ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Хабарлама

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! БАЙҚАУ!!!

 17.09.2018 

Жаңалықтар

Негізгі бет → Талапкерлерге → Қабылдау ережелері

Колледжге қабылдау ережелері

Колледжге түсуге онлайн – сұраным


Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 қаулысымен бекітілген) негізінде дайындалды

2013 жылы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы Колледжге

қабылдау ережелері

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (әрі қарай - ҚазБСҚА) орта (негізгі, техникалық және кәсіптік), жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлау, ПОҚ қайта даярлау (біліктілікті арттыру) жүргізеді.

2. ҚазБСҚА-да күндізгі, сырттай оқу түрлері бойынша білім береді.

3. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

2. ҚазБСҚА жанындағы Колледжге қабылдау тәртібі

4. Колледжге негізгі жалпы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

5. Колледжге күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша келесі мамандықтарға қабылдау жүргізіледі:

1418000 – Сәулет (күндізгі оқу түрі)

0402000 - Дизайн (профилі бойынша) (күндізгі оқу түрі)

1401000 – Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану

6. Колледжге күндізгі оқу түріне түсетін азаматтардан өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Күндізгі оқу түріне қабылдау емтихандары 1-28 тамыз аралығында, ал сырттай оқу түріне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

1418000 - Сәулет, 0402000 - Дизайн мамандықтары бойынша күндізгі оқу түріне құжаттар қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін, ал арнайы (шығармашылық) емтихандар 21-28 шілде аралығында жүргізіледі.

7. Колледжге түсушілер қабылдау туралы өтінішімен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086-У формасы бойынша медициналық анықтама мен флюросуретті (I және II топ мүгедектері және бала кезінен мүгедектер – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын), 3x4 өлшемді 6 фотосуретті, ал ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектеп түлектері ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижелері туралы сертификатты тапсырады. Түсуші тұлғасын растайтын құжаттарын өзі тапсырады (жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлік). Оқу түрлері бойынша түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және есептеледі.

8. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты орны бойынша тіркелу туралы белгісі бар статусын анықтайтын құжатты ұсынады: шетел азаматы – ҚР-да тұру рұқсаты; азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; босқын – босқын куәлігі; пана іздеушілер – пана іздеуші тұлғаның куәлігі; оралман – оралман куәлігі.

9.  ҚР-да уақытша тұратын адамдар тұлғасын растайтын құжаттардың көшірмесін немесе миграциялық карта көшірмесін ұсынады.

10. Кешенді тестілеу сертификатын (ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысқан алдыңғы жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификаты (ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру түлектері) ұсынған тұлғалар қабылдау емтихандарынан босатылады және 100 тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес байқауға жіберіледі.

11. Колледжге түсушілерге арналған қабылдау емтихандары:

• үш пән бойынша (жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін) жалпы орта білім беру оқу бағдарламалары көлемінде (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша пән), оның ішінде:

• 1418000-Сәулет, 0402000-Дизайн мамандықтары үшін - қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы;

• 1401000- Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану мамандығы бойынша - қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика;

• екі пән бойынша (негізгі орта білімі бар тұлғалар үшін) негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары көлемінде (қазақ/орыс тілі және мамандық профилі бойынша пән), оның ішінде:

• 1418000-Сәулет, 0402000-Дизайн мамандықтары үшін - қазақ/орыс тілі;

• 1401000- Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану мамандығы бойынша - қазақ/орыс тілі, математика;

• мамандықтың профилдік пәні бойынша (мамандық профиліне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін).

• сұхбаттасу түрінде (мамандық профиліне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін).

1418000-Сәулет және 0402000-Дизайн мамандықтарына түсушілер екі шығармашылық емтихан тапсырады - сурет, сызу.

Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша «қанағатсыз» бағасын алған немесе себепсіз емтиханға қатыспаған тұлғалар басқа емтихандарға жіберілмейді.

Қабылдау емтихандарының түрін білім беру ұйымы бекітеді.

Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:

1)   тестілеу түрінде әрбір пән бойынша тестілік тапсырмалар (сұрақтар) саны 25. Әрбір тестілік тапсырма үшін дұрыс жауап 1 балл. Үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша - 1 сағат 30 минут бөлінеді. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу аяқталған соң ілінеді. Тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;

2) емтихандар түрінде өткен қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша пәндерден алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша баллдарға ауыстырады: "3" бағасы - 8 балл, "4" бағасы - 17 балл, "5" бағасы - 25 балл.

12. Бірегей талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тестілік тапсырмаларды (сұрақтарды) және пәндер бойынша емтихандарды бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

Тестілеу немесе пәндер бойынша қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға құқы бар.

Қабылдау комиссиясына апелляция қабылдау емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейінгі келесі күні  сағат 13-00 дейін беріледі және содан кейін апелляциялық комиссия мен өтініш берушінің қатысуымен қарастырылады да, шешім қабылданады.

Тестілеуді немесе пәндер бойынша қабылдау емтиханын қайта тапсыруға болмайды.

13.  Күндізгі оқу түріне оқушыларды қабылдау байқау негізінде 25 - 30 тамыз аралығында, сырттай оқу түріне 15 - 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Байқау өткізіледі:

ағымдағы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде;

Қазақстан Республикасы ЖОО түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде;

колледж өткізген пәндер бойынша немесе тестілеу түрінде өткен қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде;

қабылдау байқауын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген үш пәннің баллдар сомасы ескеріледі.

Оқушылар құрамына қабылдау байқауынан келесі балл алған тұлғалар өткізілмейді:

екі пән бойынша 20 баллдан аз, үш пән бойынша 30 баллдан аз – негізгі жалпы білімі бар тұлғалар үшін;

үш пән бойынша 30 баллдан аз, төрт пән бойынша 40 баллдан аз – жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін;

 ҚазБСҚА жанындағы Колледжге қабылдау және құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы мәселелер бойынша Қабылдау комиссиясына жолығуыңызды өтінеміз 309–77–33, 380-06-66  (ҚК жауапты хатшысы – Манасова Бакыт Сериккуловна).