Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?
Жұмыс уақыты:
күнделікті: 9.00-ден 17.00-ге дейін
үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін
Кітапхана туралы барлық анықтама тел: 309–61–92, 309–61–73, 309–62–60
Бізді қалай табуға болады:
Кітапхана Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы ғимаратының оқ жақ қанатында орналасқан.
ҚазБСҚА кітапханасының директоры
Асанова Ақмарал Бекқызы
Кітапхана директорының орынбасары
Ульянова Галина Анатольевна
әдебиеттерді жинақтау және
өңдеу бөлімі
Алимбаева Дариға
қызмет көрсету және кітап сақтау бөлімі
АбдуқадыроваЗухра Құрманқызы
Ақпаратты-библиографиялық бөлімі
Әлжанова Гүлнара Қалиясқызы
Кітапханалық қызмет көрсету абонементтер мен 6 оқу залында ұйымдастырылған:
• оқулықтар абонементі – каб. № 129
• № 1 оқу залы және № 2 "Қысқы бақ" оқу залы – каб. № 341
• № 3 оқу залы – студенттерге арналған электронды және мультимедиалы оқу залы – каб. № 243
• № 4 оқу залы – оқытушыларға арналған электронды зал – каб. № 242
• № 5 оқу залы – каб. № 129
• ғылыми әдебиеттер абонементі және № 6 оқу залы – каб. № 129 (жертөледе)
ҚазБСҚА-ның КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ
1. Кітапхана өзінде бар кітаптарды, газет-журналдарды және басқа да материалдарды оқырмандарға уақытша пайдалануға беруді ұйымдастырады.
2. Әдебиеттерді үйге беру ісі қызмет көрсету және кітап сақтау бөлімдерінде жүргізіледі. Оқу залдары әдебиеттерді негізінен тысқа алып шықпай, сол жерде отырып оқуға ұсынады. Оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту үшін оқу залында отырып дайындалуға қандай да бір мүмкіндігі жоқ оқырманға нұсқауға сәйкес «Түнгі абонемент» бойынша әдебиеттерді үйге беру ісі қарастырылған. Қорда жоқ басылымдарға оқырмандар талабы бойынша кітапханадан Кітапханааралық абонементке (КАА) тапсырыс беріледі.
3. КАА бойынша алынған энциклопедиялар, анықтамалар, диссертациялар, ағымдағы баспасөздер, сирек және құнды кітаптар, басылымдар оқу залдарына ғана беріледі. «Міндетті дана» мөртаңбасы басылған соңғы және жалғыз даналар үйге берілмейді.
4. Әдебиеттерді белгіленген уақыттан артық пайдаланған үшін оқырмандар жасалған көпшілік келісімге сәйкес айып төлейді.
5. Оқырмандарды кітапханаға тіркеу оқырманның жоғары оқу орнының қатыстылығын куәландыратын құжаты және 3x4 см. 2 фотосуреті арқылы жүргізіледі.
6. Оқырманға бір ғана оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады.
7. Оқырман кітапханаға тіркелу барысында оның тәртібімен танысьш, оны орындай- тындығын оқырман формулярындағы өзінің қолымен растайды.
8. Оқырман билеті кітапхана қызметін, оның барлық абонементтері мен оқу мен оқу залдарын пайдалануға құқық беретін бірден- бір құжат болып құжат болып табылады.
9. Оқырман билетінің жарамдылығы оқу жылдары. Кітапхана жыл сайын белгіленген уақыт бойынша оқырмандарды алынған барлық әдебиеттері мен қоса қайта тіркеу- ден өткізеді. Қайта тіркелмеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
10. Жоғары оқу орнынан кеткен оқырман кітапханаға барлық алған басылымдары мен оқырман билетін қайтарып береді.
11. Оқырмандар кітапты, басқа да басылымдар мен кейбір материалдарды алған кезде оларды мұқият қарап, қандай да бір ахауын байқаған болса, ол туралы кезекші кітапханашыға хабарлауы керек, өйтпеген жағдайда кітаптың бүлінгендігі жөніндегі жауапкершілік басылымды соңғы пайдадаланған оқырманға жүктеледі.
12. Пайдалану тәртібін бүзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар ҚР-ның күші бар заңдарында, ҚазБСҚА-ның жарғысы мен кітапхананы пайдалану тәртібінде көрсетілген мөлшерде әкімшілік, азаматтыққұқықтық (материалдық) жауапқа тартылады.
13. Тәртіпті бұзған оқырмандарға материалдық жауапкершілік жүктеледі және келтірілген шығынға салынған айыптың көлемін кітапхана әкімшілігі анықтап, оны ҚазБСҚА -ның ректоры бекітеді.
