2010 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына (ҚазБСҚА)
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (бұдан әрі – ҚазБСҚА) орта (негізгі, жалпы, техникалық және кәсіптік), жоғары, ЖОО-нан кейінгі білім беру, ОПҚ-ын қайта даярлау (біліктілікті көтеру), сәулет-құрылыс саласындағы мамандар дайындайды. Академияда оқу іштей, сырттай, сырттай-қатысатын түрде жүргізіледі. Оқу мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Академияға орта жалпы (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейін) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды: 5В042000 – Сәулет, 5В042100 – Дизайн, 5В050600 – Экономика, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В071100 – Геодезия және картография, 5В072900 – Құрылыс, 5В050500 – Ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан жасалған бұйымдар (қолдану саласы бойынша), 5В073000 – Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру. Академияға қабылдау бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды академияға ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды академияның Қабылдау комиссиясы оқуға түсу емтиханынан кейін әңгімелесу түрде жүзеге асырады. Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды академияға ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды академияның Қабылдау комиссиясы оқуға түсу емтиханынан кейін әңгімелесу түрде жүзеге асырады. 5В042000, 5В042100 мамандықтарына түсу барысында көрсетілген санаттағы азаматтар әңгімелесуден бөлек екі шығармашылық емтихан (ұқсас мамандықтар бойынша бірінші білімі барына қарамастан) тапсырады. Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында академияның қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. Шығармашылық емтихандар саны - екеу. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауы 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және тарих.
Бiлiм беру грантын тағайындау байқау негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс аясында нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi. Мемлекеттік білім гранттарын алу байқауына қатысу үшін құжаттар 23-шілде мен 31-шілде аралығында қабылданады. Студент қатарына өткізуді Қабылдау коммисиясы 10-нан 25-ші тамызға дейін жүзеге асырады.
Ақылы бөлімге ағымдағы жылы жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері, біріңғай ұлттық тестілеуден өткен кешенді тестілеуге қатысушылар, тест қорытындысы бойынша төмендегі пәндерден 50 балдан төмен болмауы керек: қазақ тілінен немесе орыс тілінен (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдары 7 балдан төмен болмауы керек (әр шығармашылық емтиханнан 10-нан кем емес), ал қалған пәндерден 4 балдан төмен болмаған жағдайда қабылданады. ҰБТ қорытындысы бойынша және кешенді тестілеуден жоғары балға ие болған талапкерлерге, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талапкерлерге академияда «Scholarships» білім беру грантына байқау жүргізіледі. Бірінші қысқы сессия қорытындысы бойынша «өте жақсы» деп бағаланған «Scholarships» грант иелері ережесіне сай оқуды академияның арнайы шәкіртақысын алып, оқуды жалғастырады. Ал олай болмаған жағдайда оқушылар өз оқуына толық көлемде, бірінші курстың бірінші семестрінен бастап ақы төлейді.
ҚазБСҚА магистратурасына ҚР-ның азаматтары, азаматтығы жоқ және шетел азаматтары, жоғары білімі бар және ғылыми жұмысқа бейім азаматтар келесі мамандықтар бойынша қабылдайды: 6М042000- Сәулет, 6М042100- Дизайн, 6М050600- Экономика, 6М050700- Менеджмент, 6М071000- Жаңа материалдар технологиясы және материалтану, 6М071100- Геодезия, 6М072500- Ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан жасалған бұйымдар, 6М072900- Құрылыс, 6М073000- Құрылыс материалдары мен бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, 6М073100- Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистранттар қатарына қабылдау бүкіл оқу курсындағы жалпы рейтингтік балы (5-балдық шкала бойынша) 4,0 төмен болса қабылданбайды. Өтініштерді қабылдау 01-нен 30 шілдеге дейін, оқуға түсу емтихандары 01-нен 20 тамызға дейін қабылданады, оқуға қабылдау 31 тамызға дейін болады. Магистратураға оқуға түсушілер шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады. Магистранттар қатарына қабылдауға ағылшын тілінен және мамандық бойынша оқуға түсу емтихандарынан 8 балдан кем (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4-балдық шкаласы бойынша) жинаған азаматтар жіберілмейді. Магистранттар қатарына академияның қабылдау комиссиясымен 31 тамызға дейін қабылданады.
