына тиісті түзетулер енгізілді.

            Сонымен, әлемдік өркениеттің биік белестеріне бет алған егемен еліміз бағыт-бағдарын тағы бір айқындап алды. Түпкі мақсат уақыт талаптарымен тағы да бір салыстырылды. Барлығымызға бірдей жүктелген осы жауапкершілікті ақтап шығайық.

Слямбаева А.Қ., Пяк О.Ю., ЖҚФ профессорлары                                     

Кенебаева А.К., ЖҚФ ТЖжХБ декан орынбасары