ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Жаңалықтар

24

Мам

Біздің елімізде Жеңіс күні көп жылдар бойы ең әсерлі, ең жүрекке жылы тиетін және ең даңқты күн болып қала береді.

толық >>

24

Мам

Алматыда 25-26 сәуірде «Тірегі сендер елімнің» V республикалық студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми салаға тарту.

толық >>

шілде

17

Іс-шара күнтізбесі

0 іс-шара айына
Негізгі бет → ҚазБСҚА студенттері «Миллионға идея» инновациялық жобалар таныстырылымында

ҚазБСҚА студенттері «Миллионға идея» инновациялық жобалар таныстырылымында

    Алматыда 25-26 сәуірде «Тірегі сендер елімнің» V республикалық студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми салаға тарту.

 

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодардан келген жеті жоғары оқу орнының өкілдері елдегі үздік студенттер тобы атағы үшін күресті. Олимпиаданың конкурстық тапсырмалары арасында дене тәрбиесі бойынша президенттік тест тапсыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу, студенттік өмір туралы бейнероликтерді көрсету және «Миллионға идея» инновациялық жобалар презентациясы болды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер ұлттық азық-түлік өнімдерін өндіру, қаржы сауаттылығын арттыруға арналған үстел ойындары, фитоқабырға, қоқысты бөлек жинау жүйесі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге арналған веб-сайт және салауатты тамақтану буфеті сияқты жобалармен келді.

Олимпиаданың басты және күрделі міндеті «Миллионға идея» инновациялық жобаларын қорғау болып табылады. Біздің команда «Генераторлар» жалпы құрылыс факультетінің 1 және 2 курс студенттері: Асылбек Харун-Рашид, Тұрсынов Батыржан, Мухаметжанов Сержан, Социал Айшат, Сапарбек Мадина ЖБПФ ассоц. профессоры Д.К. Сыдыкова мен ЖБПФ проф.ассистенті Ж.А. Қалыбекованың жетекшілігімен «Жалпыға қол жетімді атмосфералық генератор –WILL» жобасын ұсынды. Ең үздік шешен номинациясына ие болған Асылбек Харун-Рашид пен спорт жарыстары кезінде рекордты бұзып, 220 отырып тұру жаттығуын жасаған Тұрсынов Батыржанды ерекше айтқым келеді.

Қатысушыларға жас кәсіпкердің немесе стартапер рөлінде болу, сонымен қатар құзыретті әділ қазылар алқасы алдында бизнес-жобаларын қорғау оңай болған жоқ. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді - БІЗ МҰНЫ ЖАСАДЫҚ!

Біздің команда 2-ші орынға ие болды. Келесі жылы гран-при мен миллион ұтып алуға мақсат қойдық.

 

 

 

ЖБПФ профессор ассистенті Ж.А. Калыбекова 

 

 

 

Пікірлер

Басқа жаңалықтар

03.03.2016   Олимпиада «Сәулетші болғым келеді!»

2016-жылы наурыз айының 26-да (сенбі күні) сағ.10-00-14-00 дейін, 559-ші дәрісханада (5-ші қабат) Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының «Сәулет» факультетінде орта мектептер мен арнайы орта оқу орындарының оқушыларына арналған «Сәулетші болғым келеді!»