Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

2011 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Колледж және Лицейге

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне (ҚР БҒМ 29.11.2007 ж. № 587 бұйрығы, 08.06.09 ж. № 278 өзгертулермен); Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне (ҚР БҒМ 25.12.07 ж. № 651 бұйрығы) сәйкес дайындалған.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Колледж (бұдан әрі – колледж) орта (негізгі, жалпы, техникалық және кәсіптік) білімі бар мамандар дайындайды.

2. Колледжде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

3. Колледжде білім алу күндізгі және сырттай түрлері бойынша жүргізіледі.

  1. ҚазБСҚА жанындағы колледжге қабылдау тәртібі

4. Колледжге орта негізгі (жалпы негізгі), орта жалпы (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Републикасының азаматтары, ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтты тұлғалар, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР заңнамаларында бекітілген тәртіпке сәйкес қабылданады.

5. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар, сәйкес кәсіби оқу бағдарламалары бойынша колледжге қысқартылған мерзіммен оқуға қабылдануға мүмкіндіктері бар.

6. Колледжге күндізгі және сырттай оқу түрлеріне мынадай мамандықтар бойынша қабылданады:

0416000 – Сәулет (күндізгі оқу бөлімі)

0402000 – Дизайн (кәсібі бойынша) (күндізгі оқу бөлімі)

0515000 – Менеджмент (салалар және қолдану облысы бойынша)

0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша)

0519000 – Экономика (салалар бойынша)

0713000 – Геодезия және картография

1401000 – Ғимараттар мен салындылардың құрылысы және қолданылуы

1404000 – Сумен жабдықтау және субұру жүйелерін тазарту салындылары

1412000 – Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру

1414000 – Жиһаз өндіру (түрлері бойынша)

1514000 – Экология және табиғи ресурстарды тиімді қолдану (салалар бойынша).

7. Колледжге күндізгі оқуту түріне түсушілердің өтініштері <b>20 маусымнан 20 тамызға</b> дейін, сырттай оқу бөліміне <b>20 маусымнан 20 қыркүйекке</b> дейін қабылданады. Күндізгі оқу бөліміне түсу емтихандары <b>1 тамыздан 28 тамызға</b> дейін, сырттай оқу бөліміне <b>1 тамыздан 25 қыркүйекке</b> дейін өткізіледі.

Күндізгі оқу бөліміне 0416000, 0402000 мамандықтары бойынша <b>20 маусымнан 20 шілдеге</b> дейін құжаттар қабылданады, арнайы мамандық (шығармашылық) емтихандары <b>21 шілдеден 28 шілдеге</b> дейін өткізіледі.

8. Колледжге түсушілер оқуға тусу өтінішімен қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У үлгідегі медициналық анықтама қағазын, № 063 екпе картасын, (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедек — МСЭ қорытындысы), 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет (шығармашылық мамандыққа 5 фотосурет), жалпы білім беру мептерінің ағымдағы жылғы түлектері бірыңғай ұлттық тест немесе кешенді тесттің нәтижелері туралы сертификатты тіркейді. Талапкерлер жеке басын куәландыратын (жеке кәулігі, туу туралы куәлік және төлқұжат) құжаттарын жеке ұсынады. Оқуға түсушілердің күндізгі және сырттай оқу түрлеріне қатысты өтініштері бөлек тіркеледі және есептеледі.

9. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, қоныстану орны бойынша тіркелген, ҚР тұрғылықты қоныстану құқығы бар құжат ұсынады: шетел азаматы – қоныстану ықтиярхат; азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжатын; қашқын – қашқын төлқұжатын, оралман – оралманның төлқұжатын.

10. ҚР уақытша қоныстанған тұлғалар, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе көші-қону кәртішкесінің көшірмесін ұсынады.

11. Кешендi тестілеу (жоғары оқу орнына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестке қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат ұсынған азаматтар (ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру түлектері), оқу орнына түсу емтихандарынан босатылады және 14-ші тармақта қөрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

12. Колледжге түсу емтихандары:

- <b>үш пән бойынша</b> (жалпы орта білімі, мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар) жалпы орта білім беретін оқу бағдарламасы көлемінде (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейініне сәйкес пән бойынша), оның ішінде:

- 0416000 — «Сәулет», 0402000 — «Дизайн» мамандықтары үшін — қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы;

- 0519000 — «Экономика», 0515000 — «Менеджмент», 0713000 — «Геодезия және картография», 1401000 — «Ғимараттар мен салындылардың құрылысы және қолданылуы», 1414000 — «Жиһаз өндіру», 1412000 — «Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру», 1404000 — «Сумен жабдықтау және субұру жүйелерін тазарту салындылары» мамандықтары үшін қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика;

- 1514000 — «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы үшін қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология.

- <b>екі пән бойынша</b> (негізгі жалпы білімі бар) негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламасы көлемінде (қазақ/орыс тілі және мамандық бейініне сәйкес пән), оның ішінде:

- 0416000, 0402000 мамандықтары үшін қазақ немесе орыс тілі;

- 0519000, 0515000, 0713000, 1412000, 1414000, 1411000, 1404000 мамандықтары үшін қазақ/орыс тілі, математика;

- 1514000 — «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы үшін қазақ/орыс тілі, биология.

