ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

15

Жел

Қазақ-Америка университеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

толық >>

12

Жел

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сандық Қазақстан» және «Қоғамдық сананы жаңғырту» (Рухани жаңғыру) Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау үшін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының базасында «BIM технологиясы: ғимараттарды ақпараттық модельдеуді енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында мамандандырылған дәрістер топтамасы ұйымдастырылды. Лектор - СГУГИТ доценті, BIM технологиясы бойынша жетекші сарапшы, қазіргі заманғы дизайн және құрылыс практикасында BIM-ді енгізу бойынша белгілі сарапшы, көптеген (200-ден астам) басылымдардың авторы Владимир Васильевич Талапов.

толық >>
Негізгі бет → ҚазБСҚА хабаршысы

ҚазБСҚА хабаршысы

  

Мақаланы рәсімдеудің ережесі

 

1.     Ғылыми жұмыс мынадай түрде безендірілуі тиіс:

-          ӘӨЖ (қою шрифпен емес), ӘӨЖ бірге ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) кодын көрсетуі керек;

-          Мақала тақырыбын безендіру (үш тілде)

-          Аты, әкесінің аты, фамилиясы1;

-          1Автордың (авторлардың) жұмыс орны (үлгіні қараңыз)

-          Мақала қай тілде жазылса, аннотация сол тілде беріледі. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелерінің қысқаша мазмұны болуы тиіс (курсивпен, 8 жолдан аспауы керек, ені бойынша түзетілген).

-          Түйін сөздер

2.     Мақала мәтіні:

-          Беттік форматы - А4, кітап бағдарлы үлгіде. Шегі – барлық жағынан – 2 см;

-           шрифт – Times New Roman, шрифт түсі – қара, өлшемі – 14 пункт, қатараралық интервал – бірлік (дара).

3.     Мәтінді форматтау: мәтінде әр түрлі әрекеттер болмауы керек («қызыл сызықтар» мәтінді ортаға келтіру, бос орын (шегініс), сөздерді тасымалдау, интервалды тығыздау).

4.     Тік (вертикаль) кестелер мен суреттерді пайдалануға болады. Суреттерді түрлі түстермен бояуға тыйым салынады, барлық объектілер реңсіз, тек ақ-қара болуы тиіс. Ерекше жағдайларда, автордың қосымша төлемақы жасау барысында түрлі-түсті суреттерді енгізуге болады. Суреттің сапасы жоғары болуы тиіс. Сурет форматы барлық бөлшектерді берудің анықтылығын қамтамасыз етуі керек (суреттің ең кіші өлшемі – 90-120 мм, ең үлкені – 130-200 мм). Иллюстрациялар мен кестелер саны 1-ден асып кетсе, олар нөмерленуі керек. Барлық формулалар  Microsoft Equation компонентін қолдану арқылы жасалуы тиіс немесе анық сурет түрінде берілуі керек.

5.     Әдебиеттер тізімі «Әдебиеттер» тақырыпшасында мақаланың соңында орналасады (бас әріптермен, қою шрифтпен емес, сол жағына шегіне қарай түзетілген). Әдебиеттерді безендіру кезінде сілтемеде библиографиялық сипаттаманың барлық элементтерін көрсету керек (автордың толық аты-жөні, материал атауы, дереккөз, қала, жылы, нөмері және міндетті түрде дереккөздің беттері).

6.     Ғаламтор-дереккөздерінен алынған сілтемелердің көрсетілуі мемлекетаралық стандарт талаптарына сәйкес болуы керек.

7.     Мәтіндегі сілтемелер тік жақша ішінде нөмерленеді. Әдебиеттер тізіміне жарық көрмеген жұмыстар мен оқулықтар енгізілмейді. Автор мақалада көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі келтірілген деректердің дұрыстығына жауапты.

8.     Әдебиеттер тізімінен кейін қазақ/орыс және ағылшын тіліндегі аннотация беріледі.

