Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?
|
Стипендия және демеушілік оқу гранты
Мемлекеттік оқу гранты және бюджет бойынша оқитындарға ай сайын 3 есе айлық есеп көрсеткіш мөлшеріне (жыл сайын ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес белгіленеді) тең мөлшерде мемлекеттік стипендия тағайындалады.
Мемлекеттік оқу гранты негізінде 1 курсқа оқуға қабылданған барлық студенттерге 1-ші семестрде мемелекеттік стипендия тағайындалады.
Стипендия келесі оқу семестрлерінде мемлекеттік тапсырыс (грант, бюджет) негізінде білім алушыларға алдыңғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады. Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тек қана «жақсы» және «өте жақсы» бағалар алған мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларға, үлгерушілерге тағайындалады.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, жетім-балалар қатарындағы барлық үлгерушілерге (ағымды аттестация нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз баға немесе емтихан сессиясының нәтижесі бойынша қарыздары жоқ) мемлекеттік стипендиясына сәйкес үстеме тағайындалады (30%).
Жекелеген категория негізінде білім алушыларға стипендияға үстеме қарапайым стипендияның мөлшерінің пайыздық қатынасы бойынша белгіленеді (75% мөлшерінде соқыр, керең-мылқауларға; мүгедектерге – 50 %); жетім балаларға, ата-аналарының қамқорынсыз қалғандарға – 30 %; ҚР Президентінің атындағы – 100 % (ҚР Президентінің шешімінде стипендия мөлшері көрсетілмесе); көрнекті қайраткерлер атындағы- 45%, үздіктерге – 15 %.
Емтихандарды қайта тапсырғандарға стипендия тағайындалмайды (орынды себептермен емтиханға келмегендерді қоспағанда, кесте бойынша емтихан күні келмеген себебін растайтын құжаттарын көрсеткенде).
Орынды себептермен емтихан сессиясын ұзартқандар стипендия алушы үміткерлер қатарына қосылады.
Білім алушыларға оқу гранты және стипендия әлеуметтік қолдау мақсатында демеушілермен құрылады, сонымен қатар жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін дамыту, білікті мамандарды дайындау үшін 5 жыл мерзіміне дейін құрылады.
Мемлекеттік демеушілік гранты ҚазБСҚА-ға түсу кезінде кешенді тестілеуді табысты тапсырған, бірақ мемлекеттік оқу грантына байқаудан өтпей қалған талапкерлерге, мынандай жағдайларда тағайындалады.
- білімі туралы аттестаттың немесе дипломның орташа балы 4,0 төмен болмауы керек;
- сәулет факультетіне түсушілерге – шығармашылық емтихандардан өте жоғары балл жинағанда.
Демеушілер стипендиясына 1-ші курстан 5-ші курсқа дейін студенттер үміттенуге болады.
Демеушілік грант немесе стипендия иегерлері, жыл сайын үздік оқуымен өзінің грант немесе стипендиясына құқылығын дәлелдеп отыруы керек. Грант немесе стипендия иегер–студенттің қанағаттанарлықсыз үлгерімі – оларға құрылған грант немесе стипендияны одан ары қаржыландырудан демеуші бас тартуға құқылы.
Ақылы негізде оқитын, әр түрлі жағдайларға байланысты (жанұя жағдайына, денсаулығына байланысты және т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіншілігі төмен дарынды студенттерге академияның арнайы стипендиясы – «Sсholarchips» алуға құқық беріледі. Арнайы стипендияға ұсынылудың міндетті шарты емтихан сессиясы қорытындысы бойынша үздік үлгерімі болып табылады. Кейбір жекелеген жағдайларда сессияның қорытындысы бойынша «төрт» екеуден көп емес бағалары бар болғанда, сонымен қатар мүгедек студенттерге тағайындалуы мүмкін. Арнайы стипендия тағайындау туралы шарттарға толық түсініктемені ҚазБСҚА Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілген «Академияның арнайы стипендиясы - «Sсholarchips» тағайындау тәртібі туралы Ережеден» табуға болады.
Атаулы стипендиялар (Президенттік, басқа да көрнекті қайраткерлер атындағы) Академияның Ғылыми Кеңесінің шешімі арқылы тағайындалады (мөлшері ҚР заңдарына немесе нормативті – құқықтық актілермен анықталады).
Арнайы стипендияның мөлшері стипендия құрамымен анықталады. Арнайы немесе атаулы стипендия бойынша қабылданған студенттерге мемлекеттік стипендия берілмейді (студент тек бір ғана стипендияға құқылы).
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын магистранттарға мемлекеттік стипендия мөлшері студенттің стипендиясының деңгейінде белгіленеді.
Бюджет бойынша оқитын аспиранттарға, мемлекеттік ғылыми ұйымдардағы кіші ғылыми қызметкерлердің (ғылыми дәрежесіз) еңбек ақыларының мөлшерінде стипендия тағайындалады.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде күндіз оқитын докторанттарға, стипендия еңбек ақыларының мөлшерінде тағайындалады, бірақ доценттің еңбек ақыларынан көп емес.
|