- 0416000 — «Сәулет», 0402000 — «Дизайн» мамандықтарына түсушілер екі шығармашылық емтихан тапсырады, олар: сурет және сызу.

Арнайы (шығармашылық) емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға себепсіз келмей қалған талапкер келесі емтиханға жіберілмейді.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу түрінде әрбір пән бойынша 30 тест сұрағы болады. Әрбір тест сұрағының дұрыс жауабы 1 балл санымен есептеледі. Үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптың кодтары тест біткеннен соң бірден ілінеді. Тестілеу нәтижелері тест өткізілген күні жарияланады;

2) Пәндік оқуға түсу емтихандарының нәтижесі бойынша "3", "4", "5" бағалары, қабылдау комиссиясымен мынадай балл сандарына ауыстырылады: "3" бағасы – 10 балл, "4" бағасы – 20 балл, "5" бағасы – 30 балл.

13. Тест тапсырмалары (сұрақтары) мен пән бойынша емтихан нәтижелерін бағалау кезінде бірыңғай талаптарды қадағалауды қамтамасыз ету, даулы сұрақтарды шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында академияда апелляциялық комиссия құрылады.

Пән бойынша түсу емтиханы немесе тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруге құқығы бар.

Талапкер түсу емтиханының нәтижелері жариялағаннан кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясына апелляцияға өтініш бере алады, одан кейін апелляциялық комиссия өтінішті қарап, шағымданушының қатысуымен шешім қабылдайды.

Пән бойынша түсу емтиханы мен тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

14. Күндізгі оқу бөлімінде оқитындарды қабылдау <b>25 тамыздан 30 тамызға </b>дейін, сырттай оқу бөліміне <b>15 қыркүйектен 30 қыркүйекке</b> дейін конкурстық негізде жүргізіледі.

Конкурс мынадай түрде өткізіледі:

- ағымдағы жылдың бірыңғай ұлттық тест нәтижелері (ҰБТ) бойынша берілген сертификаттағы балл саны негізінде;

- ҚР ЖОО-на түсу үшін кешенді тест түрінде өткізілген оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балл саны негізінде;

- колледжде өткізілген пәндер немесе кешенді тест түріндегі оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген балл саны (бағасы) негізінде;

- оқуға қабылдау кезіндегі байқауда, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатында көрсетілген үш пән бойынша балл сандарының қосындысы есепке алынады.

Негізгі жалпы білімі барлар – екі пәннен балл саны 20-дан төмен, ал орта жалпы білімі барлар – 3 пәннен балл саны 30-дан төмен болған жағдайда, оқушылыр қатарына қабылдау байқауына жіберілмейді.

3. ҚазБСҚА жанындағы Бейіндік мектепке қабылдау тәртібі

15. Бейіндік мектеп келесі мамандықтар бойынша қысқартылған мерзімді курстар ұйымдастырады: «1С.8» бухгалтері, хатшы-референт, оператор (3DMAX, Autocad, CorelDraw), құрғақ тәсіл бойынша құрылыс маманы (гипсокартонмен жұмыс жасау).

Оқыту мерзімі: 10 күннен 1 айға дейін созылыды. Бейіндік мектепті бітірушілерге бекітілген үлгідегі куәліктер (сертификаттар) беріледі.

16. ҚазБСҚА жанындағы бейіндік мектепке қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет: ҚазБСҚА жанындағы бейіндік мектеп директорының атына өтініш; білім деңгейіне сәйкес құжат; 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама; 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет.

4. ҚазБСҚА жанындағы лицейге қабылдау тәртібі

17. ҚазБСҚА жанындағы лицей мынадай бейіндік бағытта 5–11 сыныптарға қабылдауды жүзеге асырады:

· сәулет, сурет және дизайн;

· жаратылыстану-техникалық.

18. Лицейге қабылдау байқау негізінде жүзеге асырылады, мекен-жайы ескерілмейді. Байқаулық таңдау мазмұны мен іріктеу түрі, білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламалары бойынша анықталады.

19. Лицейге түсушілер оқуға түсу өтінішімен бірге туу туралы куәлігінің көшірмесін, баланың жеке картасын, 3х4 көлемдегі 6 фотосурет.

20. Лицейдің Қабылдау комиссиясы құжаттарды 20 маусымнан 29 тамызға дейін қабылдайды. «Сәулет, Сурет және Дизайн» бейіні бойынша оқуға түсушілер шығармашылық жұмыстар тапсырулары керек.

21. Оқушыларды лицейге қабылдау әңгімелесу түрінде өткізіледі. Әңгімелесу барысында оқушылырдың білім деңгейі мен табысты оқу зейіндері анықталады.

22. Әңгімелесу мерзімі оқушылардың жиналуына байланысты бекітіледі.

ҚазБСҚА жанындағы Колледж және Лицейге құжаттарды қабылдау және өткізу мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)309–77–33, 380–06–66

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы –Ибрашова Алуа Хужабаевна.

Жаңалықтар

2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі
нақтырақ...
2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі»
нақтырақ...
2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс
нақтырақ...
2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру»
нақтырақ...
2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі
нақтырақ...