ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

16

қар

2018 жылдың 13 қараша айында Сәулет және құрылыс мамандықтары бойынша

толық >>

12

қар

2018 жылғы 8 қарашасында ҚазБСҚА командасы "DIGITAL POLYTECH" робототехника бойынша ашық қалалық байқауға қатысты!!!

толық >>

қараша

21

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → Қауіпсіздік қызметі

Қауіпсіздік қызметі

 Қауіпсіздік қызметі туралы ереже

 1. Жалпы ережелер

1. Қауіпсіздік қызметі «Халықаралық білім беру корпорациясы» АҚ (әрі қарай мәтін бойынша - ХБК) бөлімшесі болып табылады.

2.  Қауіпсіздік қызметі нысандарды, мүлікті күзетуді қамтамасыз ету, коммерциялық құпияны, ХБК қызметкерлері мен студенттерінің және оның қатысушыларының (КазБСҚА және ҚАУ) жеке бас сақтандығын қорғау, Қазақстан Республикасының күзет қызметінің заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ету бағытында қызмет етеді.

3. Қажет болған жағдайда қауіпсіздік қызметі автокөлікпен, қойылған міндеттерді орындау мақсатында арнайы қауіпсіздік және қорғаныс құралдармен қамтамасыз етіледі.

4. ҚҚ ХБК нысандарын, материалдық құндылықтарын және ХБК қатысушыларын (ҚазБСҚА және ҚАУ) күндіз және тәулік бойы күзетеді, ХБК ҚТЖ бекітілген және ҚР ЕК сәйкес жұмыс тәртібіне сәйкес әрекет ететін бекітілген кесте бойынша ҚазБСҚА және Студенттік қалашық аумағындағы ғимараттарда орналасқан қызметкерлер мен студенттердің  қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен және жалдаушылармен бірлесіп, коммерциялық құпияны құрайтын мағлұматтар тізімін анықтау, сонымен қатар ХБК, ҚазБСҚА және ҚАУ барлық қызметкерлерінің ақпаратты қорғау жүйесін, нысандарды күзетуге және қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздігін жетілдіруге бағытталған басқа құжаттарды пайдалану.

6. Барлық ғимараттарда рұқсатнамалық тәртіптеме ұйымдастырады, күзетілетін нысандардың өрт қауіпсіздігін бақылайды.

7. Күзетілетін аумақта көпшілік іс-шаралары өткізілетін орындарында құқық тәртібін қамтамасыз етеді.

8. Күзетілетін нысандарды күзетуге тапсыру және күзету жүргізу үшін ережелер белгілейді. ҚазБСҚА құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық тұлғаларынан және жалдаушылардан нысандарды қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етеді.

9. ХБК құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық тұлғаларына мен жалдаушыларға күзету және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты қабылдауға міндетті ұсыныстарды береді.

10. Оқу корпустары мен Студенттер үйінде хабарландыру тақтасында хабарландырулар мен жарнамалық материалдардың ілінуін және мазмұнын бақылайды.

11. Қауіпсіздік қызметі – ауысыммен жұмыс істейтін бөлімшелері бар ХБК бірегей құрылымы.

12. Әр ауысым өзінің қызметтік міндеттерін күзетілетін нысандарға сәйкес орындайды, бір-бірін толықтырады, жеке тұлғаның қауіпсіздігі, материалдық құндылықтардың сақталуы және күзетілетін нысандарда құқық тәртібін қамтамасыз ету шараларын қамтиды.

13. Қызметке 21 - 45 жас аралығындағы тұлғалар 3 айлық сынақ мерзімімен (Қорғаныс министрлігінің әскери зейнеткерлері, 55 жасқа дейінгі ішкі істер бөлімдерінің және басқа да күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлері) қабылданады.

 

Қауіпсіздік қызметінің бастығы:

Телефон: 8 (727) 220-81-06 (1151)