Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Сәулет факультеті (СФ) В. И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің (Қазақ Политехникалық институттың): «Қала құрылылысы» және «Сызу геометриясы» кафедраларының негізінде 1966 жылы құрылды.

1964 жылы құрылған «Қала құрылылысы» кафедрасы жаңадан ашылған факультетің ядросы болды. Т. К. Басенов – отандық сәулет мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш ғалым-сәулетшісі, Ленинград сәулет мектебінің түлегі, академик Щусев пен профессор Гофманның оқушысы, 1936 ж. құрылған Қазақстан Сәулетшілер Одағының бірінші төрағасы, сәулет ғылымының кандидаты, КСРО-ның корреспондет — мүшесі, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген құрылысшысы. Т. К. Басенов ҚазПТИ-де сәулетші мамандарды даярлау орталығын ашуға үлкен күш – жігерін жұмсады.

2009 жылдың 11 қарашасында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетінде Т. К. Басенов пен М. М. Меңдіқұловтың 100 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді.









1961 жылы сәулет факультетіне бірінші қабылдау жүргізілді. Республикаға белгілі сәулетшілер Н. И. Репинский мен А. К. Капановтың төрағалық етуімен 5,5 жылдық оқудың 5 жылға өтуіне байланысты 1966–1967 оқу жылының қысы мен жазында алғашқы сәулетші – мамандар бітіріп шықты. Сол кезде факультетте Т. К. Басенов, Р. А. Сейдалин, М. С. Кенбаев, И. И. Белоцерковский, Х. Н. Наурызбаев, Ю. Б. Гуманян, Б. А. Глаудинов, П. Д. Усачев, С. А. Мамбеев, М. Р. Избасар, С. Ю. Алтайбаева, А. А. Ухоботов және басқа оқытушылар жұмыс істеді. Олар, негізінен, Мәскеу және Ленинградтың жоғары оқу орындарының түлектері болатын.

Кафедралардың саны үнемі көбейіп отырды: 1967 жылы «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетшісі, доцент Р. А. Сейдалин); 1972 жылы «Сәулет тарихы және сәулет құрылысы» (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетші М. М. Меңдіқұлов); одан кейін 1977 жылы «Сурет» кафедрасы ашылды және 1980 жылы ҚазССР-ның халық суретшісі Х. Н. Наурызбаевтың жетекшілігімен «Кескін және мүсін» негізі қаланды.

ҚазПТИ-дың сәулет және құрылыс факультеті Алматы сәулет-құрылыс институтына (АСжҚИ) өзгергеннен кейін 1980 жылы «Сәулет жобалау негіздері» кафедрасы ашылды (кафедра меңгерушісі – сәулет докторы, профессор А. Ж. Әбілев).

1992 жылы АСжҚИ-ды ҚазМСҚА-қа (Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) өзгертілгеннен кейін «Сәулет ортасының дизайны» кафедрасы (кафедра меңгерушісі сәулет кандидаты, доцент Ю. И. Бахмутов болды) ашылды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» боп өзгертілді. 2005 жылы сәулет факультетінен дизайн факультеті бөлініп шықты.

Сәулет факультеті ашылғаннан бастап, факультеттің декандары болып: А. Д. Кузютин, Ю. В. Круглов, Б. А. Глаудинов, С. Р. Букейханов, М. И. Лесовиченко, Б. Х. Шакербай, Ю. И. Бахмутов, А. Ж. Абилов, Г. К. Садвакасова, К. Г. Жумартова жұмыс істеді. Қазіргі кезде факультет деканы – академияның профессоры, бірінші сәулет докторы, Қазақстан республикасының құрметті сәулетшісі Б. А. Глаудинов.






















На Факультет 5 В042000 – «Сәулет» мамандықтары бойынша төмендегі мамандарды әзiрлейдi:

- «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті»-инженерлік және сәулет – көркемдік аспектілері қамтылған ғимараттар мен құрылыстарды жобалау саласындағы кешенді даярлау.

Ғимараттар мен имараттарды жобалау бағытында даярлау кешені инженерлiк сұрақтар мен сәулетшiлiк ғимараттардың аспектін қарастырады.

- «Қалақұрылысы». Елді қоныстық орындарды жобалау, қалақұрылысын қайта құру, қалақұрылысы экологиясы, зерттеу, эксперттік сараптамалау жобалау, жүзеге асыру саласында даярлау.

- «Ландшафтық сәулет» — Ұлттық парктерді ландшафттық жобалау, ландшафтық сәулет обьектілерінің құрылымында: парктер, бақтар, бульварлар, жаяужүргіншілер аймағын, жағалауларды орналастыру, сәулет обьектілері құрылымында жергілікті ландшафтік өзгерістерді жобалау.

