ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Негізгі бет → Колледж туралы → Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығы

Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығы

   Бірнеше жыл бойы ҚазБСҚА жанындағы колледж Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығымен бірге қызмет істеп келеді. Колледждер Қауымдастығы Алматы қ. кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, колледждің аттестаттаудан өтуі үшін кеңес беру қызметтерін ұсынады, бас прокуратураның тексерісі мәселелері бойынша жиналыс өткізеді, колледждердің ұсыныс-тілектерін ескеріп, нормативтік-құқықтық құжаттамаларға өзгерістер мен түзетулерді енгізе отырып, ҚР БҒМ ТжКБ нормативтік-құқықтық құжаттарды қарау бойынша сараптама бөліміне ұсыныстар енгізеді.

«Қауымдастық мүшесі»:

  • пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады;
  • Қауымдастық ұйымдастыратын іс-шараларға қатысады, сондай-ақ өздері олардың ұйымы атынан бастама білдіре алады;
  • Қауымдастық жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді және оларды талқылауға қатысады;
  • «Қауымдастықпен» жүзеге асырылатын бағдарламалар, әзірлемелер, жобалармен танысады және оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізу;
  •  «Қауымдастықтағы» ақпарат және коммуникация құралдарына кіруге рұсаты бар;
  • оқу-бағдарламалық құжаттар жинағын 50% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі бар;
  • колледж директорлары, директор орынбасарлары, Қауымдастық мүшелігіндегі әдіскерлер оқу жылы бойына біліктілікті арттыру курсынан тегін өте алады. «Инновациялық педагогикалық технологиялар жәрмеңкесін», ғылыми жұмыстар бойынша байқаулар, пәндік олимпиадалар, техникалық шығармашылық көрмелерін, көркемөнерпаздадың байқауын, студенттер мен оқытушылар арасында спартакиада өткізеді.

Алматы қаласы Колледждер қауымдастығымен берілген сертификатқа сәйкес ҚазБСҚА жанындағы колледж 2002 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында «Оқу-тәрбие процесінің инновациялық технологияларын жасау» бағыты бойынша базалық оқу орны болып табылады.