ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

ақпан

22

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → 5В050600 –Экономика мамандығы

5В050600 –Экономика мамандығы

 Берілген маман бойынша түлектердің иемденетін  академиялық дәрежесі: Бакалавр

Бұл маман түлегі  нарықтық экономика, заң және үрдістер туралы теориялық терең білімі бар,   қазіргі экономикалық анализ әдістерін, бизнес-жоспар құрылуын, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерісті болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгерген маман. Экономика және математикалық дайындықтың негіздерін білу, ана тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру, қазіргі жаңа бағыттарға тез үйрену маман иесіне еңбек нарығындағы жаңа өзгерістерге тез икемденуіне ықпал етеді; Экономикалық білімін тереңдетіп білуі аз уақытты өз маманының кәсіпқой иесі болуын қамтамасыз етеді.

Маман иелерін дайындауда шешілетін мәселелер: қазіргі нарық экономикасы туралы біліммен, қамтамасыз ету, оның дамуының заңдылықтары мен үрдістерін түсіну; экономикалық анализдің қазіргі әдістерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру;  бизнес-жоспар құру, басқаруда тиімді шешімдер қабылдау және күрделілігі әр түрлі жобаларды басқару; экономикалық үдерістерді болжау және лңтайландыру.

Мамандық қызметінің бағыты: экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, ғылыми зерттецлердегі құрылымдар, ірі компаниялар мен мекемелер, министрлік және мемлекеттік басқару органдары. Мамандық 5В050600 – Экономика компаниялар мен корпорацияларды қаржылық шаруаларымен айналысуға; қорларды жоспарлауға; анализ жасап тұжырымдауға; жобаларға инвестиция жасауға; компанияның экономикалық дамуы туралы мәселелермен айналысуға; есептер жүргізуге; компанияның, облыстың және мемлекеттің экономикалық саясатын құруға; компанияның жоғары экономикалық қызметтеріне араласуға; қазақстандық және әлемдік нарықтағы өзгерістерге болжау жасауға мүмкіндік береді.

Оқу кезінде студен мамандық бойынша келесі пәндерді оқиды: кәсіпкерлік, кәсіпорын экономикасы, кәсіпорын қызметін жоспарлау, деректер анализі және экономиканы болжау, халықаралық экономика және т.б.

«Экономика» мамандығы бойынша маман иелерін дайындауда 50 оқытушы қатысады, оның ішінде 35 мұғалімнің ғылыми дәрежедегі білімі бар.

Теориялық білімін бекітіп,  жұмыстың практикалық дағдыларын үйрену, сонымен қатар практикада әдістемелердің іс жүзінде жүргізілуімен танысу үшін студенттер факультеттің филиалдары Алматы қаласында ұйымдастырылған өндірістік практиканы өтеді.