Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Факультет тарихы. Факультеттің қайнар көзі сонау 50-ші жылдардан басталады, ол кезде Қазақ тау-кен металлургиялық институтының, кейін В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының негізінде құрылған еді, факультетте ең ежелгі және ең қажет мамандық – құрылысшы мамандығы бойынша мамандар даярланады. Өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында жалпы құрылыс факультеті Қазақстан үшін жоғары білікті инженер-құрылысшылар дайындау арқылы отанымыздың дамуына зор үлес қосуда. Оның қалыптасу және даму кезеңдерінің кейбір сәттеріне тоқталып өтейік:

· 1957 ж. — Қазақ тау-кен металлургиялық институтының «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бірінші рет студенттер қабылданды. 1959 ж. —Б. С. Жармағамбетовтың жетекшілігімен бірінші кафедра «Құрылыс ісі» ұйымдастырылды.

· 1961 ж. инженерлік- құрылыс факультеті құрылды, ал 1964 ж. факультетте сырттай оқу бөлімі ашылды.

· 1962 ж. – инженер-құрылысшылардың бірінші түлектері бітіріп шықты.

А. Т. Әубәкіровтың және Ю. И. Немчиновтың дипломдық жобалары үлгілі деп танылды. Кейіннен бұл түлектер ғалым болды, техника ғылымдарының докторы атанды. Дипломдарын 18 адам үздік қорғады, оның ішінде белгілі ғалымдар, педагогтар, өндірістегі мамандар – Т. Ж. Акбердин, М. М. Сабалаков, М. А. Ашимбаев, А. А. Беспаев, А. Ш. Татыгулов, П. В. Корольков және басқалар бар еді.

Дипломдық жобалауға кафедра оқытушыларымен қатар жобалау институттарының белді мамандары да жетекшілік етті.

· 1963 ж. — құрылыс факультетінде «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету» мамандығы ашылды.

Осы кезде факультет ҚазПТИ-да үлкен бастаушы факультеттердің біріне айналды. Құрылғанына бір жыл толмай жатып, факультет «Политехникалық институттағы көктем» атты көркем өнерпаздар байқауында екінші орынды жеңіп алды. Осы уақытта «Құрылысшылардың эстрадалық миниатюралар театры» ұйымдастырылды, жарты жыл өтпей-ақ, оның негізінде жалпы институттық «Политехниктердің эстрадалық миниатюралар театры» құрылды. Құрылысшылар көп рет ҚазПТИ, кейіннен АСҚИ спартакиадаларының жеңімпаздары атанды.

· 1980 ж. Алматы сәулет-құрылыс институты құрылды.

· Ол кезде құрылыс факультетінде «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен қамтамасыз ету және канализация» мамандықтары бойынша студенттер оқыды.

· 1988 – 1990 жылдары «Экономика және құрылысты ұйымдастыру», «Көтергіш-транспорттық, құрылыс-жол машиналары және құрал-жабдығы» деген екі жаңа мамандықтар ашылды.

· 1995 – 1997 жылдары «Қала құрылысы және шаруашылығы», «Құрылысты механикаландыру және автоматтандыру», «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары ашылды.

· 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы (ҚазМСҚА) деп аталынуынан Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) болып аталды.

· 2011 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚазБСҚА заң жүзінде жекелілігін жоғалтып, ҚазБСҚА Кампусы түрінде Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) құрамына енді.

Қазір факультетте 1163 студент білім алып жатыр, оның ішінде 712–і күндізгі оқу бөлімінде оқыса, 451–і сырттай оқу бөлімінде оқиды.

Білім беру қызметі. Қазіргі уақытта факультет студенттерді «Құрылыс» мамандығы (бакалавриат) бойынша төмендегідей мамандандыруларға оқытады:

· Үймереттер мен ғимараттарды есептеу және жобалау (ҮҒЕЖ);

· Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы (ӨАҚТ);

· Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету (ЖГҚЖ);

· Сумен жабдықтау және канализация (СЖК);

· Мұнай-газ құбырларының және мұнай қоймаларының құрылысы (МГҚҚ 2011 жылы ашылады).

Өндіріспен байланыс. Факультет республиканың алдыңғы құрылыс компанияларымен «Базис», «КУАТ», «Алматыкурылыс», «Алматыгорстрой», «Алматыкульбытстрой», «Элитстрой», «Казстройсервис», «ТS-Engineering» тығыз байланыста. Студенттердің салалық пәндер бойынша практикалық дағдылануын дамыту үшін факультеттің мына ұйымдарда филиалдары бар: АМФ-1 АО «Имсталькон» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), АО «Серт» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), КазНИИССА («Құрылыс конструкциялары» пәні), Инжстрой («Құрылысты механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру» пәні). Филиалдардың ашылуы студенттердің практикаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін арттырады және біріге отырып оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Факультеттің мамандандырулары КазНИИССА-да ашылған өздерінің филиалдарының мүмкіндіктерін студенттердің оқу және өндірістік практикаларын, сондай-ақ аспиранттар мен магистранттардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру үшін белсенді түрде пайдаланады. Оқу барысында мынандай компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады: "Лира”, "Мираж”, "Автокад”, "Скад”, "Пакет”, «Мономах”, „Рама”. MatLab бағдарламасының көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізіледі және механикалық жүйелер зерттеледі, энергетикалық жүйелердің модельдері жасалады; курстық жобаларды компьютерлік есептеу үшін М-файлдар жасалған.

Профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлер. Қазір факультетте 35 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 – академиялық және 20 ассоциацияланған профессорлар, 11 профессор ассистенттері бар. Факультетте оқытушылардан басқа қызметкерлер: кеңсе менеджері, хатшы-референт, лаборант қызмет атқарады.

Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы оқытатын пәндеріне байланысты шартты түрде алты топқа бөлінеді.

Бірінші топ ол “Инженерлік механика I» (теориялық механика), «Инженерлік механика II» (Материалдар кедергісі) және «Инженерлік механика III» (Құрылыс механикасы және Серпімділік теориясы), «Ғимараттардың динамикасы және орнықтылығы» сияқты пәндерден сабақ беретін оқытушылар. Бұл пәндерді мына оқытушылар оқытады:

· Достанова Сауле Хажигумаровна, т. ғ. д., 2003 ж. (т. ғ. к. 1973 жылдан), ЖҚФ-нің академиялық профессоры, факультетте 2009 жылдан бері жұмыс істейді, ғылыми-педагогикалық өтім қырық жылдай. 208-б кабинетінде орналасқан.

· Слямбаева Аймаш Коныргазиевна, 1998 жылдан т. ғ. к., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 2000 жылдан бері жұмыс істейді, сабақты мемлекеттік тілде өткізеді. 208-а кабинетінде орналасқан.

· Гуменюк Валерия Владимировна, 2008 жылдан т. ғ. к., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 2000 жылдан бері жұмыс істейді. 208-а кабинетінде орналасқан.

· Касымова Гульсум Темирхановна, профессор ассистенті, факультетте 2000 жылдан бері жұмыс істейді. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

· Төлегенова Орынша Елеусизовна, профессор ассистенті, факультетте 2011 жылдан бері жұмыс істейді. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

Олар студенттерді, жалпы гуманитарлық дайындық және ғылыми жаратылыс тану факультеттерінде оқылатын пәндерді тәмамдағаннан кейін, біздің факультетте бірінші болып қарсы алатындардың бірі, арнайы пәндерді игеруге қажетті базалық білім беретін де солар.

Оқытушылардың екінші тобы студенттерді «Құрылыс машиналары және құрал-жабдығы», «Құрылысты механикаландыру», «Құрылыстағы электрлендіру және автоматтандыру», «Металлтану және дәнекерлеу» сияқты пәндермен сусындырады. Бұл пәндерді мына оқытушылар жүргізеді:

· Мауленов Жұмаділ Карбышевич, т. ғ. д., 2010 ж. (т. ғ. к. 1990 жылдан бері), ЖҚФ-нің академиялық профессоры, факультетте 1981 жылдан бері жұмыс істейді. 208-г кабинетінде орналасқан.

· Бурцев Виктор Васильевич, т. ғ. к. 1974 ж. ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1987 жылдан бері жұмыс істейді. 208-в кабинетінде орналасқан.

· Нурпеисова Сауле Абрахмановна, п. ғ. к., 2009 ж., факультетте 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 208-г кабинетінде орналасқан.

· Сейтказинов Оразалы Дауткалиевич, т. ғ. к., 2010 ж., профессор ассистенті, Факультетте 2010 жылы жұмысқа орналасты. ЖҚФ-нің декан орынбасары болып істейді, 209-б кабинетінде орналасқан.

Аталмыш оқытушылар студенттерге құрылыс машиналары және құрал-жабдығы, құрылысты механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру, металлтану және дәнекерлеу туралы үйретеді, білім береді.

Оқытушылардың келесі тобы болашақ мамандарға аса керек пәндерді жүргізеді. Мынандай маңызды пәндер оқылады: «Құрылыс конструкциялары I», «Құрылыс конструкциялары II», «Құрылыс конструкциялары III», «Ғимараттарды сынау», «Ғимараттардың зерттелуі және реконструкциясы», «Қазіргі компьютерлік есептеулер», «Биік үймереттерді жобалау және есептеу», «Кеңістік конструкцияларды жобалау және есептеу», «Сейсмотөзімді ғимараттарды есептеу», «Инженерлік ғимараттарды жобалау және есептеу». Бұл пәндерді факультеттің бастаушы оқытушылары оқытады:

· Бакиров Келес Капашевич, т. ғ. к. 1976ж., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1984 жылдан бері жұмыс істейді. 210-б кабинетінде орналасқан.

· Базаров Ратбек Бутеевич, т. ғ. к. 2006ж., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 212-в кабинетінде орналасқан.

· Жансеитов Марат Фатихович, т. ғ. к. 1982ж., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1991 жылдан бері жұмыс істейді. 210-в кабинетінде орналасқан.

· Келемешев Алпысбай Джумагалиевич, т. ғ. к. 2006ж., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1998 жылдан бері жұмыс істейді. 212-в кабинетінде орналасқан.

· Ажгалиева Бану Аккуановна, профессор ассистенті, факультетте 1994 жылдан бері жұмыс істейді. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

· Ходжағали Ирада Низаматдинқызы, профессор ассистенті, 2010 жылы профессор С. О. Оспановтың жетекшілігімен магистратураны бітірді, 5 ғылыми мақалалары жарық көрді, каб. 350.

· Аманжолов Елдес Қанатбекұлы, профессор ассистенті, 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

Бұл оқытушылар студенттерді даярлап шығарады және олар оқытатын пәндер студенттерге үймереттер мен ғимараттарды, жеке конструкцияларды жобалау, есептеу, зерттеу және эксперимент жүргізу бойынша терең білім алуға мүмкіндік береді және алған білімдерін дипломдық жұмысты орындағанда қолдана білуге дағдыландырады. Олардың барлығы инженер-құрылысшы біліктілігіне ие, сондықтан олар «Үймереттер мен ғимараттарды есептеу және жобалау» мамандандыруы бойынша дипломдық жобалардың жетекшілері болып табылады.

Жоғарыда айтылған оқытушылармен бірге құрылыс бакалаврын дайындауда «Геотехника I» (Топырақ механикасы) және «Геотехника II» (Негіздер, іргетастар және жерасты құрылыс) сияқты пәндерден сабақ беретін оқытушылар да тығыз байланыста еңбек етеді. Бұл пәндерді мына оқытушылар оқытады:

· Оспанов Серғазы Оспанович, т. ғ. к. 1967ж., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1968 жылдан бері жұмыс істейді, тәжірибелі педагог, сонау ҚазПТИ-дың құрамы болған кезден бастап факультетте бірнеше онжылдықты артқа тастаған өнегелі ұстаз, 80-нен аса ғылыми еңбектері және әдістемелік нұсқаулары жарияланған, 210-г кабинетінде орналасқан.

· Хомяков Виталий Анатольевич, т. ғ. д., 2010ж. (т. ғ. к. 1996ж.), ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 1987 жылдан бері жұмыс істейді, 70-тен аса еңбегі жарияланған. 210-а кабинетінде орналасқан.

· Сағыбекова Ақмарал Оразбековна. т. ғ. к. 2009 ж., профессор ассистенті, факультетте 2006 жылдан бері жұмыс істейді, 210-а кабинетінде орналасқан.

Оқытушылардың бұл тобының барлығында инженер-құрылысшы біліктілігі бар және дипломдық жобаларға жетекшілік етеді.

Оқытушылардың келесі тобы «Құрылыс өндірісінің технологиясы I», «Құрылыс өндірісінің технологиясы II», «Құрылыс өндірісінің технологиясы III», «Сейсмотөзімді үймереттерді салу», «Жөндеу жұмыстарының технологиясы», «Металлконструкцияларды жасау және жинау». «ҚЖЖ-ң сапасын бақылау» сияқты пәндерді үйретеді. Бұл пәндерді мына оқытушылар жүргізеді:

· Бесимбаев Ерік Тұрашевич, т. ғ. д., 2010ж. (т. ғ. к. 1992ж.), ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, Факультетте 1996 жылдан бері жұмыс істейді. ЖҚФ-ң деканы; 50-ден аса еңбектері мен патенттері бар, декан кабинеті 209-в-да орналасқан.

· Байтурсунов Диас Мадиевич, т. ғ. д., 2009ж. (т. ғ. к. 1974ж.), ЖҚФ-нің академиялық профессоры, факультетте 1994 жылдан бері жұмыс істейді. 80-нен аса еңбегі жарияланған, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы, 6 патенті бар. 212-в кабинетінде орналасқан.

· Нұршанов Серік Аширович, т. ғ. к., ЖҚФ-нің ассоциацияланған профессоры, факультетте 2010 жылдан бері жұмыс істейді, 70-тен аса еңбегі жарияланған. 212-б кабинетінде орналасқан.

· Джумағалиев Талғат Қумарғалиевич, профессор ассистенті, факультетте 1995 жылдан бері жұмыс істейді, 40-тан аса еңбегі жарияланған. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

· Тәжімұратов Рахим Қалиевич, профессор ассистенті, факультетте 2009 жылдан бері жұмыс істейді. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

· Алмабекова Софья Маратовна, профессор ассистенті, Хомяковтың В. И. жетекшілігімен «Сары топырақтағы іргетасты жобалаудың ерекшеліктері» атты магистрлік диссертация қорғағаннан кейін, факультетте 2010 жылдан бері жұмыс істей бастады. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

· Қалиев Мұрат Мақұлбекұлы, профессор ассистенті, 50-ден аса еңбегі жарияланған. 212 кабинетінде орналасқан.

· Құлманов Қалижан Серікұлы, 2000 жылдан т. ғ. к., профессор ассистенті, 18 ғылыми мақалалары жарық көрген. 212 кабинетінде орналасқан.

Осы топқа жататын барлық оқытушылар инженер-құрылысшы біліктілігіне немесе құрылыс бакалавры, магистры дәрежесіне ие. Олар студенттерді бітіртіп ұядан ұшырады, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» мамандандыруы бойынша дипломдық жобалардың жетекшілері болып табылады.

Оқытушылардың соңғы тобы 2010–2011 оқу жылының көктемгі семестрінде құрылыс технологиялары және менеджменті факультетінен жалпы құрылыс факультетіне «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен жабдықтау және канализация» мамандандыруларымен бірге ауыстырылды:

· Пяк Олег Югиевич – «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен жабдықтау және канализация» бағыттары бойынша академиялық профессор, т. ғ. к., академияда 30 жылдан астам жұмыс істейді, «Жылыту, желдету және ауаны кондиционирлеу», «Өнеркәсіптік вентиляция», «Арнайы объектілерді желдету», «Ғылыми зерттеулер негіздері» пәндерін жүргізеді. 40-тан астам еңбектері жарық көрген. 211 кабинетте орналасқан. Тел. 309–62–71

· Тойбаев Кенжехан Дуйсебаевич, 2006 жылдан т. ғ. д, ассоциацияланған профессор, академияда 1980 жылдан жұмыс істейді, «Сумен жабдықтау, канализация және гидравлика» пәні бойынша сабақ жүргізеді. 100-ден аса еңбектері жарық көрген. 211 кабинетте орналасқан.

· Джартаева Диляра Карсыбаевна, 1979 жылдан бері т. ғ. к., ассоц. профессор. «Гидравлика», «Инженерлік жүйелер», «Сумен жабдықтау және канализация жүйелері», «Сорғыш және су алатын ғимараттар», «Тұрғын кешендерінің инженерлік-техникалық құрал-жабдығы», «Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері», «Өртке қарсы сумен жабдықтау» пәндерін жүргізеді. 100-ден аса еңбектері жарық көрген, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы бар.

· Джунусов Толқын Гаппарович, т. ғ. к, ассоциацияланған профессор. «Су ресурстарын кешенді пайдалану», «Гидрология және гидротехникалық құрылыс», «Сорғыш және су алатын ғимараттар», «Инженерлік жүйелер» пәндерін жүргізеді. 35 ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. 211 кабинетте орналасқан.

· Ауельбеков Сейлхан Шадибекович, т. ғ. к, ассоциацияланған профессор. «Жылу техникасы», «Құрылыс жылуфизикасы», «Қолданбалы гидроаэромеханика», «Инженерлік жүйелер» пәндерін жүргізеді. 30-дан астам еңбектері жарық көрген. 211 кабинетте орналасқан.

· Алиев Бахтияр Зияевич, ассоциацияланған профессор. «Газбен жабдықтау», «Сұйылған көмірсутекті газдар», «Газбен жабдықтау жүйесін қалыптау және пайдалану», «Газбен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі», «Қазіргі магистралды газқұбырлары» пәндерін жүргізеді. 30-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. 211 кабинетте орналасқан.

· Таубалдиева Ақсауле Сагатуллаевна, т. ғ. к, ассоциацияланған профессор. «Суды тазалаудың физикалық-химиялық әдістері», «Инженерлік жүйелер», «Суды тасымалдау», «Суды тазалаудың техникасы мен технологиясы», «Өнеркәсіптік сумен жабдықтау және канализация», «Тұрғын кешендерінің инженерлік-техникалық сумен жабдықтау және канализация», «СЖжК құрал-жабдығы және аппараттары» пәндерін жүргізеді. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. 209 кабинетте орналасқан. ЖҚФ-нің АтЖжХБ бойынша декан орынбасары болып істейді.

· Сейдалиев Талгат Орынбасарович, профессор ассистенті. «Жылумен қамтамасыз ету», «Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік құрал-жабдығы», «Инженерлік жүйелер» пәндерін жүргізеді. 10 шақты еңбектері жарық көрген. 305 ассистенттер бөлмесінде орналасқан.

2009 жылы «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету», «Сумен жабдықтау және канализация» бағыттары бойынша академиялық профессор Пяк О. Ю., профессор ассистенті Шагатаев Б. А. Астана қаласындағы жаңа университеттің жобасына сараптама жасауға қатысты. Тексерудің нәтижелері бойынша сараптаманы сапалы өткізгендері үшін ҚР БжҒМ-нің алғысымен марапатталды. Барлық бағыттардың оқытушылары ҚАУ-нің АК-ын жобалауға қатысады.

Факультеттің деканаты 2011–2012 оқу жылында айтарлықтай жаңарды. Факультеттің деканы – т. ғ. д., ассоц. профессор Бесимбаев Ерік Тұрашұлы, оқу ісі және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары – техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациясын жақында қорғаған профессор ассистенті Сейтқазинов Оразалы Даутқалиевич, аудиториядан тыс жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары – Слямбаева Аймаш Қоңырғазықызы, т. ғ. к, ассоциацияланған профессор. Деканаттағы жұмыстарды, сондай-ақ кеңсе менеджері Ахаева Зарина Өксікбаевна атқарысады. Факультеттің бес зертханасындағы зертханалық жұмыстарды техникалық қамтамасыз етумен лаборант Кенебаева Айнұр Кенримкуловна айналысады.

Оқу-әдістемелік жұмыс. Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері: оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру, оның интенсификациясы, жоғары біліктілікті, бәсекелеске түсе алатын маман дайындаудағы оның тиімділігін арттыру болып табылады. Факультеттің әдістемелік жұмысына Факультеттің Әдістемелік Кеңесі жетекшілік етеді және оны бағыттап отырады. Факультеттің Әдістемелік Кеңесін ЖҚФ-нің профессор ассистенті Ажғалиева Бану Аққуановна 2011 жылдан басқарады. ЖҚФ-нің оқытушыларының өзара бір-бірінің сабақтарына тәжірибе жинақтау мақсатымен және жас оқытушыларға көмек ретінде қатысуының мәселелерімен, мастер-класс өткізу жұмыстарымен профессор ассистенті Тәжімұратов Рахым Қалиевич айналысады.

Факультеттің Әдістемелік Кеңесінің функциялары және оқытушылар жүргізетін жұмыстар:

  • факультеттің бастаушы оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін талдау және жалпылау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар жасау, оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру, компьютерлік техниканы және басқа да техникалық оқыту құралдарын пайдалану, олардың тиімділігін талдау;
  • оқытушылардың тәжірибе жинақтау және жас оқытушыларды сабақ беру әдістемесі мен оқу сабағының уақытын бөлуге үйрету мақсатымен өзара бір-бірінің дәрістік және практикалық сабақтарына қатысуын ұйымдастыру;
  • оқытушылар жазған оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ студенттердің өздік жұмысын жетілдіру жөніндегі материалдарды, белсенді үлестірмелі материалды, сабақ түрлері бойынша видеопрезентацияларды баспадан шығаруды талқылау және ұсыну;
  • оқу жұмыстық бағдарламасын, белсенді үлестірмелі материалды, әдебиеттермен әдістемелік қамтамасыз ету картасын дайындауды және оның бекітілуін бақылау және факультеттің профессорлары мен оқытушыларының басқа да педагогикалық іс-әрекеттерінің әдістемелік мәселелерін қарастыру;
  • академияның ғылыми- әдістемелік кеңесімен байланыста болу.

Факультет коллективі көп ғылыми- әдістемелік жұмыс жүргізеді:

  • факультеттің бастаушы оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік секциясының жұмысына қатысады, 2004 және 2006 жылдарда жасалған, құрылыс мамандықтары бойынша дайындау жүргізетін жоғары оқу орындарының барлығы үшін міндетті мемлекеттік білім стандартының авторлары болып табылады. Факультеттің профессорлары мен оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік секциясының жұмысына қатыса отырып, Қазақстан Республикасының басқа ұқсас жоғары оқу орындарында баспаға дайындалған оқу-әдістемелік әдебиеттерге пікір айтады және рецензиялар береді. Сонымен бірге факультетте «Құрылыс» мамандығының пәндері бойынша типтік және жұмыстық оқу бағдарламалары жасалады;

· факультеттің оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары болып табылады:

- Құсайынов Ә. А. және басқалар. Инженерлік механика: статика, кинематика, динамика. Алматы, 2005. -306 бет.

- Хамзин С. К. «Үймереттер мен ғимараттарды салу технологиясы». Жоғары оқу орындарының құрылыс мамандықтарына арналған оқулық. «Ана тілі» баспасы, 1996. – 352 бет.

- Кузютин А. Д., Бубнович Э. В. «Құрылыс конструкциялары I». «Темірбетон конструкциялары» тарауы. (электрондық және баспалық оқулықтар); ҚазБСҚА баспасы. -Алматы, 2006.

- Бакиров К. К. «Құрылыс конструкциялары II». «Металл конструкциялары» тарауы (электрондық және баспалық оқулықтар); ҚазБСҚА баспасы. -Алматы, 2006. -191 бет.

- Бакиров К. К. «Құрылыс конструкциялары II». «Металл конструкциялары» тарауы (электрондық және баспалық оқулықтар). ҚазБСҚА баспасы. -Алматы, 2005 -118 бет.

- Бакиров К. К. "Құрылыс конструкциялары-I. ” Металл конструкциялары бөлімі (электрондық және баспа оқу құралы), ҚазБСҚА баспасы, Алматы, 2007 -94 бет.

