Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Жоғары және орта кәсіби білім алу үшін сырттай оқу бөлімінің оқу процесі күндізгі оқу бөлімінің оқу жоспарларының құрылымына қатысты жоспарланады және мамандықтардың бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Сырттай оқу бөлімуі бойынша сәулет және дизайн мамандыығының студенттерінен басқа, академияның барлық мамандықтарының студенттеріне оқытудың сырттай-қатысу түрі бекітілген.

Сырттай оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары күндізгі оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады. Сонымен оқытушымен тікелей байланыста оқытылатын кредит көлемі 50-ден кем емес. Қалған 78 кредитті студент дистанционды түрде оқиды.Сырттай оқу бөлімінде аудиториялық сабақтың жалпы көлемі жылына 9-12 кредиттен тұрады. Аудиториялық сабаққа енбеген оқу материалын, сырттай оқу бөлімінің студенті дистанционды оқу түрін, электронды оқулық және активті әдістемелік материалды қолдана отырып өздігімен оқиды (СӨЖ).

Жоғары және орта кәсіби білімнің сырттай оқу бөлімі бойынша әр оқу жылының бүкіл оқу процесі бір оқу-емтихан кезеңінде өткізіледі. Сырттай оқу бөлімінің білім алушылары үшін лабораторялық жұмыс орындау, емтихан тапсыру кезеңі төменедегідей бекітіледі:
- жоғары білім алушыларға жылына 30 күнтізбелік күннен кем емес болуы керек;
- колледжде орта кәсіби білім алушыларға жылына 20 күнтізбелік күннен кем емес болуы керек.

Сырттай оқу бөлімі бойынша білім алушылардың өткен курста қарыздары болмаса, емтихансессиясына қатысуға рұқсат беріледі. Сонымен, студенттер бақылау және курстық жұмысты емтихан басталғанша орындап, оқытушы қабылдауы қажет.

Ұзақ іссапарда болатын отбасы жағдайына байланысты емтихан тапсыра алмайтын, оқуға республиканың алыс аймақтарынан келетін сырттай оқу бөлімінің студенттеріне тіркеуші өкілінің рұқсатымен емтихан сессиясын жеке кесте бойынша басқа уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Сессия басталғанға дейін, пәндері курстық оқу жоспарына енгізілген деканаттар сырттай оқу бөлімі бойынша білім алушыларды тапсырмалармен,әдістемелік нұсқаулармен қаматамасыз етіп, емтихан сұрақтарының тізімін курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау үшін тапсырмалар, өздігімен дайындалуға сұрақтар, бақылау жұмысының лабораториялық жұмыстың тақырыптарын (рефераттар), соңғы курста дипломдық жоба тақырыптарын береді.

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...