ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

Әдістемелік жұмыс

 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

 

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

- оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру, пән мазмұнын оңтайландыру, оқу-танымдық қызметті белсендіру;

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ОӘПК (ТОБ, ЖБ, ӘӘҚ, АҮМ, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі, білімді бақылауға арналған материалдар) толықтыру болып табылады.

Факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің қызметі және ПОҚ жүргізген жұмыстары:

- оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру;

- факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және талдап қорыту;

- оқу үдерісіне ақпараттық оқыту технологиясын енгізу және оқытудың замануи техникалық құралдарын қолдану;

- оқу құралдары, оқулықтар мен электронды оқулықтарды талқылау және баспаға ұсыну.

Факультетте төрт секция жұмыс істейді: қазақ, ағылшын және орыс тілдері, әлеуметтік ғылымдар.

Факультет ПОҚ факультет пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешенді жүйелендіру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Күн сайын факультеттің ПОҚ факультет пәндері бойынша толық оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтуды жүзеге асырып, әдістемелік әдебиетпен қамту карталарын, тест тапсырмаларының банкі, емтихан сұрақтарын құрастырады, рейтингке материалдар, активті үлестірмелі материалдар, Power-Point-та сабақ материалдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.

Айына бір рет ПОҚ білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін көтеретін қазіргі білім беру технологиялары мен оқыту әдістері талқыланатын әдістемелік семинар өткізеді. Әдістемелік семинарда оқытушылар тәжірибелерімен бөліседі. Семинарлардың өзекті тақырыптары және сипатталған оқыту технологиялары басылымға және оқу үдерісінде қолдануға ұсынылады. 

Бекітілген кесте бойынша әр семестрде факультет пәндері бойынша оқу сабақтарының бейнепрезентациялары өткізіледі. Ашық сабақтардың бейнепрезентациялары талданады және талқыланады.  

ЖББПФ ПОҚ педагогикалық шеберлік орталығы базасында («Өрлеу», Тұран-Профи) және оның филиалдарында, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарында жаңа біліктілікті көтеру бағдарламалары бойынша курстарға қатысады.

Тәжірибелі оқытушылар жас оқытушылардың тәлімгерлері болып табылады және олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ факультеттің сапалы кадрлар құрамын қалыптастыруда және дәріс, семинар және практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарына қатысады.

Факультет оқытушыларының мамандарды дайындауда әдістемелік әдебиетпен қамту мақсатында жыл сайын оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар, сондай-ақ оқу үдерісін оңтайландыруда баға жетпес көмек көрсететін практикалық (зертханалық) сабақтарды, СӨЖ, ОСӨЖ орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар шығарады.

Академия Президенті А.А.Құсайновтың жетекшілігімен «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» дайындалды. Оны оқу үдерісіне енгізу мақсатында «Тілдерді білуді кешенді бағалаудың жан-жақты критерийі» бірнеше рет талқыланды және жетілдірілді. Сәулет-құрылыс терминдерінің 4-томдық қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі түсіндірме сөздігін дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Тілдік пәндердің оқытушылары А.А.Құсайыновтың жетекшілігімен 3 тіл бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) сабақта қолданылып жүрген лингвокешен дайындады. 

Факультеттің әдістемелік кеңесі қызметінің мәселелері факультеттің Әдістемелік Кеңесі мәжілісінде қарастырылады, талқыланады және бекітіледі.