- «Сәулет ескерткіштерін қайта құру және қалпына келтіру» — мәдениет тарихы, сәулет ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру, зерттеу.

Қазіргі кезде КазГАСА-ның сәулет факультеті өте жақсы қалыптасқан сәулеттік мектеп болып табылады. Оның атағы Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен жайылып отыр. Оның беделі факультет түлектерінің табыстарына және оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қуатына негізделеді.

2007 жылдың Қазан айында Сәулет факультетінде Сәулетшілердің халықаралық Одағы комиссиясы жұмыс істеді – Ресей Сәулет және құрылыс ғылымының Академиясының Мәскеу Сәулет Институтының президенті Юнеско, сәулет докторы, профессор А. П. Кудрявцевтің жетекшілігімен 05420 шифры бойынша «Сәулет» Бакалавриат 08.11.2007 мамандығының Барселонада (Испания) МСА-Юнеско штаб-пәтерінде Орталық Азияда бірінші КазГАСА комиссия мәжілісі болып халықаралық аккредитациядан өткен болатын. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында Білім бағдарламасы бойынша «Сәулет» мамандығы халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл КазГАСА-ның Сәулет факультеті түлегінің дипломы Әлемдегі 10 нан астам мемлекетте танылады, сонымен қатар МСА-ЮНЕСКО –ның аккредитациясынан өткен мемлекеттерде де мойындалады.

Оқу процесінде қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламалар қолданылады. Оқыту мемлекеттік, орыс тілдерінде жүргізіледі және белгілі бір пәндер, атап айтқанда ағылшын тілінде «Ландшафттық сәулет» және «Сәулеттік композиция» өткізіледі.

Қазіргі кезде Сәулет факультетінің 12 филиалы бар, олардың негізінде оқу сабақтары мен тәжірибелер өтеді (ЖШС ПИ «Алмаытгипрогор-1», АҚ Академия «Казгор», "Қалақұрылысы жобасының орталығы ЖШС «Урбостиль», АҚ ПФ «Градо» ЖШС Казгипоград және т. б.)

Бәсекеге қабілетті студенттер өздерінің дипломдық жобаларын шетел тілдерінде қорғауға тілек білдіреді. 2005–2006 оқу жылында 5 түлек «өте жақсы» деген бағамен ағылшын және француз тілдерінде қорғап, халықаралық үлгідегі дипломға ие болды.

Факультет филиалдары – бұл негізінен, сәулет-жобалық мекемелер. Жыл сайын филиалдарға оқу жүктемесінен 60 кредитке дейін дипломдық жобалау, курстық жобалау, оқу жобалары және дипломалдық тәжірибенің жетекшілігі бөлінеді.

Факультетте диплом қорғау бойынша МАК төрағалығына ҚР жетекші сәулетшілері шақырылады. 2001–2004 ж. ж. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Академия академигі, сәулетші Капанов А. К., 2007–2008ж еңбек сіңірген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сәулетгшілер Академиясының академигі, «Абылай-хан» Халықаралық қорының президенті, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Валиханов Ш. Е., 2008–2009 ж. және 2009–2010ж. ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, КазГАСА-ның құрметті сәулетшісі ЖШС «Урбостиль» директоры Л. В. Нысанбаева; 2009–2010жж. ҚР құрметті сәулетшісі

А. Ш. Чиканаев.

2004 жылы сәулет факультетінің студенттері «Алматы қ. Бизнес орталығы» жобалауының тендерін жеңіп алды. Бұл тендерді «Арлайн» фирмасы үлкен сыйлық қорымен (5 000 АҚШ долларына, 10 соңғы модельдегі компьютерлерге) жариялаған болатын.

Жыл сайын шетелдік конкурстарға қатысу үшін МАК-тың ұсынған дипломдық жобалар саны өсуде:

· Дубровник (Югославия) -2 жоба (2006–2007). Жобалар ең үздік ондық қатарына қосылды.

· Любляны (Югославия) -2

· София (Болгария) -4 жоба

· Турин (Италия) «Сәулет стилі» №1. (2008–2009)

· Малтепе (Турция) Университетінде өткен халықаралық конкурска дипломдық жобалар қатысып. Үш жүлделі орын алды.

Республикалық конкурстар мен көрмелерге қатысу:

· Кастеев мұражайы-20 жоба;

· Қалақұрылысы форумы (2007–2008; 2008–2009) -15 жоба.

· «Биопозитивтік сәулет» Республикалық Мастер-класы, Борабай (Кокшетау) (2009г.)-5 адам.

