Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Мамандықтар, мамандандыру және оқу мерзімі

Академия мамандарды дайындауды мемелекеттік тапсырыс негізінде және ақылы негізде жүзеге асырады. (Оқу формасы: іштей, қашықтан оқыту, сырттай-қатысылған, қысқартылған (жеделдетілген) көпдеңгейлік жүйе бойынша: лицей, колледж, бакалавриат, магистратура.

ҚазБСҚА жанындағы колледж кешені сәулет пен құрылыстың барлық негізгі бағыттарының 11 мамандығы бойынша дайындау жұмыстарын жүргізеді. ҚР БжҒМ 13 маусым 2008 жылғы №346 бұйрығымен бекітілген ҚР бастауыш және орта кәсіби білім мамандықтарының (топтастырғыш) классификаторына сәйкес келеді.

«Сәулет және дизайн»бағытында 2 мамандық бойынша дайындық жүргізіледі:

0402000- «ДИЗАЙН» (кәсібі бойынша) –) – дизайн біліктілігінің берілуімен.

Дизайнер қызметінің негізгі түрі нақты жобалық форманың эскизіне (кескіні) байланыстыжұмыстарда көмекші функция болып табылады.

Кәсіби білім бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі орта жалпы (11-сынып) білім негізінде – 1 жыл 10 ай. Кәсіби білім бағдарламасын игерудің формасы – іштей (күндізгі).

2. 0416000 – «СӘУЛЕТ»– — «техник-жобалаушы» біліктілігінің берілуімен.

Кәсіби білім бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі орта жалпы (11-сынып) білім негізінде – 1 жыл 10 ай. 0416000 "Сәулет" мамандығының бағдарламасын игерудің формасы – іштей.

3.0515000 – МЕНЕДЖМЕНТ (сала бойынша) және қолдану (күнд. саласына) менеджер (сала бойынша) біліктіліктің берілуінен.

Маман экономикалық қызметтің барлық түрінде, кәсіпкерлік бизнесте, басқарманың мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарында жұмыс жасайды. Бұл мамандық түлегі жағдаяттық басқарудың практикалық дағдылары мен теориялық білімін, белгісіздік пен қауіп шарттарындағы қалыпты емес жағдай мәселелері мен практикалық тапсырмаларды шешуде компьютерлік технологияны қолдану дағдысын меңгереді.

Жоспарлы-экономикалық шараларға қатысты жұмыста ұйым бөлімдерінде функциональды техникалық атқарушы ретінде қоғаммен байланыс маманы ретінде, орта және төменгі топтың басқарушысы жұмыстарын жасай алады.

4. 0518000 – ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ "бухгалтер-ревизор (аудитор) « біліктілігінің берілуімен.

»Есеп және аудит" мамандығының түлегі кәсіпорындарда, мекемелерде және түрлі меншіктік ұйымдарда ревизорлық-бақылау және талдау қызметтерін жүзеге асырады. Түлек бухгалтер-ревизор қызметінде жұмыс жасай алады және өз қызметін аудиторлық компаниялармен фирмаларда, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарда жүзеге асырады т. с. с.

5. 0519000 – ЭКОНОМИКА «экономист» біліктілігінің берілуімен «экономика» мамандығының түлегі кәсіпорындарда, мекемелерде және түрлі меншіктік ұйымдарда жоспарлы экономикалық, бақылау-талдау қызметтерін атқарады. Түлек экономист қызметін кәсіпорындық құрылымдық бөлімшелер: бөлімде бюродо, топта, цехта атқара алады. Қоғаммен байланыс маман ретінде, орта және төменгі топтың басқарушысы ретінде жұмыс жасай алады. Кәсіпкерлік қызмет аясында ұйымдастыру және жоспарлау, басқару және тексеру маманы, сондай-ақ алған біліктілігіне сәйкес өзге жұмыс түрлерінің маманы бола алады.

Құрылыстық-экология бағытында төмендегідей мамандықтар бойынша дайындық жүргізіледі.

