ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Негізгі бет → Оқу-әдістемелік бірлестігі → ОӘБ-нің қысқаша тарихы

ОӘБ-нің тарихы

ОӘБ-НІҢ  ТАРИХЫ

 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сәулет-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ)

 

1.    Алғаш рет ОӘБ инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша 1988 жылы КСР халыққа білім беру мемлекеттік комитетімен ұйымдастырылды (төрағалар - Байболов С.М. және Атрушкевич П.А.) ОӘБ құрамына 9 ЖОО кірді.

 

2.    1991-1993 жж АСҚИ-ҚазБСҚА МИСИ негізінде ұйымдастырылған құрылыс университеттері Қауымдастығының мүшесі болды.

 

3. Қазақстан Республикасының білім министрлігінің 22.12.1993ж. №505 бұйрығы (№67 13.03.1996ж.) бойынша 1993 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік кеңестері құрылып, бекітілді. Министрдің осы аталған бұйрығымен ОӘБ-нің қызметінің типтік ережелері және олардың құрылымы бекітілген. ҚазБСҚА ҚР жоғары оқу орындарының сәулет-құрылыс мамандықтары бойынша базасы болып анықталған (бұл уақытта инженерлік-құрылыс және сәулет мамандықтары бойынша  2 ОӘБ болған болатын). ОӘБ құрамына 14 ЖОО кірді.

 

4.   2002 жылы ҚР БҒМ-ің 31.07.02 ж. №589 бұйрығымен ОӘБ-ің қызметінің ережелері және 09.12.2002 ж. №653 бұйрығымен ҚР жоғары оқу орындарының ОӘБ-ің ұйымдастрырушылық құрылымы бекітілген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы құрылыс және сәулеттің 16 бағыты мен мамандығы бойынша негізгі ЖОО болып анықталған.

 

         5. 2003 жылы ОӘБ таратылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы №42 бұйрығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық Оқу-әдістемелік кеңес туралы ереже бекітіліп, «Оқу-әдістемелік секция» (ОӘС) түсінігі енгізілді.

 

        6. «Білім туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2003 жылғы 23 қаңтардағы №42 бұйрығының күші жойылды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 2 қазандағы № 1-05-4 / 2252 бұйрығы).

 

        7. 2005 жылы 2005 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрық мынаны бекітті:

- РОӘК туралы ереже (ЖжКБ);

- ҚазБСҚА ректоры А.А. Құсайынов қосылған Кеңес құрамы;

- ЖжКБ-дің мамандандықтары топтары бойынша ОӘС-лар тізімі.

 

        8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 «Білім беру және әдістемелік жұмысты жетілдіру шаралары туралы» бұйрығымен жоғары оқу орындарында оқу-әдістемелік бірлестіктер қызметі туралы ереже бекітілді.

 

        9. 2009 жылы ҚР БҒМ-ің 31.07.09 ж. №367 бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары тобы бойынша ОӘБ-ің жаңа тізімі бекітілген. Бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарының «Өнер» мамандықтары («Сәулет» және «Дизайн») және «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» («Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (АӨжАБТ)», «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру (ҚМБжКӨ)») мамандықтары тобы бойынша ЖОО ретінде ҚазБСҚА анықталған.

 

         10. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығымен (2014 жылғы 19 тамыздағы өзгерістер мен толықтырулармен) және (15.01.2016 ж. бойынша толықтырулар) бекітілді:

1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы Ереже;

2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы;

3) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының топтары бойынша ОӘС-ның тізімі.

 

ҚР БжҒМ РОӘК құрылымына Халықаралық білім беру корпорациясы келесі мамандықтар бойынша кіреді:

 

Негізгі университеті

Мамандықтар тобы

Мамандықтың коды және атауы (бакалавриат, магистратура, докторантура)

Халықаралық

білім беру

корпорациясы

Өнер

Сәулет– 5В042000,  6М042000, 6D042000

Дизайн – 5В042100, 6М042100, 6D042100

Инженерлік ғылым және технология

 

Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) – 5В072500, 6М072500, 6D072500

Құрылыс– 5В072900, 6М072900, 6D072900

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 5В073000, 6М073000, 6D073000

 

11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығының қайта шығарылуымен «Оқу-әдістемелік бірлестігі» 2014 жылғы 19 тамыздан бері қайтарылды.

 

Бүгінгі күні ОӘБ-ің құрамына 39 ЖОО кіреді: «Сәулет» мамандығы бойынша 9 ЖОО-да, «Дизайн» мамандығы бойынша –29 ЖОО-да, «Құрылыс» мамандығы бойынша –22 ЖОО-да, ҚМБжКӨ мамандығы бойынша – 11 ЖОО-да және АӨжАБТ мамандығы бойынша – 2 ЖОО-да мамандар дайындалуда. 

2003 жылдан бастап ОӘБ-ің отырыстары жылына 2 рет өткізіледі, оның ішінде бір көшпелі мәжіліс ОӘБ құрамына кіретін бір аймақтық ЖОО негізінде өткізіледі. Сонымен, 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті негізінде, 2004 жылы – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, 2006 жылы – Атырау мұнай және газ институтында, 2007 жылы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, 2009 жылы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, 2010 жылы – М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, 2011 жылы – Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, 2012 жылы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, 2014 жылы – С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде, 2015 жылы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, 2016 жылы – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде, 2017 жылы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде ОӘБ-ің көшпелі мәжілістері өткізілген.

  

 

 

 

 

2000-жылдан бастап ОӘБ шеңберінде жыл сайын сәулет-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтар бойынша бітіру жұмыстарының Республикалық байқау-конкурстары өткізіліп тұрады. Ал 2009 жылдан бастап Еуразиялық сәулет-құрылыс мектептерінің Халықаралық фестивалі өткізіледі:

- сәулет-құрылыс мектептерінің I-ші Халықаралық фестивалі 2009 жылы Малтепе университеті негізінде (Түркия, Стамбул қаласы) өтті; 

- II-ші Халықаралық фестиваль – 2011 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы негізінде өтті (Қазақстан, Алматы қаласы);

- III-ші Халықаралық фестиваль – 2013 жылы Йылдыз техникалық университеті негізінде өтті (Түркия, Стамбул қаласы);

- IV-ші Халықаралық фестиваль – 2014 жылы Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті негізінде өтті (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ. – Ыстық қөл);

- V-Халықаралық фестиваль – 2015 жылы Romualdo del Bianco қорының қолдауымен өтті (Италия, Флоренция қаласы);

- VI-Халықаралық фестиваль – 2016 жылы Таяу Шығыс университеті негізінде (Солтүстік Кипр, Лефкоша қаласы) өтті;

  

 

 -   VII-Халықаралық фестиваь – 2017 жылы Самара мемлекеттік техникалық университетінің Сәулет-құрылыс институты (Ресей, Самара қаласы) базасында өтті.