· Сәулеттік конкурс Jambyl CEMENT «Балхаш өзені жағаласындағы қалашық»,

26 қараша 2009ж.

· ҚР бірінші Президентінің қоры, «Қала мен дизайн» конкурсы; қазан 2009ж.

· « Париждегі өндіріс қоймасын қайта құру» тақырыбына «IZOVER» атты конкурсы 11 наурыз 2010ж.

· «Сәулеттік жобалау» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиада, 25–26 ақпан 2010ж.

Малтепе (Стамбул) Университетінде болған Еуразия елдерінің дипломдық жобалау конкурсы, қараша 2009ж.

Педагогикалық және ғылыми жұмыс.

Сәулет факультетінің студенттерінің білім сапасының жоғарылауына Халықаралық мастер-кластың өтуі септігін тигізеді. 2008 жылы 19–20 наурызында ҚР Британдық Кеңес жұмысының шеңберінде «Экологиялық Таза Үй» атты тақырыпта мастер-класс өткізілген болатын. Мастер- класс Эдинбургтен келген профессор, сәулетші Сью Рауфтың жетекшілігімен өткізілді. ПОҚ және студенттер үшін Британдық Кеңесте «Қазіргі таңдағы қала: сәулет және экология» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторлары — Британ кеңесінің Президенттері К. Басксер және Сью Рауф.

2006 жылы мамыр айында екі білім беру ұжымының– Эрфут университетінің және КазГАСА –ның студенттері мен профессорларының қатысуымен «Алматы қаласының орталығы және оның сәйкестілігі» атты мастер- класс өтті. Жемісті жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы факультетте баяндалып, сертификаттар тапсырылды.

Әдістемелік және ғылыми жұмыстар:

· Мемлекеттік тілде жүргізілетін пәндер саны – 13

· Мемлекеттік тілде шығарылған әдістемелік құралдардардың саны -6

· Шығарылған монография, оқулықтардың саны -5

· «Жылдың ең үздік оқытушысы» грантын иеленген ПОҚ саны — 2

· СОӨЖ үшін әдістемелік нұсқаулармен ендірілген саны -25 (69%)

· Мемлекеттік тілде жүргізілетін пәндер саны -5 (13%)

· Шығарылған электронды оқулықтардың саны – (25%)

Ғылыми жұмыс

· Ғылыми зерттеулер тақырыбының саны -7

· Республикалық баспалардағы жарияланымдардың саны -----

Факультетте 17 магистрант, 1001 студент күндізгі бөлімінде және 110 студент сырттай бөлімде оқиды. СФ-дегі студенттер соңғы 3 жыл ішінде Қолданбалы Зерттеу Университетінде (Эрфрут, Германия) – 4 адам;

Сеул Университетінде (Оңтүстік Корея) – 2 адам (2008–2009);

Флоренцияда (Рамуальдо дель Бианко қоры, Италия) тәжірибеден өтіп жүргендер – 1 адам (2008–2009);

999 студент КазГАСА Президентінің «Scholarships» — мектебі бағдарламасы бойынша қолдау граннтарына ие болды.

Оқытудың инновациялық әдістері:

- РР-90% қолданылуымен дәріс оқу;

- Сәулеттік жобалауды оқыту әдістемесі бойынша еуропалық мектептердегі оқыту әдістерінің негізінде тәжірибе жүргізу, жоба тәжірибесі Сәулет факультетінің филиалында «Алматыгипрофор 1» ПИ – де өткізілді. Нәтижесі – жұмыс көрмесі және 12.11.09 алынған дипломдар;

- Дипломдық жобаны өндірістегі тәуелсіз МАК алдында қорғауды ендіру – ПИ «Алматыгипрофор 1» және ЖШС «Жобалау қалақұрылысы» фирмасы «Уробостиль»;

- Нәтиже – жобасы Ага-хан сыйлығына ұсынылған 17 жоба халықаралық конкурсқа ұсынылды.

- 15- астам тәжірибелік ескертулер мен ұсыныстар алынды.

