|
Алғаш рет 1966 ж Қазақ Политехникалық институтының қабырғасында "Қалақұрылысы”, "Сызба геометрия” кафедрасының негізінде сәулет факультеті құрылған. Құрылған факультеттің "Қалақұрылысы” кафедрасының негізінде, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген құрылысшысы, сәулет өнері кандидаты Т. К. Басенов негізінде құрған. Сәулет мамандықтарының алғашқы тобы 1961–1962 оқу ж. қабылданып олар 1966–67ж. ж. факультетті бітіріп шыққан. Сол уақытта Т. К. Басеновпен бірге Сейдалин Р. А., Кенбаев М. С., Белоцерковский И. И., Наурызбаев Х. Е., Туманян Ю. Б., Глаудинов Б. А., Усачев П. Д., Мамбеев С. А., Алтайбаева М. Р., Избасарова және басқада мұғалімдер жұмыс жасаған. Олард Мәскеу мен Ленинград оқу орындарының түлектері еді. Сәулет факультеті құрылғалы декан қызметін атқаратып келгендер: А. Д. Кузютин, Ю. В. Круглов, Б. А. Глаудинов, С. Р. Букейханов, М. И. Лесовиченко, Б. Х. Шакербай, Ю. И. Бахмутов, А. Ж. Абилов,, қазіргі таңда сәулет факультетінің деканы сәулет кандидаты, академиялық профессор Г. К. Садвокасовалар болады. Кафедраның саны әрдайым өсіп отырды: 1968 ж ҚазССР еңбегі сіңген сәулетшісі, сәулет кандидаты Р. А. Сейдалинның басқаруымен " Тұрғын үйлермен қоғам ғимараттарының сәулеті” кафедрасы ашылды. 1972 жылы "Сәулет тарихы және сәулет конструкциялары” кафедрасы ашылып, оған ҚазССР – ға еңбегі сіңген сәулетші, сәулет кандидаты М. М. Мендіқұлов жетекшілік етті. Одан кейін ҚазССР – нің халық суретшісі Кенбаев М. С. басқаруымен "Сурет” кафедрасы, ал ҚазССР-дің халық суретшісі Наурызбаев Х. Е. басқаруымен "келкіндеме және мүсін” кафедрасы ашылды. 1980жылы Алматы сәулет-кұрылыс институты құрылған соң сәулеттік жобалауы негіздері” кафедрасы ашылды (меңгерушісі – сәулет докторы, профессор Абилов А. Ж). Қазақ Бас сәулет – құрылыс академиясы құрылған соң 1995 жылы ашылған " Сәулет орталығының дизайны” кафедрасына жетекшілік еткен сәулет кандидаты, профессор Ю. И. Бахмутов болды. 2005 жылы сәулет факультетінің құрамынан дизайн факультеті бөлініп шықты. Қазір ҚазБСҚА-ның сәулет факультеті қалыптасқан сәулет мектебіне айналып, шет елдерге де танымал. Оның атағы факультет түлектерінің жетістіктері мен ғылыми – педагогиканың құрамының жоғары сапасымен көтерілуінде. Факультеттің көптеген түлектері сәулет ортасына тез бейімделіп, жоғары деңгейлі мамандар ретінде шет елдергеде өз жұмыстары арқылы танымал. Мысалы: Республика алаңындағы сәулеттік ансамблі, республикалық офицерлер үйі, АХБК – ның мәдениет сарайы, оқушылар сарайы және тағы басқа күрделі құрылыстарды атауға болады. ҚазБСҚА әсіресе өз түлектерін мақтан етеді. Олардың ішінде КСРО-ның халық сәулетшісі және ҚазССР-ның еңбек сіңірген және Қазақстан республикасының құрметті сәулетшілері бар жоғары курс студенттері – болашақ мамандар, сәулет шеберлерімен бірге қызмет ету дәстүрге айналған. Атап айтуға болады өндіріс пен ЖШС-ның бірге жұмысы нәтижесінде 2001 жылы ҚазБСҚА студенті " Жалпы білім беру мектебі” жобасымен сәулет және құрылыс комитетінің сыйлығы 1 млн. теңгені ұтып алып, жобасын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Сол кездегі "Тұрғын үйлер және қоғамдық құрылыстар сәулеті” кафедрасының