Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті «Академияның оқу бөлімдер құрылымын қайта құру туралы» 2005 жылдың 3 мамырындағы № 25 бұйрығы бойынша шет тілдері, қазақ және орыс тілдері, әлеуметтік ғылымдар кафедраларының негізінде құрылды. Факультеттің құрылу мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді жүйелі түрде координациялау және біртұтас әрі жалпы кәсіби мамандық пәндері мен жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындықтың өзара тығыз байланысын орнату.
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті жалпы білім беру пәндері бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, философия, Қазақстан тарихы, әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздерін 1–2 курстың барлық мамандықтарына жүргізеді. Оқу үрдісінде жаңа аудио-видео құралдар мен оқулықтар, бағдарламалық өнімдер қолданылады. Оқытушылар сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданады: RWT, іскерлік ойындар, пікірсайыстар, оқытудың интерактивті әдістері. Факультетте жаңа техникамен жабдықталған мамандандырылған кабинет бар.
Профессор-оқытушылар құрамы
Факультет құрамына жоғарғы оқу орындарында тәжірибесі бар және жоғары білікті 31 оқытушы кіреді. Олардың ішінде ассоциаланған профессорлар — 8: Шынтаева Н. С., Абилова Б. А., Джанықулова С. К., Әдилбаева У. Б., Нұрмахова Ж. К., Бөгенбаева А. К., Жампейсова Ж. М., Ақбаева Л. Н. 23 профессор ассистенті, 1 офис-менеджер бар. Факультет деканы – ассоциаланған профессор, п. ғ. к. ШЫНТАЕВА НҰРСҰЛУ САЙЛАУҚЫЗЫ (тел. 309–65–81) Декан орынбасары – профессор ассистенті МИНАЕВА АЙСЛУ ЖҰЛДҰЗҒАЛИҚЫЗЫ (тел. 309–61–89).
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: - оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру, оның интенсификациясы; - білім сапасын көтеру; - пәндерді оқытуды оқу-әдістемлік қамтамасыз ету (ӘҚК, АҮМ, медиаоқулықтар).
Факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің функциялары және ОПҚ жүргізген жұмыстары: - оқу сабақтарынгың барлық түрлерін жүргізу әдістемесін жетілдіру; - факультеттің жетекші оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және талдап қорыту; - оқу процесіне ақпараттық оқыту технологиясын енгізу және заманауи техникалық оқыту құралдарын қолдану; - оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға ұсыну және талқылау.
Факультетте жалпы міндетті пәндер бойынша (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, философия, әлемдік тарих, құқық негіздері, әлеуметтану) оқу-әдістемелік кешенін жүйелендіру және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. Жоғарыда атлған пәндер бойынша толық оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жүзеге асырылды: әдістемелік қамтамасыз ету карталары, тест тапсырмалар банкі, емтихан сұрақтары, рейтингке материалдар, активті үлестірмелі материалдар, бейне тұсаукесерлер әзірленді. ҚазБСҚА-да тілдік пәндер өте жоғары әдістемелік деңгейде өтеді. Ол үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Оқыту деңгей бойынша жүргізіледі. Студент тілді меңгеру деңгейін бір семестрде кем дегенде бір деңгейге көтеруі тиіс. Тілдік пәндерден аралық, қорытынды бақылау кешенді түрде өтеді: теориялық және практикалық. Қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндерінен жоғары білікті оқытушылар сабақ жүргізеді. Олар үнемі әдістемелік ізденіс үстінде, жылына екі рет біліктілік көтеру курстарына, тілдерді оқыту әдістемесі тақырыбында өтетін халықаралық, республикалық конференцияларға қатысады. Академия президенті Ә. А. Құсайыновтың жетекшілігімен «Тілдерді білу деңгейін анықтаудың жан-жақты критерийі» тақырыбында оқу-әдістемелік құралын оқу үрдісіне енгізу нәтижесінде бірнеше рет қайта қаралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жүзеге асуда. Факультетте төрт секция жұмыс істейді: қазақ, орыс, ағылшын тілдері және әлеуметтік ғылымдар секциясы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ СЕКЦИЯСЫ. Факультетте қазақ тілінен біліктілігі жоғары 8 оқытушы жұмыс істейді. Олар соңғы 5 жылда 12 электрондық оқулық, 30-дан астам әдістемелік құрал мен нұсқаулар шығарды. Секция оқытушылары қазақ тілін меңгертуде жаңа технологияларды қолданады. Ай сайын қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша семинарлар өткізеді. Оқытушылар қызметінің нәтижесі ғылыми және әдістемелік басылымдарынан көрінеді. Біліктілігі мен кәсіби шеберлігін көтеруде үнемі жұмыс жүргізіледі. 2009–2010 оқу жылының қорытындысы бойынша профессор ассистенті Ә. Ө. Жакупова «Ең үздік оқытушы» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ СЕКЦИЯСЫ. Секцияда 14 ағылшын тілі оқытушысы жұмыс істейді. Секцияның оқытушылары ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыспен айналысады. Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері бойынша бейне тұсаукесер сабақтарын, семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, ағылшын тілі клубы ұйымдастырылды. Клуб жоспары бойынша ай сайын студенттер мен ағылшын тілінде қызықты тақырыптарда, пікірталас, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Бірқатар оқытушылар біліктілікті арттыру бағдарламасында белсенділік танытса, енді біразы шет елден оқып келуде. Clobal Education, Macmilan ұйымдастырған. Оқытушылар MacMILLAN, Oxford Interpress өкілдіктерінің семинарларына қатысып отырады. Оқытушылар оқу барысына енгізуге ұсынылған жаңа оқу құралдарымен танысады. Олардың мазмұны туралы нақты мәліметтер беріледі, сонымен бірге оқу үрдісінде оларды пайдаланудың әдістемелік нұсқаулары да беріледі. Ағылшын тілін меңгертудің жаңа әдістері ұсынылады, әрі талқыланады, оның ішінде сабақты «жанды» етіп өткізуде, түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, студенттерге белгілі бір тақырыптарды меңгертуде қызғылықты қылып өтудің жолдары талданады. Оқытушыларға өз-өзін тестілеу мүмкіндігі беріледі.
