Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Жаңалықтар

2009-10-27

English Club мәжілісі өтті

«Жер бетінде тіршілік бола ма, әлде жоқ па? »

ҚазБСҚА-ның жалпы гуманитарлық дайындық факультетінің ағылшын тілі әуесқойлар клубының кезекті дөңгелек үстел мәжілісіне хош келдіңіздер

2009 жылдың 21 қазанында ҚазБСҚА-ның жалпы гуманитарлық дайындық факультетінде ЖГДФ профессор ассистенті Л. Б. Нагиятованың жетекшілігімен АРХ-09-4 студенттері ұйымдастырған «English Club» мәжілісі өтті. English Club құрметті қонақтарының арасында халықаралық қатынастар және студенттік істер жөніндегі проректор Г.С. Әбдірасылова, ЖГДФ деканы Н. С. Шынтаева, оқытушылар Г. А. Кәрібаева, Ж.У. Сұлтанбаева және т.б болды.

English Club кезекті мәжілісі «Жер бетінде тіршілік бола ма, әлде жоқ па?» деген тақырыппен экология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларына арналды.
Студент жастар күллі адамзат проблемаларына қалай қарайды? Қане, біздің студенттеріміз не айтады екен, құлақ түрелік: «Адамзат баласы біз не істесек те, Жер өзгеріссіз қала береді дегенге әрдайым құлай сенді. Енді біз бұның дұрыс емес екенін білеміз. Табиғатқа үлкен қауіп төніп тұр. Бір елдің ластануы Жер бетіндегі бүкіл елдің жанына батар өткір проблемаларының біріне айналды».
Баяндамашылар атап өткен проблемалар күллі планетамыздың экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірген студенттердің қызу пікір-таласын туғызып, олардың пікірі бір арнаға келіп тоғысты: «Қоршаған ортаны қорғау проблемасы бүгінгі таңда барша адамзат баласы үшін өмірлік маңызды мәселені көрсетеді. Адам өзін қоршаған өлі табиғат пен барлық жанды тіршілікке зиян келтірмеу керектігін, табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға болмайтынын ақыр аяғында түсініп, түйсіне білуі керек».
Аталмыш проблеманы талқылау мен шешімдер іздестірудің маңызды сәті әлемнің жаратылуының, Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің бақыты мен қауіпсіздігінің жаңа тұрғыдағы ұғымдарын жасау болды.

«Дөңгелек үстелді» талқылау келесі қарарларды қабылдаумен аяқталды:
1. Жер – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек.
2. Әркім өзінің табиғатқа деген қарым-қатынасын өзінен, өзінің тұратын үйінен, өзінің пәтерінен бастауы ләзім.
3. Әркім өзінің бау-бақшасында өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасауы керек.
4. Дүние жүзінің елдері мен мемлекеттері шексіз-шетсіз жаңа қару жасай бермей, оның орнына қоршаған ортаға төніп тұрған кез-келген қатерді болдырмау үшін күресулері керек.
5. Біздің үкіметіміз отандық және шетелдік мұнай және кен өндіруші компаниялардың біздің ауамызды, жерімізді, теңізімізді ластандыруға тиым салатын заң шығаруы керек.
6. Бізі жерімізді бүлдірмей, керісінше әсемдеуге тиіспіз.
7. Қоршаған ортаны қорғау проблемасы бүгінгі таңда баршамыздың ортақ ісіміз.

<< жаңалықтар тізіміне

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...