Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

2008–2009 оқу жылындағы академияның аудиториядан тыс жұмысы

Өткен оқу жылында студенттерді патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, еңбек және жұмыс бастылық саласында жағдай жасау, әлеуметтік қорғау, құқық бұзудан сақтандыру, діни экстремизмнің пайда болуымен күрес және т. б. бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылды және жүргізілді. Үнемі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңаруға және дамуға» жолдамасын насихаттау бойынша іс-шаралар, біздің еліміздегі маңызды оқиғаларға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Тәрбие жұмысы аудиториядан тыс жұмыстың барлық бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілді (тәрбие, профориентациялық, академияның мәртебесін көтеру жұмыстарын қосқанда). Тәрбие жұмысы жөніндегі ҚазБСҚА кеңесі жеке жоспарға сәйкес және апта сайын өтетін оқу-тәрбие мәжілістерінде студент жастармен жұмыстың барлық жүйесінің жағдайы және оны жақсартудың неғұрлым маңызды мәселелерін қарастырады. Нормативтік құжаттар жаңартылды (аудиториядан тыс жұмыс тәртібі, ҚазБСҚА студентінің нұсқаушы-анықтағышы) және ҚРБжҒМ, Алматы қаласы және Бостандық әкімдіктерінің бұйрығы бойынша өткізуге міндетті іс-шаралар жоспары құрастырылды.

Кешенді тәрбие процесі жүйесінде студент жастар ұйымдарына үлкен көңіл бөлінді. Академияның студент жастар комитеті (СЖҚ) студенттік деканаттармен, Студенттер үйі кеңесімен бірлесе отырып ҚазБСҚА-да қоғамдық өмірді ұйымдастыруда және студенттердің шығармашылық потенциалын дамытуда басшылық етеді.

2000 жылдан бастап ҚазБСҚА Президенті ай сайын академияның белсенді жастары және студенттерімен үнемі кездесіп тұрады. Бұл кездесу студенттердің мәселелерінен хабардар болып, оларды шешуге мүмкіндік береді.

Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы табысты дамуда: факультет, колледждің студенттік декандары, Студенттер үйі кеңесінің және студент жастар комитетінің мүшелері белсенді жұмыс атқарды. Қыркүйек айында әр факультетте, колледжде студенттік декан сайланды. Сайлау құпия дауыс беру арқылы, альтернативтік негізде жүргізілді.

Студент көшбасшылардың басшылығымен ҚазБСҚА-ның дәстүрлі іс-шаралары өткізілді, біздің студенттердің қалалық, республикалық іс-шараларға қатысуы ұйымдастырылды. Дәстүрлі іс-шаралар жоғары деңгейде жүргізілді: «Білім күні» («Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» тақырыбына дәріс оқылды, мына номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды: «Ең үздік студенттік топ», «СҮ ең үздік студенттік бөлме», «АЖжХБ бойынша ең үздік декан орынбасары», «Ең үздік студенттік декан», «ҚазБСҚА-да жыл студенті», соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді), «Студент қатарына қабылдану», «Күзгі бал», «Халықаралық студенттер күні», «Қала күні», Жаңа жыл мерекесін қарсы алу, «ҚазБСҚА көктемі» фестивалі, «Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз», «КТК факультетаралық турлары», «ҚазБСҚА аруы», «1-мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы» мерекесі, «9-мамыр Жеңіс күні».

Көктемде 11-рет өткізіліп отырған «Queen of Academy» арулар конкурсы өтті, финалға факультеттер мен колледждердің 12 өкілі қатысты. Конкурс спонсорлар мен ЖАҚ өкілдерінің белсене қатысуымен «Сәулет» мейрамханасында өтті. Әділқазылар алқасы сәулет-құрылыс саласының белгілі өкілдері қамқоршылар кеңесінің мүшелері болды. Бас сыйлыққа ДФ студенті Сапарова Айгерім ие болды. Сондай-ақ ол ҰДП «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған «Жас Отан аруы» қалалық конкурсынан 1-орын алып, Лондонға 2 апталық сапар жолдамасын жеңіп алды.

