|
Жаңалықтар2009-11-16 Халықаралық Білім беру Корпорациясы Батыс - Қазақстан Компусының ашылуы
Ғимарат А.А.Құсайыновтың басшылығымен бір топ ҚазБСҚА сәулетшілерімен жобаланған. Көлемі 8500 шаршы метрден асатын 3 қабатты сәулет ғимараты өзінің түпнұсқалық ашық, кең, жарықтығымен есте қаларлық. Ғимарат тек Батыс аймақтағы оқушылардың білім алуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен халықаралық жеткілікті деңгейде білім алам деушілердің бәріне есігі ашық. ҚАУ-дың Батыс-Қазақстандағы филиалы 2004 жылдан бері әрекет етуде, 2009 ж қыркүйегіне дейін тек мектептебі ғана жұмыс істеп келді. Мектеп үш деңгейде білім береді: бастауыш, негізгі және орта білім беру кешені. Мектеп директоры - Кенжина Сәуле Жұмалиқызы. 2009 жылы тұңғыш рет техникалық және кәсіби білім беру мамандықтарына лицензия алғаннан кейін колледжде тоғыз мамандық бойынша алғашқы қабылдау жүргізілді: 04020004 “Дизайн” (сала бойынша); 1401000 “Ғимараттар мен имараттар құрылысы мен пайдалану”; 1514000 “Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану” (сала бойынша) ; 1306000 “Радиоэлектроника және байланыс”; 1309000 “Оптикалық және электронды құрал-жабдықтар”; 0512000 “Аударма ісі”; 0518000 “Есеп және аудит”; 0519000 “Экономика” ; 0516000 “Қаржы”. ХБК БҚК Жаңа оқу ғимаратының ашылуына Атырау қаласы колледжі мен мектептерінің директорлары, мектептер мен колледждер оқушыларының ата-аналары қатысты. Облыс Әкімімен кездесу болды және БҚК оқу корпусының кабинеттеріне серуен жасалды.
Бас оқу ғимаратын ашуға дайындық барысында ХБК БҚК басшылығына әдістемелік- ұйымдастыруға көмектесу мақсатында Атырау қаласына ҚазБСҚА және ҚАУ АБК колледждерінен ҚАУ және Қаз БСҚА колледждерінің директорлары – Г.А.Айгараева мен Г.А. Новикова жіберілді. Ашылудан кейін ХБК БҚК осыған қатысты Атырау қаласының БАҚ-мен бірге баспасөз-конференциясы өтті. Атырау қаласының көптеген газеттерінде бұл оқиға жарық көрді. Жергілікті телеарналардан компустың ашылуы туралы хабарлар берілді. Мерекелік көңіл-күй мен ғимараттың ішкі және сыртқы безендірілуінің жинақтылығы орасан зор оқиғаға ұласты, ол тек Атырау қаласы ғана емес, сондай-ақ Республика үшін де үлкен оқиғаға айналғаны жасырын емес.
|
Жаңалықтар2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы нақтырақ... 2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері нақтырақ... 2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ нақтырақ... 2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары» нақтырақ... 2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 309 6143, 380 0666, 323 6312 |
index group жасалған |