6. 0713000 – ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ – техник-геодезист біліктілігінің берілуімен. Техник-геодезист (материалдық өндірісте) түрлі масштабта топографиялық түсірілімдерді атқару құрылыс объектісінің түрлі этабында геодезиялық өлшемдерді орындауға байланысты кешенді тапсырмаларды шешуге бағытталған адамдық қызметтердің түрлері мен әдістерін меңгере отырып, материалдық өндірісте жұмыс жасай алады.

7. 4101000 – ҒИМАРАТТАР МЕН ИМЕРЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ. Техник-құрылысшы біліктілігінің берілуімен. Техник-құрылысшы дипломы бар маман жобалау, ғылыми-зерттеу фирмалары мен шеберханаларында, сонымен қатар құрылысты және тұрғын-азаматтық және өндірістікбелгілерде бригадир, мастер қызметінде жұмыс жасай алады.

8. 1404000 – СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ ӘКЕТУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ИМЕРЕТТЕРІ. – Су құбырлық-канализациялық шаруашылық имереті және желілерді пайдалану технигі біліктілігінің берілуімен. Аталған біліктілік дипломы бар маман жобалық-құрастыру, өндірістік-техникалық жұмыс түрлерін орындайды, сонымен қатар сумен жабдықтау және су әкету жүйесінің құралдарын пайдалануға байланысты өндірістің түрлі салалы мекемелерінде бригадир, технолог, мастер ретінде жұмыс жасай алады.

9. 1412000 – ТЕМІРБЕТОНДЫ ЖӘНЕ МЕТАЛДЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІ. Техник-технолог біліктілігінің берілуімен. Техник-технолог дипломы бар маман жобалық-құрастыру және өндірістік-техникалық жұмыс түрлерін, сонымен қатар құрылыстық индустриялық кәсіпорындарда алған біліктілігіне сәйкес жұмыс жасай алады.

10. 1414000 – ЖИҺАЗДЫҚ ӨНДІРІС , техник-технолог біліктілігінің берілуімен. Ағаш өңдеу техник-технологы – ағаш материалының өңдеуіне және ағаш шикізатын адамның тіршілік әрекетіне кешенді және рационалды пайдалануға қатысты кәсіби қызметтің түрі.

11. 1514000 – ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕСУРСТАРДЫ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ (сала бойынша) , эколог біліктілігінің берілуімен. Аталған біліктілік қоршаған ортаны қорғау жүйесінде, сушаруашылық объектілерін жобалау және салу сараптамаларын ұйымдастыруда, су объектілерін, ауаны, топырақты, тағамдарды және өндірістік қалдықтарды тексеру зертханаларында орта кәсіби білім мамандығымен байланысты жұмыс ұсынады.

Жоғары кәсіби білім мамандықтары (бакалавриат):

050420 – СӘУЛЕТ оқу мерзімі – 5 жыл. Түлек жоғары білімге тең келетін сәулет бакалаврының академиялық дәрежесін алады және жобалау және құрылыс фирмаларында, ҒЗИ, ЖОО, сәйкес келетін департаменттерде, тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен имереттерді жобалаумен айналысып, мекен орындарын жоспарлаумен, қалалар мен поселкелердің ландшафтын ұйымдастыруын атқаруға құқық береді, сонымен қатар магистратура мен аспирантурада ЖОО кейінгі білімді ала алады.

Сәулет бакалавры лецензиясын алғаннан кейін сәулет өндірісінің авторы болуға және сәулеттік фирмаларды басқаруға құқылы. Жалпы білімділігіне талап – түлек қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды білуі тиіс, сонымен қатар әлемдегі сәулеттік-көркемдік ағын үстемдігін және халық мәдениетінің дамуын бағдарлай алуы қажет.

Мамандықтар:

«Қалақұрылысы»мамандығы аясында іргелі сәулет базасы негізінде елді мекендердегі аймақты-функционалды және сәулеттік-жоспарлау ұйымдары бойынша тереңдетілген білім беріледі.

«Ғимараттар мен үймереттерді, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру мен қайта құрау» - сәулет ескерткіштерін, әсіресе Қазақстанның сәулет ескерткіштері мен жалпы сәулет теориясын тереңдетіп оқытуды қарастырады.

Бітіруші түлек азаматтық мекеме және ғимараттарды жобалау негізінде дайындалады, жоғары базалы білімімен маман ретінде жобалау және басқа да фирмаларда сәулетші болып жұмыс істей алады.