Академия студенттері жоғарғы буыннан үлгі алады, ардагерлермен, елімізге белгілі адамдармен кездесулер өткізілді. Жас ұрпақ ҰОС қатысқандардың ерлігіне бас иеді, студенттердің ҰОС және еңбек ардагерлерімен Жеңіс күні және Білім күні қарсаңында ҚазБСҚА-ның қысқы бағында өткен кездесуі қызығушылық тудырды.

Үнемі спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады:
- студенттер мен оқытушылар үшін баскетбол, волейбол, күрес, ритмика, футзал бойынша спорттық секциялар жұмыс істейді;
- «Денсаулыққа бағытталған президенттік миля» жаппай жүгіруге 430 студент қатысты;
- Факультетаралық ҚазБСҚА 8-спартакиадасына 1-курстың 326 студенті қатысты (1-орын СФ, 2-орын ЖҚФ, 3-орын ҚТИМФ).

Біздің студенттер ҚР универсиадасы-2009ж. қатысып жүлделі орындар жеңіп алды;
- садақ ату бойынша жеке сынақтан 1-орынға садақ атудан халықаралық кластың спорт шебері Арх-07 тобының студенті Эллина Блонская ие болды;
- бадминтон бойынша 2-орынды ҚазБСҚА құрама командасы алды: ЖҚФ 06–4 тобының студенттері Генин Даниил және Мукушев Денис;
- жүзу бойынша жеке сынақтан 2-орынды ҚТИМФ тобының студенті Ангелина Хрусталева.

ҚазБСҚА студенттері Алматы қаласының әкімдігі, Бостандық ауданы, Қазақстанның Альянс студенттері, Қазақстан Құрылысшылар Ассоциациясы, ҚР сәулетшілер, қалақұрылысы, дизайнерлері, Сәулетшілердің Халықаралық Одағы ұйымдастырған іс-шараларға қатысты. Біздің студенттер аудандық және қалалық іс-шараларға концерттік бағдарламалармен қатысты (Қала күні, Наурыз, Конституция күні, Бұрқақ күні және басқа).

Студенттер шығармашылық конкурстардың, көрмелердің, конференциялардың жеңімпаздары болды:
- СФ магистранты Нұрлан Қойшанбаев «Degree and Profession» халықаралық фестиваліне қатысып «Сәулет» номинациясы бойынша дипломдық жобалар конкурсының жеңімпазы атанды. Ол дипломмен марапатталды және Ромуальдо дель Бианко қорының сыйлығына ие болды – Италияда бір айлық сынақтан өту;
- академия студенттері «Дельфийские игры» атты қалалық көркемөнерпаздық және шығармашылық конкурсқа қатысты: 1-орын — би тобы «YOMYO», 1-орын – Л. Нұрамбекова (фотоконкурс);
- Жыл сайын болатын қалалық «Алматы-менің сүйікті қалам» атты фотоконкурсқа қатысқан ДФ студенті Гроза Маргарита «Қаладағы ең сүйікті жерім», «Алматы жастар қаласы» номинациясы бойынша ІІ-орын алды.
- 9-Республикалық КВН чемпоинаты (Алматы қаласы 22.12.08ж) финалында 1-орынды ҚазБСҚА КВН командасы алды.

