ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

23

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → 5В072500- «Ағаштан бұйым жасау және ағаш өңдеу технологиясы» мамандығы

5В072500- «Ағаштан бұйым жасау және ағаш өңдеу технологиясы» мамандығы

 1982 жылы орман және ағаш өңдеу өндірісінің министрі Альдербаев Молдан Альдербаевичтің талабы бойынша және ректор Байболов Серікпек Мұқашұлының қолдауымен Алматы сәулет-құрылыс институтына алғаш рет ағаш өңдеу мамандығының күндізгі бөліміне 18 адамды қабылдау жұмысы атқарылды. Кафедраны педагогикалык ұжыммен жинақтау базалық білімі бар, өндіріс саласынан, ҚСРО-ның ең үздік жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандарды шақыру арқылы шешілген. 1987 жылы кафедра басқарушысы т.ғ.к., доцент Шевченко А.Д.  басқаруымен 18 адамнан тұратын АӨТ мамандарын даярлап шығу орындалды.

АӨТ мамандығының педагогикалық ұжымы ҚР ағаш өндірісі мен жиһаз өндірісіндегі жұмыскерлер қауымымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық және республикалық конференцияларға, іс-шараларға белсенді түрде қатысады. «Құрылыстық материалдар өндірісінде ағаш қалдықтарын кешенді қолдану» тақырыбында ғылыми ізденістер өткізіліп тұрады.

 «Ағаш өңдеу технологиясы» мамандығының пайда болуынан бастап, факультет оқытушылары өндірістермен тығыз байланыста, олардың базаларында студенттер өндірістік, технологиялық, диплом алдындағы практикаларды өтетін факультеттің бөлімдері бар.

Қазіргі уақытта «АӨТжАБ» мамандық бағыты бойынша: 1 доктор, 5 ғылым кандидаты мен ассоцияланған профессорлар, 1 профессор көмекшісі жұмыс істейді.

Студент оқуын аяқтағаннан кейін «Ағаш өңдеу технологиясы және ағаш бұйымдары» мамандығы бойынша академиялық бакалавр дәрежесіндегі диплом алады.

Бакалавр түлектерінің кәсіби қызмет объектілері болып: жиһаз өндірістері, құрылыстық ұйымдардағы шебер-құрылыстық өндірістер.