«Ландшафттық сәулет». Бұл мамандықтың кәсіби қызметі – мекеме құжаттарының жобалау-сметасын дайындау, ғимараттар және олардың кешендері, ландшафттық және қалақұрылыс нысаны, сәулет-қалақұрылыс қызметінің жетістіктерін, сәулет ескерткіштерін насихаттау.

050421 – ДИЗАЙН. Оқу мерзімі бес жыл. Бітіруші түлектер «дизайн бакалавры» академиялық дәрежесін алады. Дизайн мамандығы бойынша базалық кәсіптік жоғары білім алған маман интерьерді, визуалды коммуникацияны, жарнаманы, тұрмыста және өндірісте қолданылатын заттарды, экспозицияны, сәулеттік орта көріністерін жобалау саласында көркемдік және шығармашылық жұмыстарға дайындалған. Мамандану кәсібіне сәйкес шығармашылық-жобалау ұйымдары мен ұжымдық кәсіпорындарда жұмыс істеуге даярланған.

Мамандықтар:

«Сәулеттік дизайн». Оқу мерзімі бес жыл. Бітіруші түлектер «өнер бакалавры» академиялық дәрежесін алады. Бітіруші түлектердің басты кәсібі «Сәулеттік орта дизайны», «Интерьер дизайны», «Ландшафтық дизайн», «Монументалды декоративті өнер» болып табылады. Бітіруші түлектер аталған кәсіп бойынша маманданған дизайнерлік фирмаларда, студияларда, агенттіктерде жұмыс істеуге құқылы.

Мамандық: «Графикалық дизайн». Оқу мерзімі бес жыл. Бітіруші түлектер «Өнер бакалавры» академиялық дәрежесін алады. Бітіруші түлектердің басты кәсібі «Жарнама дизайны», «Полиграфиялық дизайн», «Графикалық тіл және визуалды мәдениет», «Безендіру өнері және фотосурет» болып табылады. Бітіруші түлектердің басты кәсібі «Сәулеттік орта дизайны», «Интерьер дизайны», «Ландшафтық дизайн», «Монументалды декоративті өнер» болып табылады.

Мамандық: «Өндірістік дизайн». Оқу мерзімі бес жыл. Бітіруші түлектер «Өнер бакалавры» академиялық дәрежесін алады. Бітіруші түлектердің басты кәсібі «Киім дизайны», «Жиһаз дизайны», «Техникалық дизайн», «Декоративті-қолданбалы өнер». Бітіруші түлектер аталған кәсіп бойынша маманданған дизайнерлік фирмаларда, студияларда, агенттіктерде жұмыс істеуге құқылы.

«Өнер бакалавры» академиялық дәрежесін алған бітіруші түлектер ары қарай білімін осы кәсібіне жақын мамандық бойынша магистратурада жалғастыра алады.

050729 – ҚҰРЫЛЫС. Оқу мерзімі – 4 жыл, академиялық дәрежесі – «Құрылыс бакалавры». Бакалавр-маман ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық және конструкторлық-жобалау жұмыстарында ғимараттарды пайдалану және олардың инженерлік жүйесі, сондай-ақ аймағын абаттандыру бойынша мекемелерде, ұйымдарда жұмыс жасауға дайын. Коммерциялық, қаржылық, әкімшілік қызметтерді басқару, жағдаяттық талдауға машықтану, нарық бағытын талдау, экономикалық процестерді модельдеу тәсілдерін (коммерциялық есеп, қаржы саясатын қалыптастыру, ұйымдарды басқару мақсатты-бағдарламалық тәсілдері) экономикалық жобалауды бағалау, өндіріс пен экономикалық басқару саласында негізгі проблемаларды зерттеуге кәсіби деңгейде қарауды меңгере білу.