- Байтурсунов Д. М. Металл конструкцияларды дайындау және жинақтау. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. Хамзиннің С. К. жалпы редакциялығымен. Алматы, ҚазБСҚА, 1996. -444 бет. -ил.

- Достанова. С. Х., Исаханов Е. А., Токпанова К. Е. Статикалық анықталмаған жүйелерді компьютердің көмегімен есептеуге нұсқаулық. Оқу құралы. ҚазККА, Алматы, 2004, -181 бет.

- Достанова. С. Х. Құрылыс механикасы. Құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған дәрістер жиынтығы. Карат-Print, Алматы, 2005. -110 бет.

- Достанова С. Х., Токпанова К. Е. Инженерлік механика. Оқу құралы. КазАТК, Алматы, 2007 — 112б

- Достанова С. Х., Исаханов Е. А., Токпанова К. Е. Инженерлік механикадан есептер шығаруға нұсқаулық.. Әдістемелік құрал. КазАТК, Алматы, 2006. – 228 бет.

- Кашкинбаев И. З., Бесимбаев Е. Т., Кашкинбаев Т. И. Су құбырларын және канализация желілерін салу технологиясы. Оқу құралы. 2-ші басылым және толықт. Алматы, ҚазБСҚА, 1999. – 158 бет.

- Кашкинбаев И. З., Бесимбаев Е. Т., Бештенбеков Е. К. Құрылыс және жинақтау-дайындық процесстерінің технологиясы курстық және дипломдық жобаларда «Құрылыс және жинақтау-дайындық процесстерінің технологиясы» пәні бойынша курстық және дипломдық жобаларды орындауға арналған Әдістемелік құрал. Алматы, ҚазБСҚА, 1999. – 62 бет.

- Гудович М. И., Мауленов Ж. К., Бурцев В. В., Сурашев Н. Т. «Жүк көтергіш машиналар». Оқу құралы (Теория, конструкция және есеп), Алматы, ҚазБСҚА, 2002. -216 бет.

- Гудович М. И., Мауленов Ж. К., Бурцев В. В., Сурашев Н. Т. «Үздіксіз көлік машиналары», Оқу құралы (Теория, конструкция және есеп), Алматы, ҚазБСҚА, 2003. -138 бет.

- Гудович М. И., Мауленов Ж. К., Бурцев В. В., Сурашев Н. Т. «Тиеу-түсіру машиналары» (электрондық және баспалық оқулықтар), Алматы, ҚазБСҚА, 2005 -71 бет.

- Кенжебаев А. У. «Металлтану және металлдарды термиялық өңдеу» және басқалар.

· қазіргі білім беру технологияларын енгізуге қатысады: видеопрезентациялар, академиялық профессорлардың жетекшілігімен өткізілетін әдістемелік семинарлар, факультет профессурасы ұйымдастырған немесе шақырылған ғалымдардың қатысуымен өткізілетін ғылыми семинарлар;

· курстық және дипломдық жобаларды, практикаларды әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысады;

  • мамандар дайындау бойынша кәсіпорындармен, ұжымдармен, мекемелермен іскер қарым-қатынасты дамытады. Атап айтқанда, КазНИИССА, КАZGОR, Имсталькон, СЕРТ негізінде ҚазБСҚА филиалдары ұйымдастырылған;
  • бастаушы оқытушылар ғылыми бағыттары, әдістемелік жұмыстары және аудиториялық сабақтар өткізудің алдыңғы қатарлы технологиялары (Роwеr Роint, Фундамент 10, Лира 9.2, АutоСАD) бойынша баяндамалар жасап, академияда өтетін әдістемелік конференцияларға – «Тамыз оқуларына» қатысады;
  • факультетте жыл сайын «Құрылыс конструкцияларының теориялық және экспериментальдық зерттеулері» атты халықаралық конференция ұйымдастырылады және өткізіледі, бұл конференцияда құрылыс конструкциялары, құрылыс механикасы, құрылыс өндірісінің технологиясы және құрылыс материалдары, құрылыс машиналары және механизмдері, электрмен қамтамасыз ету және құрылыстағы экономика бойынша мәселелер талқыланады. Жыл сайын «Студенттер және ғылым: болашаққа көзқарас» атты студенттік конференция өткізіледі;
  • Білім және ғылым министрлігінің жаңалықтарына қатысады. Мысалы, бірдей пәндер бойынша студенттерді қалааралық интернет-тестілеуіне қатысты;
  • құрылыс мамандықтарының барлық пәндері бойынша емтихандар, аралық рейтингілер үшін, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі өткізетін жоғары оқу орындарының түлектерін аттестаттау үшін тестілік сұрақтар және тапсырмалар жасайды;
  • әдебиеттермен әдістемелік қамтамасыз ету карталарын, қазіргі жаңа технологиялар саласындағы ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ескере отырып, әр пән бойынша жасайды;
  • оқу және әдістемелік әдебиеттерді рецензиялауға қатысады, бітіруші түлектер жәрмеңкесін өткізеді, халықаралық талаптар деңгейінде инновациялық оқу бағдарламаларын жасауға қатысады, практикалардың барлық түрлерін өткізетін орындарды, ҚазБСҚА (ХБК) жанындағы тапсырыс берушілер кеңесін және сараптау комиссиясын шақыра отырып, іздестіреді.

Магистратура. Факультетте 2003 жылы 6N072900- «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Бірнеше рет түлектер бітіріп шықты. 2009 жылы бітірген екі магистр факультетке жұмыс істеуге шақырылды, қазір олар профессор ассистенттері, «Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәнінен практикалық сабақтар жүргізеді. 2011–2012 оқу жылында факультетте бұйрық бойынша түскен 68 магистрант оқиды. Оның ішінде 43 адам бір жылдық жүйе бойынша оқиды. Ал 25-і екі жылдық магистратураға түскен, олардың 9-ы оқудың екінші жылында тіркелген. Оқу барысында магистранттар таңдаған бағыттары бойынша терең білім алады және ғылыми жетекшінің көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Магистратураны бітірерде магистрант магистрлік диссертация жазуға міндетті, оны академияның біліктілік комиссиясының алдында қорғауға тиесілі. Магистратураны бітірген түлектерге, магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейін, құрылыс магистрі деген академиялық дәреже беріледі. Магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету үшін факультет профессорларымен қатар Алматының бастаушы ғылыми-өндірістік кәсіпорындарынан ғалымдар шақырылады. Сонымен, магистранттардың бір бөлігінің жетекшілері КазНИИССА, ПроектСтальконструкция, ТОО «Базис» және басқа да бастаушы құрылыс компанияларынан келеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Факультеттің ғылыми потенциалын 6 техника ғылымдарының докторы, 17 техника ғылымдарының кандидаттары, бір педагогика ғылымдарының кандидаты және екі магистр құрайды. Тек 2009–10 жылдардың ішінде-ақ төрт докторлық диссертация (Байтурсунов Д. М., Бесимбаев Е. Т., Мауленов Ж. К., Хомяков В. А.), екі кандидаттық диссертация (Сагыбекова А. О., Сейтказинов О. Д.) ойдағыдай қорғалды.

