ҚазБСҚА сауалнамасы

Сізге ҚазБСҚА- да оқыған ұнайды ма?
  • Мен бұл жерде оқымаймын
  • Екі ойлы болып тұрмын
  • Жоқ=(
  • Ия!!!

Голосовать результаты

Жаңалықтар

22

Мам

2018 жылдың 16 мамырында ҚазБСҚА-да Академия оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Тараз және т.б. Қазақстанның қалаларының ірі жобалау ұйымдарының инженерлер мен сәулетшілері үшін ҚазБСҚА-да «LIRA-САПР программа арқылы құрылыс құрылымдарын жобалауы: 2018 нұсқалары» атты семинары өтті.

толық >>

21

Мам

НААР-2018 рейтингтерінің қорытындысы бойынша

толық >>

мамыр

25

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет →  СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ

СТУДЕНТЕР ҮЙІ

850 орынға арналған, заманауи технологиялық үдерістерді және сапалы құрылыс материалдарын қолдана  отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жатақхана. Студенттер үйінде ас әзірлеуге арналған барлық жабдықтары бар бөлмелер, кір жуатын бөлмелер, интернетке қосылған компьютер залдары, электрожабдықтармен қамтылған  демалыс бөлмелері, оқу залдары,  макет жасау студиясы бар. Сонымен қатар, студенттерге кафетерий, фитнес және жаттығу залдары қолданысқа берілген.

Студенттер үйінде үнемі Студенттік кеңес жұмыс атқарады. Кеңестің араласуымен барлық ойын-сауық кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, студентер тұратын бөлмелердің тазалығы мен жайлылығы қадағаланады. 

ХБК басшылығымен жыл сайын «Таза бөлме» байқауы өткізіліп, жеңімпаздарға диплом мен сый-сыяпаттар беріледі. Студенттер Үйі бірнеше рет студенттік жатақханалар арасында  қалалық конкурстарында  жеңімпаз атанған.

Студенттер Үйінің ғимаратына және де барлық қабаттарға бейне бақылау камералары орнатылған. Ал Студенттер Үйіне іргелес аумақтар тәулік бойы ХБК Қауіпсіздік қызметінің күзетінде.

 

Студенттер Үйінің мекен-жайы: Торайғыров көшесі, 33.

 

Студенттер үйінің тұру ережелері

1. Студенттер үйінде тұратын студенттер құқылы:

1.1. Оқу, компьютер, фитнес, салауатты жаттығу  залдарды және демалу, тұрмыстық бөлмелерді қолдануға;

1.2. Қолдануға жарамсыз болған жиһаздарды уақытында ауыстыртуға және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің кемшіліктерін жоюды талап етуге;

1.3. Студенттік Кеңесті сайлауға және оның мүшесі болуға, жатақхананың ішкі тұрмысына қатысты сұрақтарды талқылауға және өз ұсынысын беруге;

2. Студенттер үйінде тұратын студенттердің   міндеттері:

2.1.Ішкі тұру ережелерін қатаң сақтауға;

2.2.Өздері тұратын бөлмелердің және ортақ қолдану бөлмелерінің тазалығын сақтауға;

2.3. Студенттер үйінің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;

2.4.Суды және электрэнергиясын үнемдеуге;

2.5.Кезекшілік кестесіне сәйкес ортақ қолдану бөлмелерінде кезекшілік атқаруға;

2.6. ҚР-ның заңнамасына сәйкес, келтірілген материалдық шығынды өтеуге;

2.7.Электр жабдықтарын қолданғанда өрт қауіпсіздігін сақтауға, әкімшіліктің рұқсатынсыз қосымша электр жабдықтарын қолдануға тыйым салынады;

2.8. Жатақханадан шыққан жағдайда жатақханаға тиесілі жабдықтарды өткізіп беруге.

3. Жатақханада тұратын студенттерге тыйым салынады:

3.1. СҮ-нің директорының рұқсатынсыз бөлмеден бөлмеге ауысуға және мүліктерді ауыстыруға

3.2.Электр жүйелерін ауыстыруға және жөндеуге;

3.3.Өрт шығу қаупі бар заттарды қолдануға;

3.4. Алкогольдік ішімдік кіргізуге, сақтауға  және ішуге, ХБК аймағына және СҮ-не мас күйінде келуге;

- Есіркі және уландырғыш заттарды кіргізуге, сақтауға және қолдануға;

- Суық, отпен атылатын және өзге де пневматикалық, жарақаттардыратын (пышақ, кастет, нунчак   

  және т.б.) қару түрлерін кіргізуге, сақтауға және қолдануға;

- Темекі шегуге (кальянды қосқанда)  сағыз шайнауға, шекілдеуік шағуға;

- Студенттер үйінде тұру кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды бұзуға;

- Адамның абыройына нұқсан келтіретін былапыт сөздерді айтуға;

- Студенттер үйінің дүние-мүлкіне зақым келтіруге;

3.5. Студенттерге СҮ-не 23:00-ден кешігіп  кіруге, қонақтарға қысқы мерзімде 20:00-ден кейін, жазғы мерзімде 21:00-ден кейін кіруге;

4.Жатақханада тұрушылардың ереже бұзғандағы жауапкершілігі:

4.1. Ішкі тұру ережесін бұзған студенттерге Ректорат тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

4.2. Материалдық шығын келтірілген жағдайда, шығынның мөлшері,  төлеу мерзімі және формасы көрсетілген акт жазылады.

4.3. Студенттер Үйінің ішкі тұру ержесін бұзған жағдайда төмендегідей шаралар қолданылады:

Ішкі тұру ережесін өрескел бұзған жағдайда СҮ-нен шығару;

 

еңбек жазасы (жатақхана аумағын тазалау және т.б.).

Әкімшілік:  

Студенттер үйінің директоры
Дайрбекова Карлыгаш Абылгазиновна
Телефон: 309-91-62

Директор көмекшісі – СҮ паспоршысы

Сейдалиева Роза Аширбековна
Телефон: 309-91-66 

Кастелянша

Кушербаева Ляззат Женисовна

Телефон: 309-91-66