ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

Факультет өмірі

 2017 жылдың 23 қазанында және 14 желтоқсанында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  студенттері мен ЖББПФ оқытушылары «Қазақстан» телеарнасы «Дара жол» телебағдарламасының көрермені болды. Бұл бағдарлама өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген елімізге және шетелдерге танымал тұлғалардың өміріне арналған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  студенттері мен ЖББПФ оқытушылары ауыл шаруашылығы ісінің үздігі, агроном, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмахамбет Айтуғанов және жазушы, драматург, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков қатысқан бағдарламаларға куә болды.

 

 

 

 

 

 

 Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыру ҚазБСҚА ұжымы үшін салт-дәстүрге айналған. 31 наурызда өткен мерекелік жиынға оқу ордасының барлық факультеті профессор оқытушылары мен қызметкерлері  және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Көктемнің осы бір шуақты күні жалпы жаратылыстану ғылыми дайындық факультеті ұжымы ынтымақ пен татулықты ту етіп, Қазақстан Республикасында тұратын 140-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің наурызды қарсы алу дәстүрінен үзінділер көрсетті.