|
ҚазБСҚА 17.О6.О3 ж. № 386 «Ғылыми-педагогикалық тажiрибе туралы» КРБжҒМ бұйрығы негiзiнде дайындаудың толық циклiн аяқтап әрі қарай мамандарды кредиттік оқу жүйесімен дайындығын жалғастырьш жатқан Қазақстандағы сәулет-құрылыс профилiндегi жалғыз жоғары оқу орыны. Кредиттiк оқу жүйесiн енгiзудiң мақсаты студенттердi кәсiби дайындау деңгейiн арттыру, олардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн жан-жақты дамыту, студенттерге қажет болған жағдайда таяу және алыс шетелдiк жоғары орындарына кедергiсiз ауысуға мүмкiндiк беру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн академия оқу процесiн жаңадан жоспарлаған және регламенттiк құжаттармен қамтамасыз ете отырьш толық өзгерiс енгiздi. Соның iшiнде оқу жоспарына мiндеттi және элективтi пәндер жүйесi енгiзiлдi. Элективтi пәндер оқу жоспарына енетiн пәндер көлемiнiң 40% құрайды. Еркiн таңдау кредиттiк оқу жуйесiнiң негiзгi артықшылықтарының 6ipi болып табылады: бiлiм алушылардың оқытушыларды таңдауға да, сондай-ақ өзiнiң бiлiм бағытын қалыптастыруға да мүмкiндiгi болады. Осыған байланысты типтiк және жұмыс жоспарлармен қатар оқуды ұйымдастыру, бiлiм мазмұнын анықтайтын бiлiм алушылардың және оқу жоспарлары (Curriculum) енгiзiлдi. Кредиттiк оқу жүйе шеңберiнде оқу жұмысы көлемiнiң есебi кредитпен өлшенiп, оқытылатын материал көлемi бойынша жүзеге асырылады. Бакалавриатта 1 кредит 1 академиялық сағатқа тең. Яғни, студент 15 апта бойы аптасына 1 сағат аудиториялық, 2 сағат өздiк жұмыспен айналысады. Осылайша, кредит көлемi жұмыстың 45 академиялық сағаты (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ). Бiр семестр iшiнде студент 12-18 кредит, бiр жыл iшiнде 24-36 кредит жинауы керек. 4 жыл оқығанда бакалавр 128 кредит, 6 жыл iшiнде магистрант 176 кредит жинайды. Кредиттiк оқу жүйесiндегi оқу процессi төмендегi формада ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар). Студенттердiң оқытушының жетекшiлiгiмен өткiзiлетiн өздiк жұмысы (СОЖӨЖ) - әлемдiк тәжірибеде қолданылып жүрген термин Offise Ноuгs. СОЖӨЖ мақсаты - аудиториялық сабақ материалдары бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптарының мазмұны бойынша студенттiң жеке кеңес алуына, сондай-ақ курстық жобалар, есептiк-графикалық және бақылау жұмыстарын орындау үшiн мүмкiндiк жасау. |
Жаңалықтар2012-02-09
Тілдік емес жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту мәселелері нақтырақ... 2012-02-09
Ағылшын тілінде сабақ беретін ҚазБСҚА оқытушылары нақтырақ... 2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы нақтырақ... 2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері нақтырақ... 2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 309 6143, 380 0666, 323 6312 |
index group жасалған |