Аудиториядан тыс жұмыстар.
Сәулет факультетінің студенттері мен оқытушылары белсенді түрде спорттық іс-шараларға катысады: СФ командасы баскетбол, волейбол, теннис, шахмат бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Факультет студенттері – көркемөнерпаз шығармашылығының белсенді қатысушылары. Жыл сайын төмендегі іс-шаралар өткізіледі: «Студенттерге қабылдау», «КазГАСА аруы», «КазГАСА-дағы көктем». Студенттер арасында «Ең үздік студенттік топ», «Жылдың ең үздік студенті», «Студенттер үйіндегі ең үздік бөлме», «Ең үздік эдвайзер» атты конкурстар болып тұрады.
Сәулет факультеті жыл сайынғы КВН конкурсының көшбасшысы болып табылады, сонымен қатар «Бірінші курстықтардың спортакиадасы» жарыстарында спорттың бірнеше түрі бойынша орындар алады. 31 телеарнасы ұйымдастырылған Алматы және Астана қалаларының сәулеті үшін арналған дебаттарға да белсенді қатысып, «Жастар тәжірибесі», «Түлектер жәрмеңкесі», «Шетелдегі білім», «Schlarships» атты мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттер үшін спорт залы, стадион, оқу залы, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. КазГАСА-ның студенттер үйінде оқу залы мен компьютерлік зал бар, олар сабаққа дайындық үшін
22:00 – ға дейін жұмыс істейді.










Халықаралық байланыстар және жазықтық байланыстар:

· «Sant-Gaben» компаниясы Франция, конкурсты өткізу (Дубровники, Любляны), мастер-класстар.

· МАРХИ, «АМИТ журналы»- жарияланымдар (8), серіктестік

Факультеттің көптеген түлектері сәулеттік тәжірибе ортасында және жоғары кәсіпті маман болып өсіп шығады. Олар ҚР ішінде және одан тыс елдерде белгілі болған сәулеттік жобалардың авторларына айналды: «Республика» алаңының мекеме ансамблі, Республикалық «Офицерлер үйі», «АХБК-ның Мәдениет сарайы», «Оқушылар және пионерлер сарайы», Астана қаласының Басты жоспарлары, Алматының және т. б.












Факультеттің мақтанышы болып табылатын түлектері:

А. Е. Анчугов – Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

О. Н. Балыкбаев– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

Т. Е. Ералиев– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

М. О. Жандаулетов – Қазақ ССР –ының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

С. Н. Мартемьянов – «Лениндік комсомол» сыйлығының лауреаты

К. Ж. Монтахаев — Қазақ ССР –ының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

З. М. Мустафина– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

Ш. М. Мусаев– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

А. Н. Проскурин– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

А. И. Рустембеков– Қазақстан Сәулетшілер Одағының Президенті.

С. И. Рустембеков Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

Т. Б. Сулейменов — ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Дизайнерлер Одағының Президенті;

Г. С. Садырбаев– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

Б. Т. Туякбаева– Қазақ ССР –ының еңбек сіңірген сәулетшісі;

С. А. Фазылов – ҚазССР Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты.

С. Жунусов –Астана қаласының Бас сәулетшісі.

Жанат Айтлеу- Алматы қаласының Бас сәулетшісі.

Электронные адреса преподавателей

Мантариди О. В., асс. проф. E-mail:
Глаудинов Б. А., док. арх., акад. проф.E-mail:
Кисамедин Г. М., канд. арх., акад. проф. E-mail:
Садвакасова Г. К., канд. арх., акад. проф. E-mail:
Балыкбаев Б. Т., канд. арх., ассоц. проф. E-mail: Fisher-man?????? @mail.ru
Самойлов К. И., док. арх., ассоц. проф. E-mail:
Байтенов Э. М., док. арх., ассоц. проф. E-mail:
Шапрова Г. Г., ассоц. проф., и. о декана ФД E-mail:
Мухамедшакирова Ш. А., канд. техн. наук, ассоц. проф. E-mail:
Избасар М. Р., почетный профессор, E-mail:
Рысбеков С. С., ассис. проф. E-mail:
Еспенбет А. С., ассис. проф. E-mail:
Решетнев М. И. ассис. проф. E-mail:
Журкабаева А. Б., ассис. проф. E-mail:
Брылова Л. С., ассис. проф.E-mail: e-mail:larisa-brulova@mail.ru
Самаркин Ю. П., ассис. проф. E-mail:
Приемец О. Н., ассис. проф. E-mail:
Новикова Г. А., ассоц. проф. E-mail:
Туякаева А. К., ассис. проф. E-mail:
Халманова К. Х., ассис. проф. E-mail:
Жусанбаева Э. Т., ассис. проф. E-mail:
Фальков И. В., ассис. проф. E-mail:
Мурзагалиева Э. Т., ассис. проф. E-mail:
Жусанбаева Г. Т., пригл. проф. E-mail:
Аухадиева Л. М, ассис. проф. E-mail:

Жаңалықтар

2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі
нақтырақ...
2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі»
нақтырақ...
2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс
нақтырақ...
2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру»
нақтырақ...
2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі
нақтырақ...