Академия студенттерінің конференцияларға, конкурстарға, фестивальдарға, кездесулерге қатысуы:
- «Жаһандандыру және сәулеттің діни өзгешелігі» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция – СФ студенттері;
- «Izover» компаниясының «Офис ғимараты. Мультикомфортты үй» — СФ студенттері;
- «Аква-Терм Алматы» халықаралық көрме – ЖҚФ, ҚТИМФ студенттері;
- Е. Беспалова (ГД 04–1), О. Гордеева (ГД 05–1), О. Пак және Ю. Ни (ГД 06–1),. Клец, Н. Шилко (ГД 04–2), Рагозинаның «Өзім туралы» (ГД 05–2), А. Мамаевтың «Ашық диафрагма» (ГД 04–1) арнайы фотокөрмелері;
- Адамзат ресурстарын дамыту Қазақстан-жапон орталығымен бірлесіп «Ынтымақ жастар қозғалысы» Қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Әлемдік ЖИТС-мен күрес күні шеңберінде «Оригами против СПИДа» қайырымдылық акциясы. ҚазБСҚА студенттерінің 200-ден астам жұмыстары дайындалды және қойылды;
- М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қойылымдарына қатысу – барлық факультет және колледж студенттері;
- СФ магистранты Ю. Пак «Қазақстанда кәріс жастар қозғалысы» ОО конкурсының қорытындысы бойынша мақтау қағазбен марапатталды (25.03.09ж.);
- ЖҚФ студенті К. Жақсымбаева «АР. РУХ. ХАК» ОФ қатысуымен болған сайлауда «Студенттік Омбудсмен» болып сайланды (23.12.08ж.);
- «Менің Отаным Қазақстан» атты мәнерлеп оқудан поэзиялық кеш 24.10.08ж.;
- «ҚазБСҚА студенттері Ақсарай» мюзикл театрының көркемдік жетекшісі Б. М. Атабаевпен кездесті – 19.11.08ж.;
«Алаш» қозғалысының 90-жылдығына арналған жаппай саяси репрессиядан зардап шеккен «Жанашыр» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен студенттердің кездесуі – 21.11.08ж.;
- ҚазБСҚА студенттері Студенттер үйінде ҚР БҒМ министр кеңесшісі В. А. Жексенбекова және ҚР Жастар саясаты департаментінің бас сарапшысы Ш. С. Сұлтанбековамен кездесті, ҚР ЖОО, ССУЗ студенттерінің әлеуметтік белсенділігі тақырыбына – 04.12.08ж.;
- ҚазБСҚА-ның 100 студенті Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының шақыруымен Алматы қаласының әкімдігі мен әкім орынбасарының, сондай-ақ белгілі мәдениет қайраткерлерінің қатысумен болған әйгілі драматург, жазушы және публицист Қалтай Мұхамеджановтың 80-жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өткен М. Әуезов атындағы театрға барды – 24.12.08ж.;
- Ауғанстан әскерлерінің 20-жылдығына арналған салтанатты бағдарлама, ауғандық-ардагерлермен кездесу;
- «Жаңа Су» ОО бірлесе ҚазБСҚА-да жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында студенттерден сұрақ-жауап алу – 22.11.08ж.;
- ҚазБСҚА базасында СҚО қалалық штабымен бірлесе Алматы қаласының ЖОО үшін «СҚО – кәсіби тәрбие мектебі ретінде» тақырыбына семинар өткізілді – 23.11.08ж.;
- халықаралық іс-шараға қатысушылар үшін студенттердің концерттік бағдарламасы (ЦАААСС, «Құрғақ құрылыс жүйелерімен сейсмотөзімді конструкцияларды жобалау» кітабының тұсау кесері (авторы Ә. А. Құсайынов және басқалар), ҚР БҒМ РУМС УМС мәжілістері -12.12.08ж.;
- Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А. К. Каримуллиннің ҚазБСҚА студенттерімен, оқытушыларымен кездесуі, аудан әкімдігі мен ҚазБСҚА арасында «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қою – 20.02.09ж.

Оқу жылында «жатақханада» тұратын студенттермен белсенді жұмыс атқарылды: басшылық және факультет декандары студенттерге қолайлы психологиялық климат және жақсы тұрмыстық жағдай жасау мақсатында «Студенттер үйіне» жиі барып тұрады; Студенттер үйінің студенттер кеңесі және әкімшілігі жатақханада тұратын студенттер үшін бос уақыт іс-шараларын өткізді, белсенді студенттерді моральдық және материалдық қолдау. Студенттер үйінің санитарлық-гигиеналық және эстетикалық күйін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Қала күні, Халықаралық студенттер күні, Halloween, Халықаралық әйелдер күні, Жаңа жыл, Наурыз, Әулие Валентин күні, шахмат турнирі және т. б. арналған концерттік бағдарламалар және би ұйымдастырылды. Қалалық комиссия қорытындысы бойынша ҚазБСҚА «Студенттер үйі» Алматы қаласының барлық ЖОО арасында «Ең үздік жатақхана» деген атаққа ие болды, қорытынды «За дело» газетінде жарияланды.