Мамандықтар:
— «Ғимараттар мен үймереттерді жобалау және есептеу»
— «Жылу және атом электростанцияларының құрылысы»
—"Газ-мұнай құбырлары және газ-мұнай қоймаларының құрылысы"
— «Жолдар мен аэродромдардың құрылысы»
— «Көпірлер мен тоннельдер»
— «Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы»
— «Коммуналды шаруашылықты пайдалану»
—"Жылу-газбен жабдықтау және желдеткіш"
— «Сумен жабдықтау және канализация»
— «Құрылысты автоматтандыру және механикаландыру, электрмен жабдықтау»
— «Гидротехникалық құрылыс»
— «Құрылыстағы ақпараттық жүйе»
— «Құрылыстағы экономика и менеджмент»
— Құрылыстағы инженерлік ізденіс"

050730 – ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН, БҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ӨНДІРУ. Бетон, темірбетон бұйымдары мен құрылымдарды, қабырға, әрлеу, жылу, жылу өткізбейтін, су өткізбейтін мактериалдарды өндіру жөніндегі «Құрылыс маткериалдарын, бұйымдарын, құрылымдарын өндіру бакалавры» академиялық дәрежесі. Бітіруші түлек өндірісте ұйымдастырушы-технолог, конструктор-жобалаушы, ғылыми қызметкер, фирма және құрылыс материалдары өндірісі ассоциациясының жетекшісі болып жұмыс істей алады. Бітіруші түлек экономикалық дамудың негізгі заңдылықтарын меңгеруі; өндірістің техника-экономикалық тиімділігіне әсер етуші факторларды байқау; кәсіпорынды басқарудағы психология мен социалогия білімі, басқару шешімдерін сан және сапа жағынан дәлелдеу біліктілігі болуы керек.

Мамандықтар:
– «Қабырғалық, әрлейтін және өткізбейтін материалдар технологиясы»
– «Бетон және темірбетон бұйымдарының технологиясы»
– «Метал құрылымдарды дайындау».

050725 – АҒАШ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. «Ағаш өңдеу бакалавры» академиялық дәрежесі. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша аталған мамандық бойынша мамандарды дайындайтын бірден бір жоғары оқу орны ҚазБСҚА болып табылады. Бітіруші түлек өндірісте ұйымдастырушы-технолог, конструктор-жобалаушы, ғылыми қызметкер, орман шаруашылығы мен ағаш өңдейтін кәсіпорындары, жиһаз өндірісі фирмаларында жетекші болып жұмыс істей алады. Бітіруші түлек үнемі өзгерісте болатын әлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейімделе білуі, жан-жақты және ағаш өңдеу технологиясын жетілдіруге, сондай-ақ ағаш өңдеу саласындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейім болуы тиіс.

Мамандықтар:
- «Бетон және керамика құрылыс материалдары өндірісі»
- «Метал құрылымдарын дайындау»

050506 – ЭКОНОМИКА.

Академиялық дәрежесі – «экономика бакалавры». Оқу мерзімі– 4 жыл.

Маман экономика саласындағы мемлекеттік және жекеменшік қызметте, жобалау ұйымдарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, орта және жоғары оқу мекемелерінде т. б. жұмыс істей алады. Бакалавр практикалық тұрғыда шығармашылық пен белсенділікті талап ететін кәсіби және әлеуметтік қызметке дайын болуы, экономикалық және басқару қызмет аясында практикалық міндеттерді сапалы түрде орындай білуге, өндірістің негізін теориялық тұрғыда білу, өндіру, тарату, айырбастау және материалды құндылықтар мен қызметті пайдалану процесіндегі қоғам дамуының заңдылықтарын, адамдардың экономикалық көзқарасын білуі тиіс.

050507 – МЕНЕДЖМЕНТ

Академиялық дәрежесі – «менеджмент бакалавры». Оқу мерзімі – 4 жыл.

Маман экономика саласындағы мемлекеттік және жекеменшік қызметте, жобалау ұйымдарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, орта және жоғары оқу мекемелерінде т. б. жұмыс істей алады. Жаңа заман мамандары нарықтағы жағдайларды дұрыс бағалап, өзгермелі конъюктураға сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдай білуі керек. Зерттеу объектісінің жағдайына талдау жүргізіп, басымдықарын анықтап, жоспар жасап, ұйымдастырып, басшылық жасап, барлық процеске бақылау жүргізе білуі керек. Басқарушылардың білім деңгейі мен дағдылары толық, жан-жақты, мазмұнды болуы қажет. Олар өзгермелі экономикалық-географиялық жағдайларға бейімделе және өзгерістерге әлеуметтік, моральдық, психологиялық жағынан дайын болып, шешім қабылдай білулері керек. Басқарушылардың білімі мен дағдылары толық және мазмұнды болуы қажет.