студенті Андреев Д. Ф конкурс лауреаты болды. Ол да білімді жетілдіру моделі бойынша кафедраның филиалы "Казгор” ЖА институтында оқып, қызмет еткен болатын. Білімді жетілдіру және информациялық орталықтарды құру оқу процесінің өндіріспен бірге қызмет етуімен және фундаменталды білім алумен байланысты. Онда өндірістегі жаңа техниканың жетістіктері мен технологиялар эксперименталды зерттеулер арқылы студент және тәжірибелі маман Елбасы айтқан, ғылымның жетілуі және инновациялық экономиканы құру үшін қолданылды. Оқытушылар, магистранттар, аспиранттар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуда; мысалы: ХХІ – ғасырдың сәулет-құрылыс білімі және, "Болон деклорациясы және қалалардың тұрақты дамуындағы мамандар ролі” 2006 жылы "Посткеңестік ортадағы ірі қалалар: орталықтар проблемалары мен ұқсастықтар " және т. б. тақырыбында өткізілген конференцияларды атауға болады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ҚазБСҚА-ның жылдық республикалық конференциясында қаралады. Барлық студенттердің баяндамалары видео – презентация арқылы көрсетіледі Қазақстандағы алғаш рет 2002 жылы ҚазБСҚА қабырғасында ғылыми кандидат атағын қорғаудың мамндандырылған ұйымы ашылды. Оның құрамын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 12 алдыңғы қатардағы сәулет докторлары мен кандидаттары құрады. Дисертацияларды қорғау 18.00.01. "Сәулет теориясы мен тарихы және сәулет ескерткіштерін жаңғырту және қалпына келтіру” мамандығы бойынша жүргізілді. Соңғы жылдары ҚазБСҚА қабырғасынан 7 – ғылым кандидаты және 2 – ғылым докторлары жұмыстарын қорғап шықты. Факультет студенттерінің сәулет – дизайнерлік жобалау, кескіндеме және сурет бағыттары бойынша ең жақсы жұмыстарын әр жылғы "Атакент–ЭксПО”; "Градостроительный форум” көрмелерінде көрсетуде. Оқу құралдары ретінде жаңа компьютерлік графикалық программалар қолдалынады. Оқу мемлекеттік, орыс және кейбір пәндер ағылшын тілінде оқылады. Мысалы, "Ландшафтық сәулет”, " Сәулеттік компазиция” пәндері. Үздік студенттер дипломдық жобаларын ағылшын тілінде қорғауда. 2005 – 2006 жылдарда халықаралық деңгейде ағылшын және француз тілдерінде "үздік” деген бағаға 5 түлек диплом жобасын қорғады. Факультеттегі диплом жобаларын қорғау кезінде басқарушылар ретінде үздік отандық және шет елдік мамандар шакырылуда: 2000 – 2001 ж. – Қырғыз – Ресей университеттерінің сәулет факультетінің деканы, сәулет докторы, профессор Муксинов Р. М, 2001 – 2004 ж. ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Халықаралық сәулет академиясының академигі Каканов Г. Г. Алматы және Капшағай әкімшіліктерінде диплом жобаларын қорғау дәстүрге айналды. Кейбір диплом жобалары осы қалалар әкімдерінің, құрылыс компаниялары және қоғамдық ұйымдардың грамоталарымен марапатталды. Факультеттің педагогикалық және ғылыми потенциалы 2006 – 2007 ж. аспиранттар мен магистранттарды қосқанда, сонымен қатар профессорлармен 30 адамды құрайды: оның ішінде 3 академиялық профессор 1 құрметті профессор 5 ассоцияциаланған профессор 13 профессор ассистенттері жұмыс істейді. Факультетте оннан аса аспиранттар мен магистранттары, және студенттермен жұмыс жүргізетін 1 офи-менеджері (А. Ж. Дарменова) жұмыс жасауда. Факультетте 600-ге жуық сырттай және күндізгі оқуды студенттер оқиды, оның 13 – ші стипендияға ие, ал 3-ші " Болашақ” стипендиясының жүлдегерлері. "Қуат”, " Базис”; "Рахат” сияқты корпорициялармен Алматы облысының әкімінің гранттарына ие болған 15 студент шет елдерде білім алуда. Ғылыми ізденіс жұмыстары. Сәулет мамандығы бойынша ең негізгі ғылыми жұмыстар Қазақстанның сәулет тарихына, қала құру жұмыстарына, саулеттік – обьектілеріне көп көңіл бөлінген. Ғылыми-ізденіс жұмыстарының қорытындысы "Вестник ҚазБСҚА” және мемлекеттік "Күмбез” журналдарының сандарына шығып тұрады. 2005 – 2006 жылдары 40 – қа жуық ғылымдық статьялар жарияланды. 2004 – жылы сәулет факультетінің студенттері "Арлан” фирмасы жариялаған "Алматы қаласындағы Бизнес-орталығын” жобалау тендерін (5 мың АҚШ доллары, 10 жаңа компьютермен) ұтып алды. 2006 жылы Алматы әкімшілігі жүргізуімен "Эдельвейс” тобының қолдауымен өткен "Территория любви” атты дизайн жобасы байқауында 4–5 студент қатысты. 2006 жылы Томск қаласында (Мапаш-Ресей) халықаралық көріністе – сәулет мамндығы бойынша 6 диплом үздік аталды. 2003–2004 ж. ж оқу жылынан бастап ҚазБСҚА – да Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан сәулет мектептерінің қатысуымен халықаралық үздік диплом жобасының байқауы өтуде. Қазақстанда сәулеттік білім берудің 45 жылдығына орай 2006 – 2007 оқу жылында халықаралық диплом жобаларының байқауы өтті. Сәулет мамадығы білім сапасын көтеру үшін халықаралық шебер – классын өткізуді қажет етеді. 2006 – жылдың мамыр айында " Алматы центр и его идентичность " тақырыбы бойынша мастер-класс өткізіліп, оған Германияның Эрфурт университетінен студенттер мен профессорлар қатысты 2 ұжым болып әр мастер класс ҚазБСҚАда өтті. Жұмыстың қорытындысы факультетке жеткізіліп студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды. Халықаралық әрекет 2003 ж. (Италия)1-ші Флоренцияда өткізілген үздік дипломдар жобасының байқауында, Ромуальдо дель Бьянко қорының қолдауымен, сәулет мамандығы бойынша профессорлар Глаудинов Б. А, Кисамеди Г. М; Қозбағаровалар қатысты. Ал екінші Флоренция көрмесіне – үздік дипломдық жобалар (2005 ж) "Қалақұрылысы” мамандығы бойынша 2 дипломдық жоба ұсынылды, олар Ромуальдо дель Бьянко қорының мақтау қағаздарымен марапатталды. Байланыстарды дамыту жағдайында Германиядағы Берлин техникалық оқу орнынан 3 студент диплом алдындағы тәжірибе алмасу мақсатымен Алматы қаласының сәулетті бойынша диплом жобасына құжаттар жинап, тәжірибе алды. 2000–2006 жылдар аралығында ҚазБСҚАға дәріс өту үшін, әлемге әйгілі сәулетші Кишо Куракава (жапон); тәжірибелі сәулетші профессор Маса Нагуччо (Канада); әлемге әйгілі францияның Ж. Кувеля ательесінен шыққан сәулетші Дидье Бро Смолинскиден (Россия) Н. В Эзау (Германиядан) келді. Сәулет факультетінде әлемге әйгілі жапон сәулетшісі профессор Кишо Куракава Профессор – Байтенов Э. М. деканы профессор Глаудинов Г. М; ҚазБСҚА- ның бұрынғы проректоры профессор Куспингалиев Б. У, ҚазБСҚА – ның президенті профессор Кусаинов А. А., профессор Кишо Кураково, профессор Кисамидин Г. М., доцент Исходпанов Г, Р, ассистент Надыров Н. А, ҚазБСҚА- ның бұрынғы проректоры профессор Абилов А. Ж. 2003 жылы ҚазБСҚА; Алматы каласы. 