ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

22

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Геодезия және картография мамандығы туралы ақпарат

Геодезия және картография мамандығы туралы ақпарат

 5В0711-«Геодезия және  картография» мамандығы – бакалврлады объектілердің орналасуларын және оларды кеңістік пен уақытта басқаруды; геодезиялық қаматамасыз етудің бүгінгі күнгі технологияларын жасауды; геодезияның және онымен байланысты ғылымдардың (гравимертия мен Жер кескіні теориясының, ғарыштық геодезия және астрономияның) - басты ғылыми мәселесі – Жер кескінін параметрлері (оның пішіні мен мөлшерлерін) анықтауды, сыртқы гравитациялық өрісті және оның уақыт бойынша өзгеруін  анықтауды; глобалдық, ұлттық (мемлекеттік) және жергілікті жоғарғы дәлдікті тіректік геодезиялық торларды астрономдық-геодезиялық, гравиметриялық және глобалдық навигациялық серіктік жүйелерді (ГЛОНАСС, GPS және т.б.) кешенді түрде қолданып құруды; түрлі мақсаттағы  және масштабтағы арнайы сандық карталарды және басқа картографиялық өнімдерді жасау жасау үшін дайындауды қарастырады.

Оқыту барысында студент келесі пәндер бойынша білім алады: жалпы білім беру пәндер циклі, Қолданбалы мәселелерді бағдарлау, Геодезия, Жоғарғы геодезия, Картография, Сандық картографиялау, Геодезиялық астрономия, Фотограмметрия, Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ),  Жерді қашықтықтан зерделеу, Картографиялық-геодезиялық өндірістің экономикасы, Геодезия мен картографиядағы еңбекті қорғау.

Түлектің квалификациясы: қолданабалы мәселелерді шешу үшін ГАЖ-ді пайдалану, Геодезиялық торларды құру және жетілдіру,  GPS-қабылдағыштарды қолданып түсіру, Пландар мен карталарды жасау мен жаңарту, Геоедезиялық жұмыстарды ізденіс, құрылыс салу, түрлі объектілерді қайта құру кезінде жүргізу, Жерге оналастырушылық және кадастрлық жұмыстар.

Түлек, Жер ресурстарын басқару агенттігінде; «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» РМКҚ-да;  «МАШАГЗИ»-де;  «Кагеокарт» РМКҚ-да; «Оңтүстікгеодезияда»; «Батысгеодезияда»; «Шығысгеодезияда»; «Солтүстікгеодезияда»;

Аймақаралық жер инспекцияларында; Жобалау институттарында;  Жер қатынастарын басқару орындарында;  Жерге оналастырудың мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталықтарында; Қалалардық коммуналдық қожалықтарында; Құрылыс компанияларында; Мұнай-газ салаларында қызмет ете алады.

-«Геодезия және  картография» мамандығы мамандарды дайындауға шамамен 50 оқытушы қатысады, олардың ішінде 35 оқытушы ғылыми дәрежеге ие.

Мамандық материалдық-техникалық базамен жақсы жабдықталған. Оған мына жабдықтар кіреді: лицензиялық ArcGIS 9.2 және  ERDAS бағдарламларымен қамтамасыз етілген ГАЖ орталығы мен Сандық картография лабораториясы; TrimbleR7 GPS қабылдағыштары; Trimble фирмасының М3 электрондық тахеометрлері, АҚШ; Швейцариялық  «Leica» фирмасының ТS02 тахеометрлері,  сонымен қатар, түрлі маркалы нивелирлер мен электрондық және оптикалық теодолиттер.

Теориялық білімді нығайтып, практикалық дағдылану және іс жүзінде жұмыс әдістерімен танысу үшін студенттер өндірістік практиканы практика базаларында өтеді. Олар Алматы қаласының геодезиялық және картографиялық кәсіпорындарында орналасқан.

Мамандықтың оқытушылары келесі шетелдік оқу орындарының әріптестерімен қарым қатынаста:

1. Патшалық техникалық университеті ПТИ (Стокгльм қ., Швеция);

2.Батыс Венгрия университеті (г.Шехесрехервар,Венгрия);
3. Валенсия Техникалық университеті, (Валенсия қ., Испания);

4. Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, транспорт және сәулет университеті   (Бишкек қ., Қырғыз Республикасы);

5. Сібір Мемлекеттік геодезиялық академиясы (Новосибирск қ., Ресей).

6М071100-«Геодезия» мамандығы техника және технология магистрлерін 6М071100-«Геодезия» мамандығы бойынша 1,5 жыл көлемінде (кәсіптік бағыт) және техникалық ғылымдар магистрлерін «Геодезия» мамандығы бойынша 2  жыл көлемінде (ғылыми-педагогикалық бағыт) дайындауды қарастырады.

 

Оқу барысында студент Психология, Басқару және Философия тарихы сияқты негізгі пәндерден басқа келесі салалық пәндерді өтеді: Глобалдық навигациялық серіктік жүйелер, Геодезия және картография саласындағы ГАЖ, Жерді қашықтықтан зерделеу, Мемлекеттік геодезиялық торларды жетілдіру әдістері, Геовизуализациялау, Қателіктер теориясы, Кеңістіктік талдау.