050508 – ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ

Академиялық дәрежесі – есеп және аудит бакалавры. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Маман экономика саласындағы мемлекеттік және жекеменшік қызметте, жобалау ұйымдарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде, орта және жоғары оқу мекемелерінде т. б. жұмыс істей алады.

Есеп және аудит мамандығыбойынша бакалоавдың төмендегілер жөнінде түсініг болу керек: қазіргі заманғы экономикадағы болып жатқан процесстер мен құбылыстар туралы, нарық жағдайында Қазақстан Республикасының және жақын шетел елдердегі өндірістің аймақтық бөлінуі және шаруашылықты аймақтық ұйымдастыру сипаты жөненіде, шаруашылық субъектілерінің активтерінің, міндеттемелерінің және капиталының саны мен қозғалыстарын есепке алу және оның шаруашылық-қаржылық қызметтерінің қортындысын анықтау бойынша жұмыстарды орындауды білу қажет.

050711 – ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ

Академиялық дәрежесі – геодезия және картография бакалавры. Оқу мерзімі – 4 жыл.

Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері болып: жер беттері, мемлекеттік геодезиялық жүйелер және жүйелердің арнай орналасуы; ғимараттар мен құрлыстардың құрылыс алаңы: азаматтық тұрғын үйлердің, транспорттың, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; пайдалы қазбалардың кен орны; жер учаскелері, қалалық территориялар болуы мүмкін; табиғи және табиғи-антропогендік жүйелер, әлде түлектердің кәсіби мүмкіншілігіне тікелей қатнасы бар басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес профильдегі мекемелер болуы мүмкін.

050731 – ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Академиялық дәрежесі — тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Қазақстан республикасы Конституциясының негізгі ережелерін және Заңнамалық және нормативтік-техникалық актылар тіршілік әрекеті қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында нормативтік актілерді, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы стандарттау, сертификаттау және өлшеу техникасы принциптері.

Мамандықтар
— «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау»
— «Қолданбалы экология»
— «Төтенше жағдайда қорғау»
— «Еңбекті қорғау»

Жоғары-ғылыми кәсіптік білімі

(магистратура)

6N0420 – СӘУЛЕТ

Академиялық дәрежесі «Сәулет магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1–2 жыл. Сәулет бағыты бойынша бітірген түлектердің қызмет саласына тікелей байланысты басқару органдары, кәсіпорындар, ұымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер болып табылады. Сәлет магистрін бңтңрген түлектер жобалау және ғылыми зерттеу институттарында, шеберханаларда, студияларда, сәулет – қала құрвлвсв саласында орталықтарда, сәулетшілерді дайындайтын жетекшң жоғары оқу орындары мен колледждерде, сондай-ақ қала және облыстық әкімшіліктер жанындағы сәулет және қала құрылысы органдарында қызмет істей алады.

Магистр төмендегідей қызметтерді атқара алады: кәсіптендіру даярлықта, жобалау бюросының жетекшісі және сәулетшісі; сәулет және қала құрылысы бойынша ғылыми зерттеу ұйымдарында ғалым; ғылыми-педагогикалық даярлықта.

6N0421– ДИЗАЙН

Академиялық дәрежесі «Дизайн магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1–2 жыл. Дизайн магистрі кәсіптендіру даярлықта жоба жасаушы, полиграфиялық баспа менеджері, баспа және жоба жасаушы ұйымдарында қызмет атқара алады. Ғылыми-педагогикалық даярлықта ғылыми-зерттеу қызметкері, орта және жоғары кәсіптік оқу орнындағы мекемелердің оқытушысы болып табылады.

6N0506 – ЭКОНОМИКА

Академиялық дәрежесі «Экономика магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1–2 жыл. Берілген мамандық магистрі мен академиялық дәреже алған экономика магистрі игеруі тиіс:
- мамандық фундаменталдық ғылымдары бойынша терең білім;
- кең интеллектуалдық фундамент, ол кешендік және салааралық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Магистр үлкен статистикалық көлемдегі және есептік ақпараттармен операция жүргізу білу, оның әртүрлі көздерімен өз бетінше жұмыс істей білу. Кәсіптік міндеттерді шешуге компьютерлік бағдарламаларды құру дағдыларын алу, кешендік міндеттерді шешудің күрделі алгоритмдерін шығармашылық жағынан іске асыру.

