ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

16

қар

2018 жылдың 13 қараша айында Сәулет және құрылыс мамандықтары бойынша

толық >>

12

қар

2018 жылғы 8 қарашасында ҚазБСҚА командасы "DIGITAL POLYTECH" робототехника бойынша ашық қалалық байқауға қатысты!!!

толық >>

қараша

16

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Оқу блогы

Оқу блогы

 ҚазБСҚА студенттері тәжірибеден қайдан өтеді?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Қол қойылған келесімдер негізінде ҚазБСҚА студенттері 144 тәжірибелер базаларында және 38 факультеттер филиалардарында өтеді. Бұл негізінен танымал ұйымдар – Қазақстандағы және шетелдегі ірі кәсіпорындар, жеке компаниялар.

ҚазБСҚА ағылшын тілінде оқыта ма?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Иә, ағылшын тілінде оқытылатын топтар бар, мысал Сәулет Факультетінде.

ҚазБСҚА-да ЖОО гранттары бар ма?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Иә. ҚазБСҚА-да байқау негізінде демеушілердің білім беру гранттарының және академияның «Scholarships» арнайы стипендиясының иегері болуға болады.

Аталған гранттарға ие болу құқығына орташа жалпы және орташа кәсіптік білімі бар, ҚазБСҚА-ға түсу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеуді сәтті тапсырған, бірақ мемлекеттік білім грантын немесе кредитін алу байқауынан өтпеген, келесі шарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтары ие болады:

• білім аттестатындағы немесе дипломдағы орташа балл 4.0 төмен емес;
• Сәулет және Дизаун факультеттеріне түсушілерге шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл алу.
Грантты тағайындау кезінде басымдылық құқыққа ие болады:

 • жетім балалар;
• жағдайы нашар жанұялардан шыққан тұлғалар;
• көп балалы жанұядан шыққан тұлғалар (4 және одан да көп кәмелетке жетпеген бала бар болса).
«Scholarships» арнайы стипендиясы (мәтін бойынша әрі қарай – арнайы стипендия) ҚазБСҚА ақылы негізде оқитын, бірақ түрлі себептермен (жанұя жағдайы, денсаулық жағдайы, қаржылық мәселелер және т.б.) оқу ақысын төлеу мүмкіндігі жоқ ең дарынды магистранттарға тағайындалады.

ҚазБСҚА халықаралық мойындалды ма? ҚазБСҚА шетел серіктестері кім?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

2007 жылы ЮНЕСКО және Сәулетшілердің Халықаралық Одағы (СХО) тексеріс нәтижесінде ҚазБСҚА «Сәулет» (бакалавриат) оқыту бағдрламасын халықаралық стандарттарға сай деп таныды және ҚазБСҚА-ға халықаралық аккредитация туралы сертификат тапсырды. 2011 жылы ҚазБСҚА «Сәулет» (бакалавриат) білім беру бағдарламасының халықаралық аккредитациясын ұзартты

Қол қойылған келісімдер негізінде ҚазБСҚА 44 шетел серіктестермен қызметтеседі, олардың ішінде – АҚШ, Ұлыбритания, Германия; Франция; Швеция; Италия; Швейцария; Бельгия; Болгария; польша; Оңтүстік Корея, Қытай, Турция, Үндістан, Балтия елдері, ТМД және басқа елдердің университеттері, кәсіби одақтары, қауымдастықтар, қорлар, компаниялар.

ҚазБСҚА өз студенттерін шетелге оқуға жібере ме? Студенттер үшін қандай басқа сапарлар ұйымдастырылады?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Иә. Жыл сайын алмасу бағдарламалары бойынша байқау негізінде ҚазБСҚА 2 студенті Қолданбалы зерттеулер Университетіне (Германия, Эрфурт қ.) және 2 студент Сеул Университетіне (Оңтүстік Корея) жіберіледі.

Сонымен қатар, жыл сайын ҚазБСҚА 30-40 үздік студенттері жазғы танысу тәжірибесіне шет елдерге шығады (Египет, БАЭ, Италия, Қытай, Испания). Тағы да жылына екі реет (қысқа және жазғы демалыстарда) студенттер үшін шетел тіл мектептерінде ағылшын тілін оқыту (Ұлыбритания, Малайзия) ұйымдастырылады.

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарына түсу кезінде қандай шығармашылық емтихандар тапсырылады?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарына түсу кезінде сурет және сызудан шығармашылық емтихандар тапсырылады.

Бакалавриатта және магистратурада оқудың ұзақтылығы қандай?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

Бакалавриатта оқу ұзақтылығы – 4 жыл (Сәулет және Дизайн Факультеттерінде – 5 жыл).

Магистратурада профильдік бағыт бойынша оқу ұзақтылығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 2 жыл.

ҚазБСҚА-да қандай мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі?

05 наурыз 2013

Оқу блогы

БАКАЛАВРИАТ (КҮНДІЗГІ, СЫРТТАЙ ОҚУ ТҮРІ):
5В042000 – Сәлет (күндізгі оқу түрі)
5В042100 – Дизайн (күндізгі оқу түрі)
5В072900 – Құрылыс
5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарды және құрылымдарды өндіру
5В072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
5В071100 – Геодезия және картография
5В050600 – Экономика
5В050800 – Есеп және аудит
КОЛЛЕДЖ (КҮНДІЗГІ, СЫРТТАЙ ОҚУ ТҮРІ):
1418000 – Сәулет (күндізгі оқу түрі)
0402000 – Дизайн (профилі бойынша) (күндізгі оқу түрі)
0515000 – Менеджмент (қолданылу салалары мен облыстары бойынша)
0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша)
0519000 – Экономика (салалар бойынша)
0713000 – Геодезия және картография
1401000 – Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану
1404000 – Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тазартқыш құралдары
1412000 – Құрылыс бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
1414000 – Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)
1514000 – Экология және табиғи қорларды оңтайлы пайдалану (салалар бойынша)
МАГИСТРАТУРА; КҮНДІЗГІ ОҚУ ТҮРІ:
6М042000 – Сәулет
6М042100 – Дизайн
6М050600 – Экономика
6М050700 – Менеджмент
6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
6М071100 – Геодезия
6М072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
6М072900 – Құрылыс
6М073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру
6М073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау