ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

Негізгі бет → Жалпы білім беру пәндері фаультеті  → Аудиториядан тыс жұмыстар

Аудиториядан тыс жұмыстар

Дөңгелек үстел “Діни-түсіндірме жұмыстардың маңыздылығы”

 

Деструктивті діни ағымдардын алдын алу мақсатында 29.01.2018 ХБК ЗУС дәрісханада дөңгелек үстел өткізілді.

Дәрістің мақсаты: студенттерді деструктивті діни ағымдарға кіріп кетуден алдын ала сақтандыру.

Негізгі мәселелер: діни секталардың қауіпі, секталарды ажырата білу, студенттерге түсіндірме профилактикалық жұмыстың маңыздылығы.

 

Баяндамашылар: ҚазБСҚА жанындағы колледж ассистент профессоры, дінтанушы және Алматы қаласының Дін істері басқармасы жанындағы «Ақпараттық түсіндіру тобының» мүшесі Мейрманов Аманжол Досжанұлы, ҚазБСҚА Жалпы білім беру пәндері факультетінің ассоц. профессоры, филос.ғ.д.PhD Масанов Еркін.

 

 

ҚазБСҚА-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні атап өтілді

 

2017 жылдың 29 желтоқсанында EnglishClub аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Ұлттық өнер және мәдени дәстүрлер фестивалі өткізілді.

Академия мен колледждің ағылшын тілі мұғалімдерінің басшылығымен дайындаған  он төрт команда ұлттық киімдерімен,ұлттық тағамдар, әндер, билер, плакаттарын үш тілде ұсынды. Академия факультеті және колледжден шақырылған қонақтар таланты студенттердің тартымды ұмытылмас ән-кешін тамашалады.

 

Іс-шара English Club аясында ЖБПФ ассоц. профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л.Б. Нағиятова басшылығымен Халықаралық білім беру корпорациясы және ҚазБСҚА-ның білім беру және тәрбие жұмысының жылдық жоспар кестесіне сәйкес жасалынды. 

 

 

«Рухани жаңғыру»бағдарламасы негізінде

«Тарих мұрасы» ғылыми зерттеу және тәрбиелеу

 

2017-2018 оқу жылы ҚазБСҚА Жалпы білім беру пәндері факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша «Тарих мұрасы» ғылыми-зерттеу және тәрбиелеу бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама жастарға рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, студенттердің азаматтық жауапкершіліктерін және рухани-адамгершіліктерін дамытуға ықпал етуі тиіс. Жоспарланған жұмыс бағыттарының бірі «Елімнің шежірелі байлығы» бағыты негізінде Қазақстанның киелі әрі тарихи орындары бойынша танымдық-зерттеу экспедициясы ұйымдастыру болып табылады.

Біздің академияның студенттері ЖБПФ ассоц.профессорлары Қ.Қ. Сүлейменова мен Б.А. Абилова жетекшілігімен кешенді археологиялық және сәулеттік ескерткіштері бар «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында болып қайтты. Мемлекеттік қорық мұражайы орналасқан Көне Түркістан қаласы (тарихи атауы Ясы) баға жетпес ескерткіштер мен қоршалған, ортағасырлық Қазақстан тарихының нышанына әрі зиярат етушілер орталығы мен тарихи туризмге айналған.

 

Сапар жұмыстары соңында экскурсия нәтижелері бойынша видеороликтер жасау ұйымдастырылады және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Халықаралық шығармашылық және зерттеу ізденістер конкурсына қатысу үшін Жоба ретіндересімделеді.

 

 

 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 31 жылдығы қарсаңында ҚазБСҚА Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігімен бірлесе отырып қаладағы университеттердің және колледждердің студенттері қатысқан жалпықалалық сенбілік ұйымдастырды. Жоғары оқу орындарының студенттерімен бірге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылары да қатысты: Т.Н.Рысқұлбеков – "Желтоқсан Рұхы" бірлестігінің төрағасы, Г.С.Лепесбаева –"Желтоқсан көтерілісі" бірлестігінің төрағасы, Ж.С. Нургазиева "Желтоқсан ақиқаты" және т.б.

Академиясының студенттері топ эдвайзерлерімен бірлесіп сенбілікте Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойындағы белсенді жұмыс істеді, ұйымдасқан түрде ағаш отырғызу жүзеге асырылды. Бұл Академияда өткізілетін кезекті іс-шаралардың бірі, бұл іс-шара өз халқының тарихын құрметтейтін жас  ұрпақтың ауызбіршілігін көрсетті.

 

 

Сенбілік модераторлары: ЖБПФ деканы З.Т.Аймагамбетова, ЖБПФ ассоц.профессоры Қ.Қ. Сулейменова.

 

 

 

«XXI ғасыр Педагогы» атты интеллектуалды шоу

 

 

29 қырқүйек 2017 жылы Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясында Ұстаздар күніне арналған «XXI ғасыр Педагогы» атты интеллектуалды шоу өтті. Алматы қаласының мектеп ұстаздары қатысты. Ойындар, жарыстар, викториналар өткізілді. №9 арнайы (түзету) мектебінен А.К. Еркебеков пен «Голубой парус»  Білім мекемесінен келген Г.Г. Абылханова жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, естелік сыйлықтарды тарту етті. Іс-шараға белсенді қатысқан ұстаздарға сертификаттар берілді.

Суреттер байқауы «Әдеби шолу»

 

Студенттер арасында ұйымдастырылған бұл байқау жас ұрпақты әдебиетке тартуға, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сезімін білдіруге, табиғатқа деген махаббатын бейнелеуге, патриоттық сезімі мен ұлттық санасын қалыптастыруға әрі әлем, қазақ және орыс әдебиетін тануға бағытталған.

Байқау (қазан айының басында) КАРХ-15-1-9 топтарының білім алушылары арасында алдын ала жарияланып, дайындық кезеңі енгізілді: сүйікті кейіпкерлерін, шығармадан мысалдарды, сүйікті өлеңдеріндегі эскиздерді, жазушылар мен ақындардың портреттерін салу керектігін хабарланды.

Сурет байқауына кез келген техникамен салынған жұмыстары қабылданды.

Нәтижесінде (қазан айының соңында) үздік жұмыс ретінде жеңімпаз студенттердің аты-жөні жарияланды:

·  «Жазушы немесе ақын портреті» атты номинацияда  - Артур Конан Дойл Илесбеков Динмухаммед (Карх-17-5)А.П.Чехов Мүсілім Аслан (Карх-17-3*);

·   «Табиғаттың поэтикалық бейнелі көріністері» - Карх-17-3* тобының студенті Тохмолдаева Алтынай (күз көрінісі), Карх-17-4* тобының студенті Акимхан Аяжан (қайың); 

·   «Бас немесе қосалқы кейіпкері» - Карх - 17-8 тобының студенттері  Таубалды Маргулан (Гарри Поттер атты кейіпкер), Асауленко Андрей (Венера Милосская);

·   «Сүйікті шығармаларға иллюстрация» - Карх-17-3* тобының студенті Айтбай Инабат («Деревня» И.Бунин). Сондай-ақ, Ларина В. (Карх-17-6), Рахимов А. (Карх-17-6), Каиргалиулы И. (Карх-17-3*), Жазылбек А. (Карх-17-5) және де Орымбасар С. (Карх-17-6) жұмыстары марапатталды.

 

Орыс тілі секциясының профессор-оқытушылар құрамы 

 

            

  2017 жылы 20 қыркүйек күні Орыс тілі секциясының оқытушылары ҚР Тілдер мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара жүргізушілері Омирбекова Сымбат (Стр-16-1*),  Какимжанов Бекзат  (Арх-16-1*), Қайдаров Аңсар  (Арх-16-2*) үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізді.

Іс-шарада студенттер тілдің маңызы туралы: қатынас құралы, танымдық құралы,  ой мен сезімді жеткізетін құрал екені туралы айтты. Әсіресе туған тілді білудің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Қазақ тілі» (Асанхан Бакберген), «Мен Қазақпын»  (Омирбекова Сымбат), «Үш бақытым» (Орынбасарова Нуриллә), «Ана тілі» (Қумарғазы Улан), «Туған елім» (Тұрысбек Алижан) өлеңдері оқылып, «Балбрауын» (Мақулбай Ляззат),  «Қарасай» (Усманова Лаура, Кыдырхан Толеген) күйлері тартылды.

Студенттер орыс тілінің әлемдік мәдениетті таратушы ретінде Қазақстандағы рөлі туралы айтты. Арх-17-4* тобының студенттері Москва – звенят колокола» әнін шырқаса, «Бородино» (Ким Андрей), «Не жалею, не зову, не плачу...» (Халык Сакыпжамал), «Два языка» Кайдарова Айдана) өлеңдері жатқа оқылды.

Асылбек Харунрашид ерекше жанр – сиқыр өнерін көрсетіп, Ар-17-5 * тобының студенттері «Подмсковные вечера» әнін орыс және ағылшын тілдерінде шырқады.

 

 

 

ЖАҢА ӘЛІПБИ ТУРАЛЫ

 

Жуырда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан ­бастау алып отырған тілдік таңбаны ауыстыру мәселесін жан-жақты талқылау мақсатында Жалпы білім беру пәндері факультеті пікірталас ұйымдастырып, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардың басын қосты. Аталмыш шараға қатысқан белсенді студент жастарымыз екі топқа бөлініп, ой-пікірлерін ортаға салды. Пікірталасқа кіріспе ретінде ХБК ассоц.профессоры Ж.М. Жампейсова Қазақ жазуының тарихы туралы қысқаша мағлұмат берді. 25 таңбадан тұратын латын графикасына негізделген жаңа әліпби ұсынылды. Пікірталас барысында ПСМИК-16-1* тобының студенттері Қазыбек Бекжан, Шалмен Сымбат, ТДО-16-2* тобының студенті Жеңіспек Әсет, ТДО-16-1* тобының студенті Бексұлтанова Нұргүл, Стр-16-4* тобының студенті Ерланов Батырхан, Стр-17-3* тобының студенті Әсілбек Харунрашид белсенділік танытты.

 «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы.

 

ЖББПФ оқытушылары Ә.Ө.Жакупова

Ж.М.Жампейсова

 

 

Президенттік сынамалар бойынша  ҚазБСҚА 1,2 курс студенттері мен колледж оқушылары 11.10.2017ж, жеңіл атлетикалық жарыс     

                                             

ҚазБСҚА бұқаралық-спорттық шаралар өткізу жоспарына сәйкес, ҚазБСҚА СК 11.10.2017ж, ҚазБСҚА спортклуб ұжымы, СҚ және СС проректоры Ж.С.Такенованың басқаруымен., ЖЖҒДФ деканы  З.Т.Аймагамбетованың ұйымдастырумен, академияның 1-2 курс студенттері мен ҚазБСҚА колледжінің оқушылары арасында Президенттік сынамалар бойынша жеңілатлетикалық жарыс өтті.

Жарыста төмендегідей төрешілер құрамы қызмет көрсетті: ассоц. проф. Югай И.В.,  проф. ассист. Битуреева Э.Т., проф. ассист.  Акылов Т.Ж.,  проф. ассист.  Калиякбарова С.К., проф. ассист.  Айманбетов Б.Ж., проф. ассист.  Дайрабаев С.Е.

 

 Жарыс қорытындысы.

Ұлдар (ұзындыққа орыннан секіру):

1 орын – Ванин Н. – Карх-17-9;

2 орын – Аязбай А. – СТР – 17-3;

3 орын – Калдыбай Н. – СТР – 17-4

 

Ұлдар (қолды тіреп бүгіп, жазу):

1 орын – Толеубаев А. – КСЭЗС – 16-1;

2 орын – Жанболатулы Н. – СТР – 17-3;

3 орын – Смагул Т. – АРХ-17-4

 

Ұлдар (кермеде тартылу):

1 орын – Андыбаев А. – АРХ – 17-8;

2 орын – Бердихан Ж. – СТР – 17-2;

3 орын – Толеутаев А. – КСЭЗС – 17-1

 

Ұлдар (эстафета):

1 орынАФ командасы;

2 орын  - ЖҚФ командасы;

3 орынКолледж командасы.

 

Қыздар (ұзындыққа орыннан секіру):

1 орын – Нуртуганова А. – АРХ-17-5;

2 орын – Абдирзаккызы А. – Диз-17-2;

3 орын – Магомадова Б.- Диз-17-5

 

Қыздар «Пресс»:

1 орын – Гаджиева А. – Кдиз-17-2;

2 орын  - Турганова Г. – Кдиз-17-1;

3 орын – Знахарь А. – Карх-17-5

 

Қыздар (Эстафета):

1 орын ДФ командасы (1);

2 орын  - Колледж командасы;

3 орынДФ командасы  (2)

 

 

Жарысқа барлығы 218 студент қатысты. Жүлдегерлер мақтау қағазымен марапатталды.