|
ҚазБСҚА-ның білім беру саясаты ҚазБСҚА миссиясы – жоғары білікті мамандар дайындау, студенттерге барлық деңгейде бiлiм алуға, жылдам өзгеретiн әлемде қоғамдағы өз орнын табуға қабiлеттi кең ой-өрiстерi бар жоғары зерделi адам болуға мүмкiндiк беру. ҚазБСҚА терең бiлiм ғана емес, студенттер бойында азаматтық жауапкершілік, отансүйгiштiк пен интернационализм сезiмдерін тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл барлық ұлт, мәдениет пен дiни наным адамдары арасындағы тұрақтылық және өзара түсіну мемлекеттiк саясатына сәйкес келедi. Академияның бiлiм беру саясаты мақсаттарының бiрі студенттердің ой-өрісін кеңейту, қоғам және табиғаттың даму заңдылықтарын түсiну, сонымен қатар адал, парасатты, үлкенді құрмет тұтатын, тiлектес және көпшіл сияқты жеке қасиеттерді студенттер бойында тәрбиелеу болып табылады. Бұған оқу бағдарламалары да, сонымен бірге студенттердi аудиториядан тыс ғылыми, қоғамдық, мәдени және спорт қызметiне студенттiк ұйымдар, клубтар мен орталықтарға тарту арқылы қол жеткізуге мүмкiндiк береді. Оқытушылардың тәлiмгерлiгi (кураторлықтың институты), жоғары курс студенттерінiң қамқорлығы үлкен рөл ойнайды. ҚазБСҚА жақын және алыс шетелдегі жетекші университеттерде қабылданған стандарттарға сәйкес бiлiм беру бағдарламаларын бейiмдеуге тырысады. Студенттерiне әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, дүние жүзiнде академия бiтiрушiлерiнiң дипломдарын мойындауы үшiн, бiлiмдерін шетелде жалғастыруға мүмкiндiк беру үшiн, оқытудың кредиттік жүйесi енгiзiлген. Осы бағытта ҚазБСҚА өзінің халықаралық қызметiн жетiлдiріп келеді. Қазақстан азаматтарына да, әр түрлi нәсiлдер мен ұлт өкiлдерi сегрегациясының барлық түріне қарамастан, шетелдiк азаматтарға да академияда бiлiм алу мүмкіндіктері бірдей. Сонымен бiрге шетелде тұратын отандастарымызға мемлекеттiк қолдауды негізге алып, академия шетел қазақ диаспорасы тұлғаларына туған тiлiнде бiлiм алуы үшiн мүмкiндiк бередi, мемлекетаралық және ЖОО аралық келiсiмдер мен келiсiмшарттар негiзiнде оқуға қабылданған шетелдiктер үшiн жеңiлдiктер жасайды. |
Жаңалықтар2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы нақтырақ... 2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері нақтырақ... 2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ нақтырақ... 2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары» нақтырақ... 2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 309 6143, 380 0666, 323 6312 |
index group жасалған |