6N0507 – МЕНЕДЖМЕНТ

Академиялық дәрежесі «менеджмент магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1–2 жыл. Магистр кәсіби қызметінің бағыттары: ұйымның және оны басқару кәсіпорынның экономикалық қызметін тәжірибелік сұрақтарды шешу; шаруашылық субъектілердің тиімді дамудың нұсқауларды таңдауды білу; персоналды қызметін ынталандыру; инновациялық қызметін жетілдіру; кәсіпорынды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру болып саналады.

6N0608 – ЭКОЛОГИЯ

Академиялық дәрежесі «Эколлогия магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1–2 жыл. Магистр қазіргі заманғы білімнің талаптарымен сәйкес келетін, техника және қоғамның тұрақты дамуы эколлогия саласында халықаралық құжаттармен негізін түсіндіретін маман кәсіптік дайындықтың жоғары деңгейін, кең ауқымды білім және жоғары мәдениетке ие болуын, жоғары азаматтық және Адамгершілік сапаға ие болуын, табиғатқа жауапты қатынастың принциптерін үгіттей және түсіндіре білуі керек.

Табиғат қорғау және экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыратын экологияның негізгі нұсқауларын, факті түсіну, яғни, табиғат – физика, химия, биология заңдарымен сәйкес қалыптасқан жүйе, оның құрамды бөлігі болып табылатын адам мынадай пәндермен: экодаму мен экосаясаттың заңдылықтары, экстремалды күйлердің физиологиясы, токсикология, радиациялық экологиямен қамтамассыз етіледі.

6N0729– ҚҰРЫЛЫС

Академиялық дәрежесі «Құрылыс магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1-2 жыл. Бітірушінің іргелі ғылыми дайындығы болуы, қазіргі заманғы ақпаратты технологияны, ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса игеру, өзі қалаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу істерін жүргізу және ұйымдастыруға, ЖОО сабақ беруге, зерттеу және басқару қызметтерін табысты атқаруға, берілген ғылыми-зерттеу істеріне қатысуды меңгеруге, сондай-ақ шығармашылық ойлау стиліне қабілетті болуы керек.

6N0710 – МАТЕРИАЛТАНУ ЖӘНЕ ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Академиялық дәрежесі «материалтану және жаңа материалдар технологиясының магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1-2 жыл. Магистр алған білімін өндіріс орындарында жетекші инженерлік және басқарушы мамандар ретінде жұмыс істей білуі керек. Техникалық және экологиялық қауіпсіздігі адам қорғауға, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және техникалық саясатын, праволық нормаларын сақтауға міндетті.

6N0711 – ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ

Академиялық дәрежесі «геодезия және картография магистрі». Магистрлер кәсіптендіру дайындықта – картографиялық-геодезиялық, құрылыстық, тау-кен мекемелерінде, басқарушы, жобалау-ізденіс ұйымдарында инженерлік және басқару қызметтерде; ғылыми-педагогикалық дайындықта – ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметкер, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады.

6N0731 – ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Академиялық дәрежесі «қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі магистрі». Магистратураның бағытына және алдыңғы өтілген дайындығына сәйкес білім беру бағдарламасының нормативтік ұзақтылығы – 1,5 жыл және 2 жыл ғылыми-педагогикалық дайындықта. Магистр кәсіптендіру дайындау кезінде – кәіпорында (мекеме) тиісті бөлімшенің (еңбек қорғау бөлімі, табиғатты қорғау бөлімі, төтенше жағдайлардағы қорғау қызметі) жетекшісі; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдарының бас, жетекші кәсіптендіру маманы, бөлімше басшысы болады.

Жаңалықтар

2012-02-09
Тілдік емес жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту мәселелері
нақтырақ...
2012-02-09
Ағылшын тілінде сабақ беретін ҚазБСҚА оқытушылары
нақтырақ...
2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...