ОРЫС ТІЛІ СЕКЦИЯСЫ. Секцияда 5 оқытушы жұмыс істейді. Олардың үшеуі – ғылым кандидаттары. Оқытушылар 2008–2009 оқу жылында электронды оқу құралы «Практический русский язык для студентов всех специальностей» (Абилова Б. А., Нұрмахова Ж. К.), әр түрлі форумдарда бірнеше мақалалар жарық көрді. 2009–2010 оқу жылының қорытындысы бойынша ассоц. профессор Б. «Ең үздік әдіскер» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР СЕКЦИЯСЫ. Әлеуметтік ғылымдар секциясында 7 оқытушы қызмет атқарады. Олардың ішінде 4 ғылым кандидаты, 2005ж. ҚР МОН Грант иесі, 1 оқытушы 2011 жылы докторлық диссертация қорғауды жоспарлап отыр. 1. Секция оқытушылары әртүрлі ғылым сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Профессор ассистенті Л. В. Наурызбаеваның XX ғ. Қазақстан мәдениетінің дамуына арналған 30-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. 2. Қазақстан тарихы (ассоц. профессор Ә. К. Бөгенбаева), философия (ассоц. проф. Л. Н. Ақбаева), құқық негіздері (проф. ассист. С. Б. Береке) пәндері бойынша ағылшын тілінде жұмыс бағдарламалары мен силлабустар әзірленді.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Факультеттің ұйымдастырумен жыл сайын «Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзекті мәселелері: ізденістер және шешу жолдары» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конфренция өткізіліп, материалдары жинақ ретінде шығуда. Факультеттің ғылыми жұмысының міндетінің бірі студенттерді ғылыми жұмысқа тарту болып табылады. Осы мақсатта ОПҚ жетекшілігімен студенттердің ғылыми жұмысы жүзеге асырылады, нәтижесінде «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» тақырыбында жыл сайын өткізілетін конференция, ең үздік жұмыстар жинақта жарияланады. Ассоц. профессор Ұ. Б. Әділбаева, проф. ассистенті Ж. У. Сұлтанбаеваның жетекшілігімен студенттер «Молодежь и наука: реальность и будущее» тақырыбында Ресейдің Невинномысск қаласында 2010 жылдың сәуірінде өткен халықаралық студенттер конференциясына сырттай қатысты. Факультеттің бірқатар оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады: 1. Акбаева Л. Н. «Теоретические основы изучения этноэстетики в вузах РК» (докторлық диссертация); 2. Абилова Б. А. «Лингводидактическая основа и методическая система учебников по языку специальности» (доктолық диссертация); 3. Гайиполва Г. А. «Сравнительно-типологичское изучение фразеологических единиц разносистемных языков (на материале романа-эпопеи „Путь Абая“ М. Ауезова»; 4. Тәшимбай С. К. — Берікбай Сағындықұлы (ҚазҰУ) ғылыми жетекшілігімен «Мухаббатнаме» (XIV ғасыр) ескерткішінің лексикасы" тақырыбында; 5. Жакупова Ә. Ө. – ф. ғ. д. Рақымжан Тұрысбек (ҚазҰУ) ғылыми жетекшілігімен «Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ әдеби сынының мәселелері» тақырыбында; 6. Шонайбаева А. Т. – «Ұйымдық-өкіметтік құжаттарындағы стандарт тілдік бірліктер»; тақырыбында; 7. Нагиятова Л. Б. – ф. ғ. д. Нұрғожина Ш. И. ғылыми жетекшілігімен "Функционально-типологические и жанровые особенности региональной прессы на примере материалов печати Кызыл-Ординской области 1991–2007г. г.. " тақырыбында кандидаттық диссертация жазу үстінде. 8. Кенгжегарина А. З. «Ә. Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар»; 9. Айекешов Н. Т. «Социологический анализ процесса социальной реаблитации инвалидов»; 10. Милинова А. К. «Көркем аудармадағы ұлттық таным».
Жалпы гуманитарлық дайындық факультетінде академия мен колледждің барлық мамандықтарының 1–2 курс студенттері оқитын болғандықтан көптеген тәрбиелік шаралардың жүргізілуіне факультет оқытушылары жауапты. Сол себепті аудиториядан тыс уақытта «English Club», «Жүзден жүйрік» клубтары жұмыс істейді. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мақсатында интернет арқылы көптеген алдыңғы қатарлы дамушы елдердің (Германия, Польша, АҚШ, Ресей, Канада, Голландия) жоғары оқу орындары оқытушылармен байланыс жасауда. Байланыс нәтижесінде алынған ақпараттар факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланады. Оқытушылар эдвайзерлік қызметті, сондай-ақ академияның мәртебесін көтеру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізді. Нәтижесінде, 2009–2010 оқу жылының соңында ассоц. проф. А. К. Богенбаеваға «Ең үздік имиджмейкер», проф. ассистенті А. Ж. Минаеваға «Ең үздік эдвайзер» атағы берілді. 2010 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне орай факультет оқытушылары С. С. Зулқарнаева, С. К. Джанықулова, Л. Н. Ақбаева, Н. Т. Айекешев, А. К. Бөгенбаева ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған дәрістер өткізді.
2010 жылдың аяғында профессор ассистенттері Тәшімбай С. Қ., Кенжегарина А. З., Шонайбаева А. Т. кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.