ҚазБСҚА жанындағы Колледжге (бұдан әрі — Колледж) күндізгі және сырттай оқуға мынадай мамандықтар бойынша қабылданады: 0416000 – Сәулет (күндізгі оқу түрі), 0402000 – Дизайн (профиль бойынша) (күндізгі оқу түрі), 0515000 – Менеджмент (сала мен қолдану облысы бойынша), 0518000 – Есеп және аудит (сала бойынша), 0519000 – Экономика (сала бойынша), 0713000 – Геодезия және картография, 1401000 – Ғимараттар мен имараттар құрылысы және пайдалану, 1404000 – Сумен жабдықтау және суәкету жүйелерін тазартқыш үймереттер, 1412000 – Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, 1414000 – Жиһаз өндіру (түрлері бойынша), 1514000 – Экология және табиғи ресурстарды дұрыс қолдану (салалар бойынша). Азаматтарға арналған түсу емтихандары: жалпы орта білімі бар, техникалық және кәсіби білімі бар (ағымдағы жылдың жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері, шетелде өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім алған, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарда білім алған, техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда білім алған, мамандыққа тікелей қатысы жоқ мамандықтар бойынша білім алған, сондай-ақ былтыр бітірген түлектерге) төмендегі үлгіде өткізіледі: - үш пән бойынша (жалпы орта білімі бар) жалпы орта білім беретін оқу бағдарламасының көлемінде (қазақ немесе орыс тілдері, Қазақстан тарихы және кәсіби мамандықтар пәндері бойынша). - екі пән бойынша (негізгі жалпы білімі бар) негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламасының көлемінде (қазақ немесе орыс тілдері және кәсіби мамандықтар пәндері бойынша). Колледжге күндізгі оқу формасына түсушілердің өтініштері 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Күндізгі оқу бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі. Күндізгі оқу бөліміне 0640002, 0639002 мамандықтары бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін құжаттар қабылданады, арнайы мамандық (шығармашылық) емтихандары 21 шілдеден 28 шілдеге дейін өткізіледі. Күндізгі оқу бөлімінде оқитындарды қабылдау 25 тамыздан 30 тамызға, сырттай оқу бөліміне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін байқау негізінде қабылдайды. Байқауға қатысуға негізгі жалпы білімі бар екі пәннен 20 балдан төмен және орта жалпы білімі бар үш пәннен 30 балдан төмен алған талапкерлер жіберілмейді.
Кәсіби мектеп 15 мамандық бойынша мамандар даярлайды, кәсіби мектепке іріктеу әңгіме түрінде жүргізіледі: орта жалпы білім беру базысында (11 сынып) – 1 айдан 1 жылға дейін; негізгі жалпы білім беру базасында (9 сынып) орта жалпы білім алған – 2 жыл; негізгі жалпы білім беру базасында орта жалпы білім алмаған – 1 жылдан 2 жылға дейін.
ҚазБСҚА жанындағы лицейде 5–11 сынып аралығындағы оқушылар келесі кәсіби бағытта қабылдау жүзеге асырылады: сәулет, сурет және дизайн; жаратылыстану-техникалық. Құжаттарды қабылдау лицейдің Қабылдау комиссиясына 20 маусымнан 29 тамызға дейін қабылданады. «Сәулет, сурет және дизайн» бағытына оқуға түсушілер өздерінің шығармашылық жұмыстарын тапсыруы керек. Біліктілікті көтеру үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру мен өткізу және лицензиясы бар мамандықтар бойынша ҚР сәулет-құрылыс саласындағы жоғары оқу орындарының оқытушыларын қайта дайындайтын ҚазБСҚА-да Үздіксіз білім беру Институты (ҮБИ) бар.
Біліктілікті көтеру және қайта дайындау курсына орта кәсіби білімі немесе жоғары кәсіби білімі бар азаматтар немесе ЖОО-мен, фирмалармен, компаниялармен келісімшарт негізінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша азаматтар қабылданады. Қысқа мерзімді курстар 2 аптадан 6 аптаға дейін созылады. Біліктілікті көтеру курсын бітірушілерге бекітілген үлгідегі куәліктер (сертификаттар) беріледі.
Жаңалықтар
2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері нақтырақ...