ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

21

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → 5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы

5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы

 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында 5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша мамандар Сәулет-құрылыс институты құрылған күнінен бастап дайындалады.

ҚР БҒМ жылда бұл мамандыққа 240-тан астам грант бөледі.

Бұл мамандықтың түлектеріне құрылыс, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

ҚМБКӨ мамандығы бойынша бакалаврлар – бұл құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндіру бойынша, жаңа материалдарды дайындау, оларды өндіретін және қолданатын кәсіпорындар жобасын дайындаушы, құрылыс өндірісінің менеджментін (басқарушы) және құрылыс индустриясының маркетингін атқарушы, заманауи құрылыс материалдары, энергия және қорүнемдеуші технологиялар мен құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндіру технологиялық тізбектерін дайындаушы маман.

Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндіру бойынша бакалавр – ол кең салалы маман. Түлектер құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялардын өндетін кәсіпорындарында (байланыстырғыш заттар, бетон және темірбетон бұйымдарын, керамикалық құрылыс материалдарын, шатырлық материалдар мен бұйымдарын шығаратын және т.б. зауыттар) инженерлік қызметтерде; жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында; өндірістік және азаматтық ғимараттар құрылыстарында; құрылыс материалдары және конструкцияларын сертификациялау және сапасын бақылау ұйымдарында қызмет атқара алады, сондай-ақ құрылыс материалдары және конструкцияларын өндіру кәсіпорындарының, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарын реконструкциялау және техникалық қайта жабдықтау бойынша  жобаларын орындай алады; өндірістің технологиялық параметрларынын қолайландыру бойынша және өндірілетін өнім сапасын арттыру бойынша тәжірибелік және теориялық зерттеулер жүргізе алады; жаңа технологиялар мен өнімдер түрлерін енгізуде қатыса алады.

ҚМБКӨ мамандығы бойынша түлек келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

-    жетекші қызметкерлер ретінде  – өндіріс бойынша директордың орынбасары, өндірістік зертхана бастығы, техникалық бөлім бастығы, цех бастығы, цех мастеры;

-    ұйым маманы ретінде – инженер, инженер-конструктор, инженер-лаборант, сапа инженері, инженер-технолог, I санаттағы техник, I санаттағы техник-конструктор, I санаттағы техник-лаборант, I санаттағы техник-технолог;

-   ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық, ізденіс үйымдарына жалпы – техник, лаборант ретінде техникалық жұмысшы болып қызмет атқара алады.

Құрылыс материалдар өндіру мамандығының артықшылығына әмбебабтылығы, жоғары қажеттілігі жатады, себебі құрылыс материалдарынсыз  құрылыс жүрмейді, сондықтан қоғам да дамымайды.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында Алматы қаласы және оның өңіріндегі кәсіпорындармен біздің түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша белсенді іскерлік қатынас орнатылған. «РемСтройТехника» АҚ, «Темiрбетон-1» ЖШС, «Алматы көпірлік конструкциялар зауыты (АЗМК)» ЖШС, «ЦеЛСИМ» ЖШС, «BASF» ЖШС, «KNAUF» ЖШС, «СЕРТ» АҚ, МАК «АлматыГорСтрой» АҚ сияқты және т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындармен табысты қатынас орнатылған. Аталған кәсіпорындар негізінде мамандықтың филиалдары бар.

Мамандарды 80% ғылыми дәрежесі бар оқытушылар құрамы даярлайды. Академияда зертханалық сабақтар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қуатты материалдық-техникалық база бар.