2005 – 2006 оқу жылы профессор Кисамедин Г. М., Садвокасова Г. К жетекшілігінде сәулет факультетінің студенттері Біріккен Араб Эмиратында (Дубай, Абу–дали, Шарджи, Алейко қалаларында) жобалық практикасын өтті, ол жерде студенттер ғажайып сәулет обьектілерімен танысты және жаңа салынған обьектілерге, мәрмәр заводы, жобалау бюросына, құрылыс компаниясына "АЮБКО-ға” барды. Сол жақ пен оң жақ шетте тұрған – ҚазБСҚА сәулет факультетінің студенттері: Хисамиева Зарина, Бейсенбаева Риза, Кенебаев Галамат, Риломат Игардин Араб университетінің экология студенттерімен бірге. Шарджи Араб университетіндегі сәулет факультетінің қыздар бөлімі, БАЕ және ҚазБСҚА сәулет факультетінің деканы профессор Садвокасова Г. К, оң жақта – профессор Кисмедин Г. М. 2005 жылы академиялық профессор Кисамедин Г. М "Үздік жыл ұстазы” атты номинациада Мемлекеттік ҚР МОН грант иегері болды. Профессор Кисамидин Г. М АҚШ, КХР, Франция, Біріккен Араб Эмираты елдеріндегі сәулет факультеттерімен байланыс орнатып, оқу процесін ұйымдастыру, әдістемелер, дипломдық жобаны қорғау, ұйымдастырумен танысты. Жаңа материалдар күнделікті дәрістермен практикалық сабақтарда қолданылады. 4 солдан оңға: 2005 ж грант иелері профессор Кисамидин Г. М., ҚР ғылым және білім беру министрлігі Түймебаев Ж. К, ----------------------проректоры Касенов К. М., 2006 ж грант ---------------- Садвокасова Г. К., 2005 ж грант иелері профессор Байтурсынов Д. М. 2005 ж грант иелерінің министрмен кездесу кезең! Және 2006 жылы мұғалімдік грант иесін беруі. Ақпан 2007 ж. Студенттер сарайы КазГУ Аль-Фараби атындағы. 2006 жыл "Жылдың ең үздік мұғалімі” атанған сәулет факультетінің деканы Садвокасова Г. К (сол жақтан екіншісі) Сәулет факультетінің мұгалімдері мен студенттері әр түрлі спорттық іс-шараларға белсенді қатысады: ФА тобы баскетболдан, волейболдан, тенистан жүлделі орындар алған. Факультет студенттері өзіндік көркемдік жұмыстарға белсенді қатысады. 2006 жылы факультет командасы "Вестник КазГАСА " атты байқауда жүлделі екінші орынға ие болды. Жыл сайын студенттерге арнайы "Посвящение в студенты” мереке өтеді, студенттер арасында "Лучшая студентская семья”, "Мисс красоты” және де басқа байқаулар өтеді. Студенттер бос уақытына арналған стадион, оқу залы, компьютер сыныптары қарастырылған. 2006 жылы ҚазБСҚА- нің сәулет факультеті халықаралық сертификаттарын уге, халықаралық сәулет мамндығы бойынша аккредитация дайындалуда. Оқытушылардың электрондық адрестері Жумартова К. Г., декан, ассоц. проф. E-mail: Kamila_G @mail.ru |
Жаңалықтар2010-09-10
Баспалар директорларына нақтырақ... 2010-08-31
Абдрасилова Г.С., Шахнович А.Ю., Джарылқасынов С.Ш. диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-17
Козбагарова Н.Ж. маусымның 27 жұлдызында, Бесімбаев Е. Т. шілденің 9 жұлдызында сағат 10:00-де диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-14
Амандыкова Д.А., Мауленова Г.Д. 2010 жылы, мамырдың 29 жұлдызында диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-14
Анонс нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 229 4611, 220 1944, 323 6312 |
index group жасалған |