ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

22

Мам

2018 жылдың 16 мамырында ҚазБСҚА-да Академия оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Тараз және т.б. Қазақстанның қалаларының ірі жобалау ұйымдарының инженерлер мен сәулетшілері үшін ҚазБСҚА-да «LIRA-САПР программа арқылы құрылыс құрылымдарын жобалауы: 2018 нұсқалары» атты семинары өтті.

толық >>

21

Мам

НААР-2018 рейтингтерінің қорытындысы бойынша

толық >>

мамыр

24

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → ЖОО арасындағы Қалалық волейбол жарысы

ЖОО арасындағы Қалалық волейбол жарысы

         22.04.2016ж. Асфендияров атындағы медициналық университетте волейболдан қыздар арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ЖОО арасында қалалық жарыс өткізілді. Осы аталған жарысқа ҚазБСҚА қыздар құрама командасы қатысып жүлделі 2-орынға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарыс жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

 

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Президенттік тест сынамаларын тапсырудан  өткен жеңіл атлетикалық жарыс.

 

           2016 жылдың,  қазан айының 12 күні,  ҚазБСҚА спорт клубында, ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Президенттік тест сынамаларын тапсырудан 1,2 курс студенттері арасында жеңіл атлетикалық жарыстың ашылу салтанаты болды.                 

           Бірінші курс студенттері үшін алғашқы жарыс болды. Жарысқа қатысушыларды қолдау үшін курстастары мен достары келді. Жарыстың ашылу салтанатын бишілер тобының, әдемі билеген биі қыздыра түсті. 

       Командалар арасында өте тартысты сайыс болды, қайталамалы жүгірістің қорытындысы бойынша, күшті командалар анықталды. Олар:

1-орынды «Акула» командасы;

2-орынды «Высота» командасы;

3-орынды «М-1» командасы иеленді.

       Бұдан бөлек екі қыздар құрама командасы қатысты, олар әр факультеттің студенттері, соған қарамастан бірлікпен, спорттық рухты көтерді. Жарыс тәртібіне сәйкес,ары қарай жекелеген сынақ түрлері бойынша жалғасты.

Орнынан ұзындыққа секіруден, ең күшті үш студент жүлдегер атанды.

      Ұлдар арасында:1-орынды Деревянкин К. (КСЗЭС -15-3), 2-орынды Сулейманов А. (Стр-16-1), 3-орынды  Шерниязов А. (Арх-16-8) иеленді.

          Қыздар арасында: 1-орынды  Омарова Г. (Стр-16-5), 2-орынды  Рудакова Е.(КДиз-16-3), 3-орынды  Корниенко Э. (КАрх-16-6) иеленді.

         Қолды бүгіп жазудан ұлдар арасында: 1-орын Шакен Р. (КК-16),

2-орын Алибеков Д (Стр-16-10), 3-орын Исаев А. (Стр-16-5) иеленді. 

         Секірмемен секіруден қыздар арасында: 1-орынды Султанова Д (Стр-16-1),

2-орынды Исмандос  Д. (Стр-16-1), 3-орынды Фазылова Ф. (ТДО-15-2) иеленді.

Кермеге тартылу,  ұлдар: 1- орынды Алиев Р.(КСЗЭС-15-2), 2-орынды Юн С. (Арх-15-4), 3-орынды Аубакир А. (Стр-16-3) иеленді.

Жатып бөксені көтеру-қыздар: 1-орынды Лукянцева Н. (Стр-15-9), 2-орынды  Оразалина У. (Стр-15-1), 3-орынды Фызылова Ф. (ТДО-15-2) иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтамалар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Президенттік тестің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау,студенттерді дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Бұл жарыстың мақсаты орындалды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз, зор денсаулық, оқуда табыс, келесі жарыстарда жеңіске жетуге тілектеспіз.

  

ассит.проф. Сактаганова М.Х.

 

 

 

                                             Спорттық  мереке  өтті !!!                                                        

   2017 жылдың 27 қаңтарында,  ҚазБСҚА спортклубы  оқытушы және профессорлар құрамы мен ХБК қызметкерлерінің  дәстүрлі 17-ші спартакиадасын өткізді, жарыс 28-ші қысқы Универсиада-2017-ге арналды. 

         ҚазБСҚА  оқытушыларына Спартакиадаға белсенді түрде қатысу жақсы дәстүрге айналды.  Жарыс төмендегідей спорттың 7 түрінен өтті: волейбол, стол теннисі, эстафета, флешмоб, шахмат, дартс, баскетбол.

         Флешмобтан өткен  жарысқа дайындық жаттығуларын арнайы музыкамен  орындау - көңілді әрі қызғушылықпен өтті, өте шеберлікпен орындап көзге түскен қызметкерлер төмендегідей орындарға ие болды: 1 орын – Мандыбаева К.Я. – кітапханадан; 2 орын – Валиуллина М.Б. – кітапханадан; 3 орын – Мауленов Ж.К. – ЖҚФ-нен.

      Эстафеталық жарысқа командалар  құмарлықпен және ешқандай жасынды қимылсыз құштарлықпен қатысты. Бірыңғай жарысқанымен уақытына қарай жүлделі орындар төмендегідей:  1-орын –ТИжМФ, 2-орын – ЖЖҒДФ, 3-орын - ЖГДФ;                                                                                                                                                         Волейбол жарысында С.О.Оспанов бтаған ЖҚФ-не тең келер ешқандай команда болмады, күміс жүлдеге  ЖҚБ-нің командасы ие болды, ал қола жүлдені Ж.А.Адилова бастаған ҚазБСҚА лицейі иемденді.

     Ерлер мен әйелдер арасында өткен үстел теннисі жарысы өте тартысты өтті. (ерлер арасында ) 1 орын – Ахметкаримов Н.Е. – СФ, 2 орын – Брянцев А.А. – ЖҚФ, 3 орын – Мәуленов Ж.К. – ЖҚФ. Әйелдер арасында 1 орын – Акшалова Б. - ЖГДФ; 2 орын – Ибраева Ж.Т. - ЖЖҒДФ, 3 орын – Галиева А. КазБСҚА ішіндегі Лицей.

    Сонымен қатар , аса қызығушылықпен мұғалімдерде жаңа жарыс – Дартс ойынынан сайысқа түсті. Жарыс жеңімпазы Алдибекова К.А. – КазБСҚА  лицейінен, күміс жүлдені иеленген – Ельшимбаева Г.А. – КазБСҚА лицейінен, ал қола жүлде иегері Брянцев А.А. – ЖҚФ-нен.

     Шахмат ойынан алғашқы екілікті біздің ардагерлеріміз иемденді: 1 орын – Оспанов С.О. – ЖҚФ, 2 орын – Мәуленов Ж.К.- ЖҚФ. Ал 3 орынга жаңа бастап жүрген,болашағынан  үлкен үміт күтетін ойыншымыз  Кусаинов О.Б. –ЖЖҒДФ. 

      Баскетбол түрінен мұғалімдер топтық сайыста, допты сақинаға дәл түсіруімен сайысқа түсті , алған ұпайларының санына қарай ойыншылар төмендегідей: 1 орын - ҚТжМФ , 2 орын- ЖЖҒДФ, 3 орын –ЖҚФ.

       Жарыс жеңімпаздары  мақтау қағаздырымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

       Жарыста бар қатысушылар саны 78 адамды құрады.

      Спартакиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!!!

 

СК нұсқаушысы, КСРО спорт шебері          Югай И.В

                                                                                                                                Аударған  Айманбетов Б.Ж. 

 

 

 

 

 1    2    3       бет