Факультеттің ғылыми зерттеулерінің негізі бағыттары төмендегідей:

ü Жиналмалы алмалы-салмалы және қатарлап қойылатын металл-тенттік құрылыстың құрылымдық шешімдері, жұқа қабырғалы конструкциялардың кернеулі-деформацияланған күйін зерттеу (акад. проф. Байтурсунов Д. М.).

ü Құрылыстың жер асты бөліктерін, тірек қабырғаларын жобалау, құлама жарлардың және топырақ массивтерінің баурайларының орнықтылығын зерттеу және ғимараттардың негіздерін жобалау (ассоц. проф. Хомяков В. А.).

ü Шайылған топырақтағы негіздер мен іргетастардың тиімді варианттарын зерттеу және жасау (ассоц. проф. Оспанов С. О.).

ü Таудың баурайындағы үймереттер мен ғимараттардың статикалық және динамикалық орнықтылығы, БҰҰ-ның стихиялық апаттарды азайтудың халықаралық стратегиясы бойынша жасалған бағдарламасына қатысу (ассоц. проф. Бесимбаев Е. Т.).

ü Серпімді көп қабатты плиталарды есептеудің әдістерін жетілдіру (ассоц. проф. Слямбаева А. Қ.).

ü Кеңістік конструкцияларының мәселелері (ассоц. проф. Бисмильдина З. А.).

ü Ғимараттарды селден қорғау мәселелері мен шаралары (ассоц. проф. Базаров Р. Б.).

ü Үймереттер мен ғимараттарды зерттеу мәселелері және оларды күшейту әдістері және реконструкциясы (ассоц. проф. Келемешев А. Д.).

ü Темірбетон конструкциялардағы арматураның бетонмен ілінісу мәселелері (ассоц. проф. Жансеитов М. Ф.)

ü Қазіргі «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету» жүйелері мәселелерінің инженерлік-экологиялық шешімі (акад. проф. Пяк О. Ю);

ü Өнеркәсіптік кәсіпорындарды сумен жабдықтаудың таза экологиялық жүйелерін жасау (т. ғ. д., ассоц проф. Тойбаев К. Д.);

ü Су алған кезде және ғимараттарда асылған сорғыштармен күресудің тиімді шешімдері (ассоц. проф. Джартаева Д. К.).

ü Су қоймаларын гидравликалық есептеудің тәсілдері (ассоц. проф. Джунусов Т. Г.)

ü Қазіргі «Жылу-газбен қамтамасыз ету және желдету» жүйелерінің инженерлік-экологиялық мәселелері (ассоц. проф. Ауельбеков С. Ш., Алиев Б. З.)

ü Жеңіл өнеркәсіптегі ағынды суларды тазартуда тиімді тәсілді қолдану (ассоц. проф. Таубалдиева А. С.)

ü Тесілмелі штангілік сорғыштың энергия үнемдейтін жетегінің конструкциясын жасау және құбырларда мұнайды тасымалдауға арналған турбуленттілікке қарсы қостетікті жасау (проф. ассистенті Сейдалиев Т. О.)

Бұдан басқа, жер қазатын және жер қазатын-транспорттық машиналардың жұмысшы органдарын (акад. проф. Мауленов Ж. К.), құрылыс машиналарының көп осьті қозғалғыш жүйелерінің тартпа-тіркегіш қасиеттерін (ассоц. проф. Бурцев В. В.) жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы құрылыс конструкциялары бойынша, үймереттер мен ғимараттарды жобалау саласындағы әлемдік тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Соңғы 10 жыл ішінде факультет қызметкерлері ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша өнер табыстарына 140 авторлық куәліктер, патенттер алды, әртүрлі ғылыми жинақтар мен журналдарда 15-тен астам монография және 600-ге жуық шығарылымдар жариялады, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде 10 оқулық, 12 оқу құралы, 150 ғылыми мақала жарық көрді, 13 ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды және өткізді, 8 республикалық студенттер конференциясына қатысты. Факультеттің қалыптасуына және дамуына ірі ғылыми орталықтар және оқу орындары үлкен әсер етті: Ломоносов атындағы МГУ, МГСУ, МАДИ, НИИЖБ және ССРО Мем. құрылыс ЦНИИСК (Мәскеу), ПГАСА (Украина), ҚазҰУ, ҚазҰТУ.

