Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?
2011 жылы Халықаралық білім беру корпорациясына (ХБК) оқуға

2011 жылы Халықаралық білім беру корпорациясына (ХБК) оқуға

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқытуға қабылдаудың Типтік ережелері (19.12.2007 ж. ҚР БҒМ № 638 бұйрығы, 21.01.10 ж. № 14 өзгертулер және толықтырулармен), жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқытуға қабылдаудың Типтік ережелері (01.04.08 ж. ҚР БҒМ № 161 бұйрығы 09.07.10 ж. өзгертулермен) негізінде дайындалған.

  1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі – корпорация) жоғары, ЖОО-нан кейінгі білімі бар мамандарды, ОПҚ-ын қайта дайындауды (біліктілікті көтеру) жүзеге асырады.

2. Корпорацияда білім беру күндізгі, сырттай, сырттай-қатыстырып оқыту түрлерінде жүргізіледі.

3. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

4. Корпорацияға жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

  1. Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі

5. Халықаралық білім бері корпорациясы (бұдан әрі – ХБК) келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:

  1. 5В042000 – Сәулет
  2. 5В042100 – Дизайн
  3. 5В050600 – Экономика
  4. 5В050800 – Есеп және аудит
  5. 5В071100 – Геодезия және картография
  6. 5В050500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолдану саласы бойынша)
  7. 5В072900 – Құрылыс
  8. 5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын мен құрастырылымдарын өндіру

6. Корпорацияға қабылдау мемлекеттік бюджеттiк қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты (бiлiм беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік бiлiм беру гранты Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар өзге мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкiлдерiне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына берiледi.

Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

8. Корпорацияға азаматтарды қабылдау ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi — ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығы (бұдан әрi – ҰТО) әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

9. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарының (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектептің бітірушілері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды корпорацияға ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды корпорацияның Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

11. Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды корпорацияның Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 5В042000-Сәулет, 5В042100-Дизайн мамандықтарына түсу барысында кәсіптік жоғары білімі бар азаматтар әңгімелесуден басқа екі шығармашылық емтихан (бірінші білімі ұқсас мамандықтардан басқалары) тапсырады.

12. Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттар «Білім туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау» (31.03.11 ж. ҚР № 336 БҚ) Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қабылданады:

 — білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (құжат ресмилендірілуі тиіс);

 — білімі туралы құжат қосымшасы (түпнұсқа) төмендегі ақпараттарды қамтуы тиіс: практикадан өткен оқу пәндерінің сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және біліктілік жұмыстары, оқу үдерісінің басқа құрамы (құжат ресмилендірілуі тиіс);

 — мемлекеттік және орыс тілінде білімі туралы құжат пен қосымшаның нотариалдық куәландырылған аудармасы. Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасы территориясындағы нотариуспен немесе территориясында құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдарымен орындалуы тиіс;

Кейбір жағдайларда (мысалы, прецендентін мойындағанда) құжат берілген елдегі ҚР дипломатиялық қызмет органымен территориясында құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдарымен орындалған аударма берілуі мүмкін;

 — мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармамен білімі туралы құжат иесінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

 — оқу орнының мөрімен куәландырылған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда (қажетті жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілінде нотариалдық куәландырылған аудармасымен), білімі туралы құжат берген оқу орнының аккредитациясы туралы лицензия және/немесе куәлік көшірмесі.

13. Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді корпорациянының Қабылдау комиссиясы <b>20 маусым мен 1 шілде аралығында</b> жүзеге асырады.

Шығармашылық емтихан <b>2–7 шілде аралығында</b> өткізіледі. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу.

Әр шығармашыл емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны — 25.

Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Шығармашылық емтихандарды тапсырмаған немесе құжаттарын қайтарып алған талапкерлердің емтихандық жұмыстары мен емтихан қағаздары талапкерге қайтарылмайды, жойылады.

14. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат корпорацияның Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiшін, аттестат немесе кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) оқу орнының дипломын (түпнұсқа), тест сынағын өткiзуге қажетті ақыны төлегенi туралы түбiртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екi фотосуретті (5В042000, 5В042100 мамандықтарына түсетіндер – 3 фотосурет), 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады. <b> </b>

15. <b> </b>Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау <b>20 маусым мен 9 шілде аралығында</b> жүргізіледі. Кешенді тестілеу <b>17–23 шілде аралығында</b> өткізіледі.

16. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс.

17. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі:

- 5В042000, 5В042100 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі;

- 5В050600, 5В050700, 5В050800, 5В071100 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, география;

- 5В072900, 5В073000, 5В072500 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, физика.

18. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептелінеді: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

19. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

20. Тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды ілінеді.

21. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу өткізілген жоғары оқу орнында өткізіледі.

22. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.

23. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күннің ішінде береді.

24. Тестілеу нәтижесімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруіне құқы бар. Апелляцияға өтініш аппеляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейінгі күннің сағат 13-ге дейін беріледі және оны аппеляциялық комиссия қарастырады.

25. Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi. Мемлекеттік білім гранттарын алу байқауына қатысу үшін құжаттар &lt;b&gt;23-шілде мен 31-шілде&lt;/b&gt; &lt;b&gt;аралығында&lt;/b&gt; қабылданады.

Тағайындауды білім саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.

26. Мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына қатысу үшін азамат корпорацияның Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, <b> </b>білімі туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, 3х4 көлемiндегi екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама және де жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткізеді.

27. Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді.

Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

28. Білім беру грантын алу үшін басым құқыққа ие азаматтар қабылдау комиссиясына басым құқықты растайтын құжат тапсырады.

29. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары (жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топ мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедек­теріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін) барлық мамандықтар бойынша бөлінеді.

30. Шығармашылық мамандықтарын таңдаған талапкерлер, оның ішінде "Алтын белгі” белгісінің иегерлері білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

31. Білім беру грантын алу байқауында қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдары есепке алынады.

Байқауға қатысу үшін 50 балдан кем жинамауы тиіс, оның ішінде кемінде 7 балл профильдік пән бойынша (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл болуы қажет.

32. Білім беру грантын алу байқауы кезінде ҰБТ сертификатына немесе кешенді тестілеу балына сәйкес:

1) "Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар. Халықаралық және мемлекеттік олимпиаданың пәндері, ғылыми жарыстардың, орындаушылар байқауының, спорттық жарыстардың пәндеріне сай мамандықтар тізімін Министрлік бекітеді.

33. Білім беру гранттары бірінші кезекте Типтік ережелердің 32 бабына сәйкес ЖОО-на түсуге құқылы азаматтарға тағайындалады:

Бұдан әрі білім беру гранттарын тағайындау талапкерлер өтініш білдірген тіл бөлімдері, жоғары оқу орындары және мамандықтардың реті бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеудегі сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

34. Тiл бөлiмдерiнiң бiрiнде босаған орындар мамандықтар iшiнде конкурстық негiзiнде тағайындау үшiн берiледi.

Бiлiм гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.

35. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатының көрсеткіші бірдей болған жағдайда мемлекеттік грантқа, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік грантқа жетім балалар; ата-ана қарауынсыз қалған балалар; І және ІІ топ мүгедектері; туа біткен мүгедектер; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысына сай білім беру ұйымдарына білім алуға тыйым салынбаған мүгедек балалар; оқуды үздік аяқтағандықтары туралы құжаттары бар азаматтар құқылы.

36. Ауыл жастарына бекітілген квота бойынша мынадай жағдайда мамандықтарға байқау жүргізіледі: 70 пайыз грант осы мамандықтардың жалпы санынан және оқуту тілі, жалпы байқаудың тәртібі бойынша, ал қалған 30 пайыз грант ауылдан келген жастар арасында байқау жүргізу арқылы беріледі.

Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.

Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

37. Мемлекеттік комиссия бiлiм гранттарын иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.

Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға корпорацияның Қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледі.

Корпорацияның Қабылдау комиссиясына азаматтар қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

38. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі бар азаматтар арнайы (шығармашылық) емтиханды ХБКда тапсырған жағдайда ғана корпорацияға қабылданады.

39. Ақылы негізде оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

40. Қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды <b>10-нан 25-ші тамыз</b> аралығында өткізеді.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

41. ҰБТ қорытындысы бойынша және кешенді тестілеуден жоғары балл алған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге, корпорация «Scholarships» білім беру грантына байқау жүргізеді.