ҚазБСҚА жетістіктері туралы халықты хабардар ететін, академияның мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жүзеге асырылды:
- Академия студенттері «31 арна», «Қазақстан», «КТК» телеарналарында Алматы қаласының проблемалары туралы, ұлттық сәулет ерекшеліктері, студент жастар мәселелері, жастардың әлеуметтік белсенділігі және басқа «Ән айтыс», «Күй тартыс», «Аламан айтыс», «Сөз тапқыр» сияқты хабарлар сериясын түсіруге қатысты, «Қазақ радиосынан» сөйледі, («Жастар және балалар», «Қазіргі құрылысқа студент жастардың көзқарасы»);
- академия қызметкерлері ЖАҚ баспаларында 62 академияның мәртебесін көтеру материалдары жарияланды, радио және теледидардан сөйледі.

ҚазБСҚА-да жетім және жағдайы нашар отбасынан шыққан студенттерге үнемі қолдау көрсетіліп тұрады. Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасынан шыққан студенттерге «Scholarships» академияның 63 арнайы стипендиясы беріледі. Академияда оқитын мүгедек, жетім және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасынан шыққан студенттерге үнемі материалдық көмек қоры толықтырылып тұрады.

ҚазБСҚА-ның ҰОС және еңбек ардагерлері академия өміріне белсенді қатысады. Олар Білім күнінде, Қарттар күнінде, Жеңіс күнінде студенттердің және корпаративтік іс-шаралардың қонағы. Жыл сайын ҚазБСҚА зейнеткерлері мен ардагерлеріне бір рет берілетін материалдық көмек бөлінеді.

«Түлектердің күзгі жәрмеңкесі-2008» 7 ұйым қатысты. Әңгімелесуге 264 студент қатысты, оладың 160 жұмысқа орналасу туралы ұсыныс жасалды. «Түлектердің көктемгі жәрмеңкесі-2009» 5 ұйым және ҚазБСҚА 102 студенті қатысты.

Маусым айында студент көшбасшылардың басшылықпен кездесуі, «Студенттік пикник» ұйымдастырылды және өткізілді. Жыл қорытындысы шығарылды, келесі оқу жылына мәселелер мен ұсыныстар қарастырылды.

Шілде-тамызда еңбек семестрі өткізілді: «Студенттер алауының» салтанатты ашылуынан бастап, СҚО академияның объектілерінде жұмыс істеп қана қойған жоқ, сонымен қатар мәдени-көпшілік іс-шараларына, спорттық жарыстарға да қатысты.

ҚазБСҚА-ның 200-ге жуық студенті «Жастар тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламаларына қатысады.

2008–2009 о. ж. күздік семестрі бойынша СЖК есебі

Келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

27.08.08 – «Августовские чтения» конференциясы аясында «Школы эдвайзера» отырысы өтті.

01.09.08 "День Знаний в КазГАСА" мейрамы. Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу, студенттерге «Новый Казахстан в новом мире» тақырыбында лекция оқылды. «Лучшая студенческая группа», «Лучшая комната в Доме студентов», «Лучший эдвайзер», «Лучший студент года», «Лучший заместитель декана по ВР» сайс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

16.09.08 күні өткен Студенттер үйінде тұратын студенттермен кездесу барысында, оларға мұнда тұру ережелері, құқықтары мен міндеттері жайында айтылды, ІТЕ талаптарынан да анықтамалар берілді.

20.09.08 Республика Сарайында өткен «Ана тілім – ардағым» өтті.

01.10.08 Қала күні. «Радио КазГАСА» арнасы арқылы ҚазБСҚА оқытушылары мен студенттерін құттықтау. Студенттеріміз қалалық және аудандық іс-шараларға қатысты.

04.10.08 Е. Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Алматы жастар қаласы» гала-концерті өтті.

04.10.08 "Алматы заңдалық қаласы". Family park.

11.10.08 Спортклуб әдеттегідей 1–2 курс студенттерінің қатысуымен «Президентская миля – путь к здоровью» атты жалпылама жүгіріс ұйымдастырылды. Қатысушылар саны өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда көп болды – 424 адам.