Бітірген түлектермен байланыс және студенттермен аудиториядан тыс жұмыс. Жалпы құрылыс факультеті өзінің бітірген түлектерімен мақтана алады, олардың көбі мемлекеттік қызметте, мемлекеттік емес құрылымдарда жоғары қызмет атқарады, ірі құрылыс компанияларының, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарының басшылары болып істейді, республика көлемінде және шет елдерде танымал ғалымдар болып табылады. Олардың ішінде – Кулибаев А. А. «Сары-Арқа» АҚ-ның президенті; компаниялардың президенттері (бас директорлары): Белович А. Я. (Корп. «Базис»), К. Т. Қалмурзин (СИФ «Алматыстройинвест»), Бектемисов М. И. (ОАО «Алматыпромстрой»), Керейбаев С. Б. («Алматыкультбытстрой»), Баталов Р. А. («Райымбек»); Татыгулов А. Ш. (ПА «КазГОР»), Ашимбаев М. У. (КазНИИССА) және басқалар. Студенттердің оқу практикасы кәсіпорындарда, сондай-ақ ҚазБСҚА-ның СҚО құрамында өтеді. Жоғары курстың студенттері өндірістік практиканы «Алматыкурылыс», «Алматыгорстрой», «Базис-А», «Элитстрой», Корпорация «KUAT», «Казстройсервис», «Объединенная строительная корпорация» ЖАҚ-ы, «Алматыкультбытстрой», «Век», «Элеватормельстрой», «КазГОР», КазНИИССА, «Алматыгипрогор», «Серт» АҚ-ы, «Имсталькон» АҚ-ы сияқты ірі құрылыс компанияларында, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында өткізеді. Экономикадағы әлемдік дағдарыс құрылыс саласына да әсер етті. Сондықтан, қазіргі уақытта көп құрылыс ұжымдарының белсенді қызметтері баяулағанына байланысты, өндірістік практиканы құрылыс алаңында өткізу қиыншылық тудырып отыр. Бірақ, бұл мәселені біз уақытша деп ойлаймыз және жақын арада ойдағыдай шешілетініне сенеміз. Факультетте студенттік жобалау-конструкторлық бюросы, сейсмотөзімді құрылыстың салалық ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді, олар жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындай алады.

2009 жылы Стамбул қаласының «Малтепс» университетінде өткен, ТМД және Түркия елдерінің арасындағы дипломдық жұмыстардың халықаралық конкурс-көрмесінде, студент Аулбековтың профессор Байтурсуновтың Д. М. жетекшілігімен жазылған «Металл-тентті жабындылардан жасалған көп мақсатқа арналған әмбебап орталық» атты дипломдық жобасы 2-ші орынды жеңіп алды. Факультет академия музейін және АВАСС (сәулет-құрылыс мамандықтары түлектерінің ассоциациясы) архивін толықтыруға, бітірген түлектерді іздестіруге және олармен байланыс орнатуға белсене ат салысады.

Халықаралық қарым-қатынас. Жалпы құрылыс факультеті таяу шет елдегі көптеген жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен тығыз, жан-жақты байланыс жасайды, салалық және академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен, ұжымдармен, кәсіпорындармен белсенді шығармашылық байланысы бар. Соның ішінде НПО ВНИИстройдормаш, НПО ВНИИземмаш, ЦНИИИС, МГСУ (бұрынғы МИСИ), ОГАСА, (КИСИ), (ПГАСА), СибАДУ, МАДИ, КГУСТА, ТашПИ, Тәжік техникалық университеті және басқаларды атап өткен жөн.

1960 жылдан бастап, факультетпен ғылыми және әдістемелік жұмыстар бойынша қарым-қатынаста болған және дәріс оқыған белгілі отандас және шетел педагогтары мен ғалымдары: т. ғ. д., проф. Құсайынов Ә. А.; т. ғ. д. Абаканов Т. Д., т. ғ. д. Беспаев А. А.; т. ғ. д. Байнатов Ж. Б.; т. ғ. д., проф. Гвоздев А. А.; т. ғ. д., проф. Крылов С. М.; т. ғ. д., проф. Барашиков А. Я.; т. ғ. д., проф. Байков В. Н; т. ғ. д., проф. Попов Н. Н.; т. ғ. д., проф. Корф М.; т. ғ. д., проф. Данилов Н. Н.; т. ғ. д., проф. Зубков В. И.; т. ғ. д., проф. Менейлюк В. И.; т. ғ. д., проф. Жунусов Т. Ж.; т. ғ. д., проф. Волков Д. П және басқалар.

Факультет оқытушылары әртүрлі уақытта тығыз ғылыми қарым-қатынаста болған ССРО–ның бастаушы ғалымдары: Демин В. Т. — ф-м. ғ. д., МГУ теориялық механика кафедрасының профессоры; Леонтьев Н. Н. — т. ғ. д., МИСИ құрылыс механикасы кафедрасының профессоры; Коренев Б. Г. — т. ғ. д., МИСИ құрылыс механикасы кафедрасының профессоры; Клейн Т. К. — т. ғ. д., МИСИ құрылыс механикасы кафедрасының профессоры; Розин Л. А. — т. ғ. д., МнПТИ құрылыс механикасы кафедрасының профессоры, ҚазССР ҒА-ның мүше-корреспонденті; Сапа В. А. — ф-м. ғ. д., ҚазҰУ теориялық механика кафедрасының профессоры. Жалпы құрылыс факультетінің оқытушылары басқа да ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыста. Мысалы, акад. проф. Байтурсунов Д. М. ғылыми бағытта Пенза Мемлекеттік Иженерлік-Құрылыс Университетімен араласады: сәулет кафедрасының профессоры Круглов Ю. П. және «СК» Бондаренко Е. И.; Мәскеу Мемлекеттік Иженерлік-Құрылыс Университеті, «СК» кафедра меңгерушісі Кудишин Ю. Н. және басқалар.

Ассоц. проф. Бесимбаев Е. Т. Мәскеу Мемлекеттік Иженерлік-Құрылыс Университетінің «Топырақ механикасы, іргетас негіздері» кафедрасының профессоры Тер-Мартиросянмен З. Г., Мәскеу қаласының халықаралық Геотехника және Геомеханика институтының Президенті проф. т. ғ. д. Зарецкиймен Ю. К., Ташкент Политехникалық Университетінің ғылым бойынша проректоры, т. ғ. д., проф. Маджидовпен И. А. ғылыми сипаттағы қарым-қатынас орнатты. Ассоц. проф. Бакиров К. К. Мәскеу қаласының №1 НИИЖБ зертхана меңгерушісі, т. ғ. д., профессорЧистяковпен Е. А. тығыз байланыста.

Жетістіктер мен марапаттаулар

ü Оспанов С. О. ғылымдағы жетістіктері үшін ХШЖК-нің II дәрежелі Дипломымен, ҚазССР білім Министрлігінің, Алматы қаласының Әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен, тың және тыңайған жерлерді игергені үшін медалімен, «Ерен еңбегі үшін» юбилейлік медалімен марапатталған.

ü Бакиров К. К. «ҚазССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен» марапатталған.

