ҚазБСҚА сауалнамасы

Сіз ҚазБСҚА туралы қайдан білдініз?
  • Басқа
  • Достарымнан
  • Интернет
  • Газеттерден/журналдардан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

22

Мам

2018 жылдың 16 мамырында ҚазБСҚА-да Академия оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Тараз және т.б. Қазақстанның қалаларының ірі жобалау ұйымдарының инженерлер мен сәулетшілері үшін ҚазБСҚА-да «LIRA-САПР программа арқылы құрылыс құрылымдарын жобалауы: 2018 нұсқалары» атты семинары өтті.

толық >>

21

Мам

НААР-2018 рейтингтерінің қорытындысы бойынша

толық >>

мамыр

24

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет →  Жалпы құрылысфакультетіндегі ғылыми бағыттар тақырыбы мен жетекшілері

Жалпы құрылысфакультетіндегі ғылыми бағыттар тақырыбы мен жетекшілері

 Факультеттің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

• құрастырмалы-жиылмалы және жиналмалы металл-тент ғимараттарының құрылымдық шешімдері, жұқақабырғалы құрылымдардың ширық-деформацияланған қалпын зерттеу;

• серпінді көпқабатты тақтайларды есептеу әдістерін жетілдіру;

• ғимараттардың, тірек қабырғалардың жерасты бөліктерін жобалау, жер массивтерінің еңістерінің жәнебөктерлерінің тұрақтылығын зерттеу және ғимараттардың негіздерін жобалау;

• шайып әкелінген топырақтағы іргетастар мен фундаменттердің оңтайлы нұсқаларын зерттеу және әзірлеу;

• ғимараттар мен үймереттердің статикалық және динамикалық тұрақтылығы;

• дүлей апаттардың санын азайтудың халықаралық стратегиясы бойынша БҰҰ бағдарламасына қатысу;

• кеңістіктік құрылымдар мәселелері;

• ғимараттар мен үймереттерді селден қорғау мәселелері;

• ғимараттар мен үймереттерді зерттеу мәселелері және оларды күшейту мен қайта құру әдістері;

• темірбетон құрылымдарда арматураның бетонмен ілінісу, бар ғимараттар мен үймереттерді тексерумәселелері;

• жер қазатын және жер қазатын-транспорттық машиналардың жұмыс органдарын жетілдіру зерттеулері;

• құрылыс машиналарының көп білікті қозғалғыш жүйелерінің тарту-тіреу қасиеттерін зерттеу;

• ЖГҚЖ қазіргі заманғы жүйелерінің инженерлік-экологиялық мақсаттарын шешу;

• өнеркәсіптік кәсіпорындардың сумен жабдықтаудың экологиялық таза жүйелерін әзірлеу;

• су тарту кезінде және ғимараттардағы салмақты сорғылармен күресуде оңтайлы шешімдер;

• тұндырғыштарды гидравликалық есептеу тәсілдері;

• ЖГҚЖ қазіргі заманғы жүйелерінің инженерлік-экологиялық мәселелері;

• мақта-мата өнеркәсібінің ағынды суларын тазалаудың тиімді тәсілін қолдану;

• қарнақты ұңғымалық сорғының энергия үнемдеу жетегінің конструкциясын әзірлеу және құбырлардамұнай тасымалдау үшін турбулентікке қарсы присадкалар әзірлеу.

Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы ғимараттар мен үймереттерді жобалау саласындағыәлемдік тәжірибені ескеріп, құрылыс құрылымдарын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Соңғы 10 жылдың ішінде ғана ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша факультет қызметкерлері өнертабыстарғашамамен 140 авторлық куәліктер, патенттер алды, түрлі ғылыми жинақтар мен журналдарда 15-тен астам монография және 600 мақала жариялады, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде 12 оқулық, 14 оқуқұралы, 170 ғылыми мақалалар, 15 ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды және 10 республикалық студенттік конференцияларға қатысты. Факультеттің қалыптасуы мен дамуына ірі ғылымжәне оқу орталықтары зор үлес қосты: Ломоносов атындағы ММУ, ММҚУ, БТҒЗИ және Мемл.құр. ҚКОҒЗИ (Мәскеу), ДМҚСА (Украина), ҚазМУ, ҚазҰТУ.

 

 1    бет