«Scholarships» грантының иелері, бiрiншi емтихан сессиясының нәтижесi бойынша тек қана «өте жақсы» болатын бағалар, «Scholarships» академияның арнайы стипендиясының беруі туралы ережелерге сәйкес грант бойынша оқуды жалғастырады. Басқа жағдайда, оқушы өз оқуына толық көлемде төлем ақысын төлейді бiрiншi курстаң бiрiншi семестрiнен.

  1. Магистратураға қабылдау тәртібі

42. ХБК магистратурасына жоғары білімі бар және ғылыми жұмысқа бейім ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар төмендегі мамандықтар бойынша қабылданады:

6М042000- Сәулет

6М042100- Дизайн

6М050600- Экономика

6М050700- Менеджмент

6М071000- Материалтану және материалдар технологиясы

6М071100- Геодезия

6М072500- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (сала бойынша)

6М072900- Құрылыс

6М073000- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

6М073100- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

43. ХБК магистратурасында оқу ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауда мемлекеттік тапсырысты орналастыру, сонымен қатар азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

44. Өзге мемлекеттің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтының өкілдері жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ҚР-ның азаматтарымен бірдей құқылы.

ҚР-ның тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орнынын кейінгі білімді ақысыз алуға мүмкіншілігі бар, егер олар осы білім түрін бірінші рет алып жатса.

45. Басқа шетелдік азаматтар ХБК магистратурасына Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

46. Өтініштерді қабылдау <b>01-нен 30 шілдеге </b>дейін, оқуға түсу емтихандары <b>01-нен 20 тамызға</b> дейін, оқуға қабылдау <b>31 тамызға</b> дейін жүргізіледі.

47. Магистратураға оқуға қабылдау оқуға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде өткізіледі.

47–1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, өту балл саны — 560 кем емес), International English Language Tests System (IELTS, өту балл саны – 6.0 кем емес), Grundbaustein DaF (өту балы — С1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, өту балы – C1), Diplome d’Etudes en Langue franзais (DELF, өту балы – В2), Diplome Approfondi de Langue franзais (DALF, өту балы – С1), Test de connaisances de franзais (TCF, өту балл саны – 400 кем емес) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тестілеу сертификаты бар ҚР азаматтары, магистратураға түсудегі шет тілі емтиханынан босатылады.

48. Магистратураға оқуға түсушілер шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

Шетел азаматтары қазақ тілінен немесе орыс тілінен және мамандық бойынша оқуға түсу емтихандарын тапсырады.

Шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі бойынша оқуға түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығы әзiрлеген технология бойынша, БҒМ бекіткен орталықтарда тапсырылады

Оқуға түсу емтихандарын жүргізу және магистратураға қабылдану кезеңінде, құрамы мен құзырын ХБК Президенті бекітетін — ХБК Қабылдау, пәндік емтихандық және апелляциялық комиссиялары құрылады.

49. Мамандық бойынша емтихан жоғары кәсіптік білімнің алдыңғы саты бағдарламалар көлемінде ХБКның Қабылдау комиссиясымен өткізіледі. Мамандық бойынша оқуға түсу емтиханын өткізу түрі Қабылдау комиссиясымен анықталады.

Емтихан қайта тапсырылмайды.

50. Оқуға түсу емтиханының нәтижелерімен келіспеген азамат, аппеляциялық өтініш беруіне болады.

Апелляция қарастырылғаннан кейін, емтихандық жұмыстың бағасы бойынша шешім қабылданады (көтеру немесе төмендету).

51. Корпорацияның Қабылдау комиссиясына азаматтар магистратураға қабылдау өтінішімен бірге жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжат, 47–1 т. көрсетілген бағдарлама бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда), 3х4 қөлеміндегі 6 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, төлқұжатының көшірмесін өткізулері тиіс.

52. Магистранттар қатарына қабылдау корпорацияның қабылдау комиссиясымен <b>31 тамызға</b> дейін жүзеге асырылады.

Магистратураға мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға, мамандық және шет тілі бойынша түсу емтихандары бағаларының қосындысы 8 балдан кем болмайтын тұлға жіберіледі (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4-балдық шкаласы бойынша).

53. Емтихандық бал көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық, шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандарынан жоғары баға алған азаматтар оқуға қабылдауда басым құқыққа ие болады

  1. ХБК жанындағы Үздіксіз білім бері институтына қабылдау тәртібі

54. Үздіксіз білім беру институтының негізгі міндеті лицензияланған мамандықтар бойынша ҚР сәулет-құрылыс бейініндегі ЖОО оқытушыларының қысқа мерзімді біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру мен жүргізу және қайта дайындау, құрылыс сұрақтары бойынша кеңес беру қызметі болып табылады.