Сайыс нәтижелері:
Жігіттер:
І орын – Умбетов К. (Диз 08–1) 00.59.43
2 орын – Ерхожаев Г. (ФСТИМ 08–1) 01.01.38
3 орын – Якименко Б. (Диз 07–4) 01.01.54
Қыздар:
1 орын – Исибекова М. (КДиз 08–1) 1.05.23
2 орын – Большакова С. (Арх 08–4) 1.20.03
3 орын – Котенко Д. (Диз 07–4) 1.25.15
Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

14.10.08 ЖҚФ-ң студ. деканы – Джақсымбаева Қарлығаш Астана қаласында өткен тәрбие ісі жөнінде проректорлар мен СЖК председательдерінің семинар конференциясына қатысты.

17.10.08 "Посвящение в студенты", І курс студенттері қатысатын мерекелік бағдарлама.

17.10.08 Студенттердің шығармашылық жұмыстарының конкурсы, таңдамалы жұмыстар ҚазБСҚА кітапханасының көрме залында ілінді.

19.10.08 "Центральному стадиону 50 лет". Алматы қаласының Орталық стадионы.

23.10.08 ҚазБСҚА президентінің студент жастарының көшбасшыларымен кездесуі. Кездесуде вице-президент пен СБ және СС проректоры да болды.

24.10.08 "Моя Родина Казахстан" атты әдеби кеш. Академия мен колледж оқырмандары арасында конкурс өтіп, жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Студенттермен ҚР-ң мемлекеттік рәміздерінің тарихы және Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттері жайында әңгіме өткізілді.

25.10.08 Республика күні. «Радио КазГАСА» арнасы арқылы оқытушылар мен студенттерді құттықтау.

06.11.08 КК оқушыларының «Осенний балл» мерекесі.

06.11.08 ҚазБСҚА президентінің студент жастарының көшбасшыларымен кездесуі, студенттер ұсыныстары мен қиыншылдықтары туралы сөз қозғалды. Кездесуге ең белсенді 74студенттер қатысты: студ. декандар, ағымдар мен жеке топтар старосталары, спортшылар, суретшілер мүшелері қатысты.

17.11.08 "Международный день студентов". «Радио КазГАСА» арнасы бойынша құттықтаулар мен музыкалық бағдарлама болды.

19.11.08 ҚАзБСҚА-дағы режиссер Атабаева Б. М. шығармашылық кеші. Студенттер «Ақсарай» мюзикл театрының жетекшісімен кездесті.

20.11.08 1курс студенттерінң арасында футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі бойынша факультет аралық спартакиада. Жалпыкомандалық есеп бойынша жарыс нәтижелері: 1 орын – СФ, 2 орын – ЖҚФ, 3 орын – ҚТИМФ.

21.11.08 "Алаш" қозғалысының 90 жылдығына арналған, жаппай саясат репрессияларынан зардап шеккен «Жанашыр» қоғамдық ұйымның мүшелерімен кездесу.

22.11.08 Академия территориясында нашақор таратужағдайларын анықтау мақстаныда студенттер арасында анкеталар таратылды. Сонымен қатар «ЖанаСу» жастар қозғалысымен бірге ҚазБСҚА парақор фактілерін анықтау үшін студенттер арасында әлеуметтік сұрау жүргізілді.

23.11.08 "ССО как школа профессионального воспитания" тақырыбында 1 курс студенттері арасында Қысқы бақта семинар өтті.

26.11 – 28.11.08 мемлекеттік және орыс тіліндегі факультетаралық КТК өткізілді. КТК нәтижелері:

Мемлекеттік тілде:
І. ҚТИМФ
ІІ. ЖҚФ
ІІІ. ДФ

Орыс тілінде:
І. КК және ДФ
ІІ. ҚТИМФ және СФ
ІІІ. ЖҚФ

01.12.08 ҚР Мемлекеттік циркінің алдында орнатылған жаңажылдық шыршаны жандыруға қатысу. Мерекелік іс-шараға Бостандық ауданының әкімі, атақты композитор Е. Хасанғалиев, сонымен қатар Қазақстан эстроадасының жұлдыздары мен цирк әртістері де қатысты.

03.12.08 "Тернистый путь к независимости" тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған Ікурс студенттерінің арасында дебат өткізілді.

04.12.08 СҮ-де ҚР БҒМ министрінің кеңесшісі Жексенбекова Венера Абыхановна және ҚР Жастар саясаты Департаментінің бас эксперті Сұлтанбеков Шынғыс Сұлтанбекович ҚазБСҚА және ҚАУ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу ҚР ВУЗ және СУЗ-ң студенттерінің әлеуметтік өмірі тақырыбында өтті.