 

Yлгі: 

ӘӨЖ 904(574) 

 

Э.М. Байтенов1, Д. Турганбаев2А.С. Д Еспенбет 3 

(1Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы, 

2ГНПП «Алтын-Емел», 

3Қазақ бас сәулет-құрылыс  академиясы, 

Алматы, Қазақстан Республикасы) 

 

  «АЛТЫН ЕМЕЛ» МЕМЛКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЖАРТАС ӨНЕРІ ТУРАЛЫ  

 

Аннотация. Осы мақаланың мақсаты – алдын ала нәтижелерді айқындау үшін зерттеу жүргізгені туралы ақпарат беру. Шолақтау жотасы аймағындағы  құрбан шалынатын жер мен жартасқа салынған петроглифтерге сипаттама берілген. Мәдени мұраларды зерттеу – ландшафт пен өлкетану туризм саласында жартас өнерін түсіндіру және танымалдығы «Алтын Емел» табиғи саябағының тарихи-мәдени әлеуетін толық дәрежеде пайдалануға мүмкіндік береді.   

Түйін сөздер: петроглиф,  құрбан шалынатын жер, сақ тайпасы, әдет-ғұрып, жартас өнері.  

 

Мәтін ………………………………………………….. 

Мәтін ………………………………………………….. 

 

Әдебиет: 

1.          Байтенов Э.М., Исабаев Г.А., Еспенбет А.С., Байтенов М.М. Символы, знаки и надписи в ущелье Тайгак хребта Чулактау //Вестник КазГАСА, 2016, №3(61). - С. 23-27. 

УДК 904(574)

 

 

Аннотация. Данная статья имеет цель – дать информацию о проводимых исследованиях с освещением предварительных результатов. Дана характеристика петроглифам, нанесенным на скалах и жертвенниках в районе хребта Шолактау. Изучение культурного наследия, интерпретация и популяризация наскального искусства позволит в полной степени использовать историко-культурный потенциал природного парка "Алтын Эмель" в ландшафтном и краеведческом туризме.  

Ключевые слова: петроглиф, жертвенник, сакские племена, сакральное место, наскальное искусство.

 


This article has a goal - to provide information about ongoing research with coverage of preliminary results. Characteristics of petroglyphs on the rocks and altars in the area of ​​the Sholaktau range are given. Studying the cultural heritage, interpreting and popularizing the rock art will make it possible to make full use of the historical and cultural potential of the Altyn Emel natural park in landscape and local history tourism.

Key words: petroglyph, altar, Saka tribes, sacred place, rock art.

ҚазБСҚА «Хабаршысы» ғылыми журналына берілетін мақалаларды ұсыну жағдайы мен  шарттары

 

1.     Жарыққа шығару үшін ұсынылған материал түпнұсқада, бұрын басқа баспасөздерде жарық көрмеген болуы тиіс.

2.     Қарап талқылауға сәулет, дизайн, құрылыс, қоғамдық және гуманитарлық мәселелер бойынша ғылыми-теориялық және тәжірбиелік жұмыстар қабылданады.

3.     Мақала ұсынылған ережелерге негізделген ғылыми жаңалығы немесе практикалық маңызы бар аяқталған ғылыми жұмыс болуы тиіс.

4.     ҚазБСҚА және ҚАУ магистранттары «ҚазБСҚА Хабаршысы» ғылыми журналына ғылыми жетекшісі немесе ғылыми кеңесшісімен біріге отырып мақалаларын жариялауға болады. Мақаланың сапасы мен деректілігіне жетекші/кеңесші жауапты болады.

5.     Ғылыми жұмыстың көлемі – 5-12 бет.

6.     Қарап талқылауға орыс, қазақ және ағылшын тілінде жазылған мақалалар қабылданады.

7.     Журналға жарияланым үшін бір автордың бір ғана мақаласы және авторлық бірлестікте бір мақаласы жіберіледі.

8.     Мақала (шолуды қоспағанда) мазмұнында жаңа ғылыми нәтижелер болуы тиіс.

9.     Мақала тақырыпқа және журналдың ғылыми деңгейіне сәйкес болуы тиіс.

10.   Журналға жарияланым беру ҚазБСҚА және ҚАУ ПОҚ үшін тегін, ал басқа ұйымдағы авторларға «ҚазБСҚА-да көрсетілетін негізгі, қосымша білім беру және ілеспе қызметтер тарифтеріне» сәйкес ақылы болады.

11.   Мақалада Ғылыми орталық директорының және бағыт бойынша редколлегия мүшелерінің қолы қойылуы керек. Плагиатқа тексерілгені туралы анықтама қосымша тіркелуі тиіс.

12.   Ғаламтордағы біздің сайтымыз: www.vestnik-kazgasa.kz.
Мақаланы мына мекенжай бойынша жіберіңіз: nauka_kazgasa@mail.ru