55. Біліктілікті көтеру және қайта дайындау курстарына орта кәсіптік білімі бар немесе ЖОО-мен, компаниялармен шарттық негізде немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша азаматтар қабылданады.

56. Қысқа мерзімдік курстардың ұзақтығы 2 аптадан 6 аптаға дейін.

57. Біліктілік курстары аяқталғанда тыңдаушыларға белгіленген үлгіде куәлік (сертификат) беріледі.

Халықаралық білім беру корпорациясына құжаттарды қабылдау және өткізу мерзімі туралы сұрақтар бойынша Қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)309–77–33, 380–06–66

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы –Ибрашова Алуа Хужабаевна.

USI�,ue�D�Aspan lang=EN-US> en Langue franзais (DELF, пороговый балл – В 2), Diplome Approfondi de Langue franзais (DALF, пороговый балл – С 1), Test de connaisances de franзais (TCF пороговый балл – не менее 400), освобождаются от вступительного экзамена по иностранному языку в магистратуру.

48. Поступающие в магистратуру сдают вступительные экзамены по одному из иностранных языков (английский, французский, немецкий) и по специальности.

Иностранные граждане сдают вступительные экзамены: по казахскому или русскому языкам (язык обучения) и по специальности.

Вступительные экзамены по иностранному, казахскому и русскому языкам сдаются по технологиям, разработанным Национальным центром тестирования Министерства образования и науки РК в центрах, создаваемых МОН РК.

На период проведения вступительных экзаменов и зачисления в магистратуру в МОК создаются приемная, предметные экзаменационные и апелляционные комиссии, состав и полномочия которых утверждаются Президентом МОК.

49. Экзамен по специальности проводится Приемной комиссией МОК в объеме программ предшествующей ступени высшего профессионального образования. Форма проведения вступительного экзамена по специальности определяется приемной комиссией.

Пересдача экзаменов не допускается.

50. Гражданин, не согласный с результатами вступительных экзаменов, может подать апелляционное заявление.

После рассмотрения апелляции выносится решение апелляционной комиссии об оценке по экзаменационной работе (как в случае ее повышения, так и понижения).

51. В Приемную комиссию корпорации граждане к заявлению о приеме в магистратуру прилагают: документ о высшем образовании (подлинник); копию сертификата о сдаче теста по программам, указанным в пункте 47–1 (при наличии); 6 фотокарточек размером 3x4; медицинскую справку формы 086-У; копию документа, удостоверяющего личность; личный листок по учету кадров и нотариально засвидетельствованную копию трудовой книжки при наличии; список научных и научно-методических работ при наличии; а также копию квитанции об уплате регистрационного взноса.

52. Зачисление в число магистрантов осуществляется приемной комиссией корпорации до 31 августа.

К зачислению на обучение по государственному образовательному заказу допускаются лица, набравшие по сумме вступительных экзаменов по специальности и иностранному языку не менее 8 баллов (по 4-х балльной шкале оценки знаний по каждой дисциплине).

53. В случае одинаковых показателей конкурсных баллов преимущественное право при зачислении получают граждане, имеющие наиболее высокую оценку по специальности, по иностранному, казахскому и русскому языкам по 100-балльной шкале оценок.

  1. Порядок приема в Институт непрерывного образования при МОК

54. Основной задачей Института непрерывного образования (ИНО) является организация и проведение краткосрочных курсов повышения квалификации и переподготовки преподавателей вузов архитектурно-строительного профиля РК по лицензированным специальностям, оказание консультационных услуг по вопросам строительства.

55. На курсы повышения квалификации и переподготовки принимаются граждане, имеющие среднее профессиональное или высшее профессиональное образование, либо на договорной основе с ВУЗами, фирмами, компаниями, либо по государственному заказу.

56. Продолжительность краткосрочных курсов от 2<sup>х</sup> до 6<sup>ти</sup> недель.

57. По окончании курсов повышения квалификации слушателям выдаются удостоверения (сертификаты) установленного образца.

По вопросам приема и о сроках сдачи документов в МОК обращаться в Приемную комиссию 309–77–33 (Ответственный секретарь ПК – Ибрашова Алуа Хужабаевна).

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...