05.12.08 Қысқы бақта академия мен колледждің 1–2 курс топтарында Тәуелсіздікке арналған «Цвети, мой Казахстан» атты салтанатты іс-шара өкізілер. Тәуелсіздік монументіне дәстүрлі гүл қою.

06.12.08 ҚазБСҚА студенттері Қазақстан телерадиокомпаниясы ұйымдастырған «Аламан Айтыс» телебағдарламасына қатысты.

12.12.08 Студенттер халықаралық іс-шара қатысушыларына арналған концерттік бағдарламасы. (ЦАААСС, «Проектирование сейсмостойких конструкций с системами сухого строительства» (авторлары А. А. Құсаинов және т. б.) және УМС РУМС МОН РК КазГАСА).

16.12.08 ҚР-ң Тәуелсіздік күні. «Радио КазГАСА» арнасы бойынша құттықтаулар, 1986 жыл желтоқсан оқиғаларына арналған лекция оқылды.

22.12.08 Алматы қаласындағы КТК ойындарының 9-шы Республикалық Чемпионатының финалында ҚазБСҚА студенттері І орын алды.

23.12.08 ОФ «АР. РУХ. ХАК» қатысуымен ҚазБСҚА «Студенттік Омбудсменінің» сайлауы.

24.12.08 ҚазБСҚА 100 студент Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының шақыруымен М. Әуезов атындағы театрында өткен ҚР-ң атақты драматург, жазушы және публицист Қалтай Мұхамеджановтың 80 жылдығына арналған мерекелік кешіне қатысты. Кеште Алматы қаласының әкім орынбасары мен акимат жетекшілері, сонымен қатар ҚР белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылары және әртістері де болды.

26.12.08 ҚазБСҚА және ХБК-ң қызметкерлеріне арналған ҚазБСҚА әншілері мен бишілерінің ұйымдастыруымен өткен Жаңажылдық кеші.

27.12.08 ҚазБСҚА студенттері ХБК, ҚазБСҚА, ҚАУ қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңажылдық қойылым ұйымдастырды.

10.02.09 – Студенттік жастар комитеті мен СБ және СС декандар орынбасарларының басшылығымен жиналыс, кураторлық сағаттар, декандар мен Студенттік кеңесімен кездесулер ұйымдастырылып, алдағы «перепись населения» жайында сұрақтар талқыланды. Академияның оқу корпусы мен Студенттер үйінде ақпараттық парақтар ілініп, студенттермен «перепись населения» жайында түсіндірме жұмыстар өткізілді.

18.02.09 – ҚазБСҚА-ң «Қысқы бағында» СЖК-ң бастауымен студенттердің Афган соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде академия студенттері концерттік бағдарлама көрсетіп, ҚазБСҚА администрациясы қонақтарға естелік сыйлықтар сыйлады.

09–19.02.09 – СБ және СС проректоры әр студенттік топтарды аралап, эдвайзерлердің жұмыс мониторингісін өткізді.

2–18.02.09 – СБ және СС проректоры әр топпен кездесіп, ҚазБСҚА-ның 30.01.09 қабылданған антикризистік бағдарламасы жайында ақпарат берді.

20.02.09 – Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Каримуллин А. К. ҚазБСҚА студенттерімен кездесті. Кездесу барысында акимат пен ҚазБСҚА арасында «Меморандум о Сотрудничестве» құжатына қол қойылды. Студенттер әкімге академияға енгізілген социалды қорғау бағдарламасы жайында, оқу, ғылыми және шығармашылық жұмыстарының жетістіктері туралы да айтты. Әкім студенттер сұрақтарына жауап берді.

Барлық іс-шаралар жоспарға сай өтті. Ай сайын СБ және СС проректорына есеп беріліп отырды, сонымен қатар ҚР БҒМ, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім Департаменті және Алматы қаласы Бостандық ауданының акиматына хаттар жіберілді.

Жаңалықтар

2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі
нақтырақ...
2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі»
нақтырақ...
2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс
нақтырақ...
2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру»
нақтырақ...
2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі
нақтырақ...