ҚазБСҚА сауалнамасы

Кто из 13 участниц будет обладателем титула: "Мисс симпатий online"?
  • Аширбаева Айдана
  • Толек Мадина
  • Мырзалы Дамира
  • Жанаманова Нурсулу
  • Нигай Виктория
  • Нуркадилова Нуриля
  • Утегенова Лаура
  • Адильхан Камила
  • Ким Виктория
  • Церибова Нарса
  • Аймаганбетова Айгуль
  • Алпысбаева Мадина
  • Изимгалиева Аружан

Голосовать результаты

Хабарлама

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ

2017 жылдың 16-20 қаңтар аралығында сағат 14:00-17:00-де Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында “Ашық есік аптасы” өткізіледі.  09.01.2017 

Жаңалықтар

30

Сәу

Құрметті ұстаздар және ата-аналар!!! ҚазБСҚА жанындағы лицей Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған «Әлем жарқырай түссін» атты балалар сурет байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2018 жылдың 28 сәуірі күні өткізіледі. Байқауға қатысу үшін өтініштерді ҚазБСҚА жанындағы лицейдің электрондық почтасына lyceum@kazgasa.kz 2018 жылдың 27 сәуіріне дейін жібере аласыздар.

толық >>

24

Сәу

2018 жылдың 2 мен 5 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының білім беру саласының заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан ҚазБСҚА жанындағы колледжде іріктеу мемлекеттік аттестация өткізілді.

толық >>
Негізгі бет → Талапкерлерге → Кредиттік оқыту жүйесі

Кредиттік оқыту жүйесі    

 

ҚазБСҚА – толық циклді аяқтаған, ҚР БжҒМ 17.06.03 жылғы №386 «Ғылыми-педагогикалық тәжірибе туралы» бұйрық негізінде кредиттік оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлауды жалғастырып келе жатқан сәулет-құрылыс саласындағы Қазақстанның жалғыз жоғары оқу орны.

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін академия оқу үдерісін толығымен реформалады, осылайша оны жаңа жоспарлаушы және реттеуші құжаттамамен қамтамасыз етті. Атап айтсақ, оқу жоспарларына міндетті және элективті пәндер жүйесі енгізілді. Оқу жоспарына кіретін пәндердің жалпы көлемінің 40% астамын элективті пәндер құрайды.
Таңдау еркіндігі кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшыларының бірі болып табылады: студенттер оқытушыларды таңдау мүмкіндігіне ие болады, және де білім траекториясын өздері қалыптастыра алады. Осыған орай типтік және жұмыс жоспарларымен қатар білім мазмұнын, оқыту ұйымдастырылуын анықтайтын білім алушылардың жеке оқу жоспарлары (Curriculum) енгізілді.
Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай жүргізіледі.
Бакалавриатта 1 кредит 15 апта (семестр) бойы студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 сағатына мен аудиториялық жұмыстың 1 академиялық сағатына тең. Осылайша, кредиттің еңбек сыйымдылығы 45 академиялық сағатқа (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ) тең.
Студент бір семестрде 12 – 18 кредит, бір жылда 24 – 36 кредит жинауы керек.
4 жыл ішінде бакалавр 128 кредит, ал магистрант 6 жыл ішінде 176 кредит жинайды.
Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.
Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (БОӨЖ) – әлем тәжірибесінде қабылданған Office Hours терминінің аналогы. БОӨЖ мақсаты – студентке аудиториялық сабақтар материалы бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық жобаларды, есептеу-графикалық және бақылау жұмыстарын орындауға мүмкіндіктер туғызу.