14. Басылымның жоғалуына немесе қалпына келместей етіп бүлінуіне жауапты оқырман оларды дәл сондай басылымға немесе олардың көшірмелеріне, сондай- ақ кітапханада оларға тең деп табылған басқа басылымға ауыстырады, ал ауыстыра алмаған жағдайда- нарықтық құны өндіріліп алынады.
15. Кітапхананы пайдалану тегін. Кітапханада көрсетілген қосымша ақылы қызметті енгізуді, сондай-ақ айыппұл мөлшері мен шегін ҚазБСҚА-ның ректоры бекітеді.
ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ
1. Оқу залындағы әдебиеттерге тапсырыс беру барысында оқырмандар оқырман билетін көрсетеді, қажет кітабына сұраныс қағазын толтырады және қажетті басылымды алған жағдайда, әр басылымның формулярына қолдарын қояды.
2. Оқу залында оқуға берілетін кітаптардың, басқа да басылымдар мен кейбір материалдардың санына шек қойылмайды. Бір мезгілде көп сұранысқа ие болған кітаптарды беру кезінде олардың санына шектеу болуы мүмкін.
3. Оқу залына негізгі кітап қорынан берілген әдебиеттер белгіленген бір уақытқа дейін ғана бөлінуі мүмкін.
4. Оқу залына өзінің жеке және кітапханалық кітаптарымен, журналдармен, газеттермен, басылым беттерінен алынған қиындылармен және басқа да тасқа басылған материалдармен кіруге болмайды.
АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ
1. Абонементке әдебиеттер алуға тапсырыс берген кезде оқырмандар оқырман билетін көрсетеді, оқырмандардың талап қағазын толтырып, кітап формулярына қолын қояды.
2. Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі және абонементте берілетін басылымдар (оқулық, ғылыми және көркем әдебиеттер) саны шектеулі және кітапхана әкімшілігінде саралана анықталып, кітапхананы пайдалану тәртібімен қызмет етеді.
3. Оқырмандар үйге алған кітаптардың, басқа да баспа шығармаларының және кейбір материалдардың мерзімін өзге оқырмандар тарапынан тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзарта алады.
Әдебиеттерін пайдалану мерзімі
Оқу әдебиеттерінің абонементінде:
1. Қоғамдьқ ғылым жөніндегі әдебиеттер олардың санының жеткілікті болуына байланысты оқу жылына шектеусіз мөлшерде беріледі; Егерде оқулықтардың саны шектеулі болсаг онда кітаптар топтарға бөлініп беріледі.
2. Оқу және әдістемелік әдебиеттер белгіленген мерзімде міндетті түрде қайта тіркелгеи жағдайда сәйкес келетін пэкдерді оқу барысында беріледі.
3. Жалғыз даналар тек оқу залдарында ғана беріледі.
Ғылыми әдебиеттер абонементінде:
1. Ғылыми және арнаулы әдебиеттер 2–3 данадан 20 күн мерзімге беріледі. Данасы жеткілікті болса жекелеген кітаптарды семестр бойына беру қарастырылады.
2. Үлкен сұранысқа ие әдебиеттер құжатпен (куәлік, паспорт) 1–2 күнге ғана беріледі.
3. Жалғыз даналар тек оқу залдарында ғана беріледі.
4. Энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалардың жекелеген түрлері оқырмандар пайдалану үшін оқу залдарына көтеріледі.
Көркем әдебиеттер абонементінде:
1. Көркем әдебиеттер 1–2 данадан 20 күннен артық емес мерзімге беріледі.
Оқу залдарынан әдебиеттер «Түнгі абонемент» бойынша беріледі.
Өткен жылдың мерзімді басылымдары 5–6 атаудан 20 күнге дейінгі мерзімге беріледі.
Ағымдағы жылдың оқу процесіне арналған мерзімді басылым¬дары 1 күнге, қалғандары 5–7 күнге беріледі.
Пайдалану мерзімі материалға оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда созылуы немесе егер басылым жалғыз дана болса, яғни үлкен сұранысқа ие болса қысқаруы мүмкін.
Кітаптарды көрсетілген мерзімде өз уакытында қайтармаған жағдайда айыппүл төлеу немесе кітапхананы пайдалану құқынан 2 айға дейін айыру қарастырылған.
Жаңалықтар
2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі
нақтырақ...
2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі»
нақтырақ...
2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс
нақтырақ...
2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру»
нақтырақ...
2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі
нақтырақ...