ü Мауленов Ж. К. АХК «Алматықұрылыс», Алматы қаласының Әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ü Хомяков В. А. «Қазақстан құрылысшылары Ассоциациясының» Құрмет грамотасымен марапатталған.

ü Бесимбаев Е. Т. ҚР БжҒМ-нің, Алматы қаласының Әкімшілігінің, НДП «Нур-Отан», «Қазақстан құрылысшылары Ассоциациясының» Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ü Байтурсунов Д. М. ҚР БжҒМ-нің, ҚР МНжТ Құрмет грамоталарымен және «Қазақстан құрылысшылары Ассоциациясының» алғыс хатымен, «Жаңа құрылыс конструкциялары және ғимараттары» бойынша жазылған оқулықтары, монографиялары және оқу құралдары үшін А. Байтурсунов атындағы медалімен, «ҚазБСҚА-ның ең үздік ғалымы» номинациясы бойынша ҚР БжҒМ-нің I-орын дипломымен марапатталған.

ü Ажгалиева Б. А. ҚР МНжТ Құрмет грамотасымен марапатталған.

ü Слямбаева А. Қ. ҚазБСҚА-ның Құрмет грамотасымен марапатталған.

ü Пяк О. Ю. – ҚР БжҒМ-нің грамоталарымен және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» кеуделік белгісімен марапатталған.

ü Джартаева Д. К. 2009–2010 оқу жылында еңбегіне қарай 1-ші орынға ие болып, «ең үздік ұстазы» деген 1-ші дәрежелі Дипломмен марапатталған.

ü Жансеитов М. Ф. 2009–2010 оқу жылында еңбегіне қарай 3-ші орынға ие болып, «ҚазБСҚА-ның ең үздік эдвайзері» деген грамотамен марапатталған.

Факультет ҚазБСҚА-ның спорттық өміріне белсене араласады. 1970–71жылдары оқытушылардың құрама командасы волейболдан команда капитаны – факультеттің ассоц. профессоры Оспановтың С. О. басқаруымен жоғары оқу орындарының арасында екі рет ҚазССР чемпионы атағын жеңіп алды. Жыл сайын дәстүрлі түрде жоғары оқу орындарының ардагерлерінің арасында волейболдан, шахматтан жарыстар, турнирлар өткізіліп тұрады. Жалпы құрылыс факультетінің ассоциацияланған профессоры Оспанов С. О. академия басшылығының және ҚазБСҚА Спортклубының қолдауымен студенттер жатақханасында конкурстар (мисс ЖҚФ-2010) және студенттер арасында шахматтан және гірлік спорттан жарыстар ұйымдастырып, өткізіп тұрады.

Факультет академияның қоғамдық өміріне белсене араласады. Жаңа 2010 жылды қарсы алғанда, факультет коллективі театрландырылған ойын-сауық көрсетті. Бұл көрініс барлық академия коллективіне қатты ұнады. Факультет коллективінің мерекелік кеш өткізудегі байқалған ынтасы мен белсенділігі үшін жалпы құрылыс факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамын Халықаралық білім беру Корпорациясының Президенті Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы марапаттап, сыйлық берді.

Факультет коллективі өздерінің «жанұялық» мерекелерін, туған күндерін татулықпен бірге өткізеді, юбилярларын құрметтеп, құттықтайды. Коллектив ішінде бір-бірін сыйлау және бір-біріне қолдау көрсету, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу, факультетте достық атмосфера мен іскерліктің дамуына ықпал етеді.

Жалпы құрылыс факультетінің коллективі жыл сайын уақтылы өткізіліп тұратын ашық есік Күндеріне мектеп бітіруші түлектерді шақырып тұрады. Бұл күндері академия фойесінде Сізді біздің ең үздік оқытушыларымыз қарсы алып, игілікті Құрылыс мамандығы туралы әңгімелеп береді, Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Біздің факультетте болашақта білім алуыңыз жайлы толық түрде мағлұмат алу үшін оқытушыларымызбен олардың электрондық адрестері арқылы хабарласуларыңызға болады.

Оқытушылардың<span> </span>жеке электрондық адрестері

Алиев Бахитяр Зияевич ассоц. проф. Rashid_som@mail.ru

Алмабекова Софья Маратовна проф. ассист. sofia_almabek@list.ru

Ауельбеков Сейлхан Шадибекович ассоц. проф. ASHD-1@mail.ru

Базаров Ратбек Бутеевич ассоц. проф. <span> </span>

Бесимбаев Ерик Турашевич ассоц. проф. erik.bessimbaev@mail.ru

Бурцев Виктор Васильевич ассоц. проф.

Гуменюк Валерия Владимировна<span> </span><span> </span> ассоц. проф.

Джартаева Диляра Карсыбаевна ассоц. проф. Ziba46@mail.ru

Джумагалиев Талгат Кумаргалиевич <span> </span><span> </span>проф. ассист. <span> </span><span> </span>t68.05@mail.ru

Джунусов Толкин Гаппарович оссоц. Проф. djunusovtolkin@mail.ru

Жансеитов Марат Фатихович ассоц. проф. maratzhan1@gmail.com

Касымова Гульсум Темирхановна проф. ассист. kasimova-63@mail.ru

Нурпеисова Сауле Абрахмановна– ассоц. проф. NURPEIS@mail.ru

Нуршанов Серик Аширович ассоц. проф. sando_50@mail.ru

Пяк Олег Югиевич академ. проф. piak_49@mail.ru

Самратбек Еркебулан Казбекович проф. ассист. <span> </span>Samratbek@mail.ru

Сейдалиев Талгат Орынбасарович асситт. проф.

Сагыбекова Акмарал Оразбековна– проф. ассист. <span> </span>sao-81@mail.ru

Сейтказинов Оразалы Дауткалиевич проф. ассист. oseitkazinov@mail.ru

Слямбаева Аймаш Коныргазиевна – ассоц. проф. balweker@mail.ru

Таубалдиева Аксауле Сагатуллаевна ассоц. проф. Nfe.Aksaule@mail.ru

Тойбаев Кенжехан Дуйсебаевич ассоц. проф. kenzh.t@mail.ru

Хомяков Виталий Анатольевич– ассоц. проф. Khomyakov57@list.ru

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...