Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Қасабекова Гүлбану Тастанбекқызы – кәсіподақ ұйымының төрайымы

кабинет № А13 телефон 309–62–271

Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының кәсіподақ ұйымы Алматы қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің «Парасат” кәсіподақ ұйымының Жарғысыныың және өзінің Ережесінің негізінде жұмыс істейді.

Кәсіподақ ұйымының жұмысы ұжым мүшелерінің бірлескен шешімдерін жүзеге асыру барысында жүзеге асады. Кәсіподақ ұйымының әрбір мүшесі белсенді түрде кәсіподақ ұйымының барлық іс-шараларына атсалыса алады. Кәсіподақ ұйымы Академияның әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жасалуына және ары қарай жүзеге асуына, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жалпы жоспарлардың құрылуына белсене араласады. Осы жоспарлардың барлығы дерлік қызметкерлер мен білім алушыларға арналған әлеуметтік қорғауды ары қарай дамыту және тұрмыс деңгейінің жақсартылуына бағытталған »ҚазБСҚАның әлеуметтік қоржынында" қарастырылған. Кәсіподақ ұйымы жұмысының басты бағыты әлеуметтік қоржынның іске асуына тікелей атсылысу. Сонымен қатар, еңбек барысындағы шешімі дұрыс шешілмеген сұрақтардың шешілуіне, еңбек заңдылықтарының сақталуына, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі тіртіптерінің сақталуына да қатысады.

Әлеуметтік қоржында академия қызметкерлері мен білім алушыларға қөрсетілетін жеңілдіктердің көптеген түрлері жоспарланған. Атап айтсақ:

  • үнемі өсіп отыратын еңбек ақы және еңбек стажына, кәсіби біліктілігіне, мемлекеттік және де басқа тілдерді тәжірибеде пайдалануына қосылып отыратын қызметкерлердің еңбекке ынтасын арттыратын қосымша еңбек ақылары жайында;
  • академияда оқуға ақылы білім алуға бағыт-кеңес бергені үшін студенттің төлемақысының бір жартыжылдық құнының 7% мөлшерін қосымша ынталандыру ретінде төленеді;
  • әртүрлі себептермен қаржылай көмек қажет болған қызметкерлер мен студенттерге әкімшілік тарапынан көмек көрсетіледі;
  • 50, 60, 70 және одан да жоғары жасқа келген академияда қызмет істейтін мерейтой иелеріне ҚазБСҚА-дағы еңбек стажына байланысты ректорат атынан ақшалай сыйақы беріліп, кәсіподақ ұйымынан құттықтау адресі мен сыйлық табыс етіледі;
  • әр оқу жылының қорытындысы бойынша ең үздік оқытушыға, ғылыми қызметкерге, кураторға және т. б. номинациялар бойынша сыйақылар беріліп, бүкіл академия қызметкерлеріне табиғат аясында демалыс ұйымдастырылады;
  • академия оқу ғимаратының ішінде қызметкерлер мен студенттерге алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік бөлім жұмыс істейді. КазБСҚАның спорттық-сауықтыру кешенінде 6 адамнан құралған топқа 1 секцияға тегін қатысу рұқсаты беріледі;
  • жазғы демалысқа академия қызметкерлеріне, балаларына және немерелеріне түрлі демалыс орындарына жолдама алуға кәсіподақ ұйымы қомақты қаржы бөледі. Бірнеше жыл қатарынан өз мүшелерінің «Ыстық көлде» жазғы демалыстарын өткізуіне кәсіподақ ұйымы көп көңіл бөліп отыр;
  • академия қабырғасында өтетін барлық мәдени іс-шаралар кәсіподақ ұйымының тікелей қатысуымен өтеді. Қызметкерлер мен студенттер қауымына ұйымдастырылған мерекелерінің барлығына дерлік сыйлықтар кәсіподақ ұйымының қаражатына алынады. Жалпы халықтық «Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз» мерекелері және «Оқу жылының аяқталуы» жалпы академия ұжымы көлемінде тойланады;
  • академияда 100 орындық «Академия» кафесі, «Минутка» және «Экспресс» буфеттері жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысына қанағаттынбайтын азаматтар кәсіподақ ұйымына келіп шағымдана алады. Академия қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия күнделікті тамақтың сапасын, тамақтандыру орындарының тазалығын тексеріп, арнайы журналға мәліметтерді жазып отырады;
  • оқытушылар мен қызметкерлерді жұмысқа таңертеңгі уақытта академияның 3 автобусы тегін жеткізеді. Транспортқа тіркелгісі келгендер кәсіподақ ұйымына өтінішін өткізеді;
  • тұрғын үй бағдарламасының шешілуіне академия әкімшілігі орасан зор көңіл бөліп отыр. Кәсіподақ ұйымының келісімімен 2 үлкен жатақхана басында үйі жоқ қызметкерлерге арзан бағамен 3 жылға кредитке жекеменшікке берілді;
  • кәсіподақ ұйымы және әкімшілік өз еңбек ардагерлеріне үнемі көңіл бөліп, түрлі мерекелерде шақырып, кездесу ұйымдастырып отырады. Қатары сиреген, бұрын академияда қызмет атқарған, Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерімізге деген ықыласымыз ерекше. Олармен де кәсіподақ ұйымы тығыз байланыста және қамқорлық көрсетіліп тұрады.
  • Кәсіптік мерекелерде де академияда қызмет істейтін маман иелерін құттықтап отыру, оларға естелік сый сыйлап, аса үздік еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізгендерге мадақтау қағаздарын тапсыру кәсіподақ ұйымының дәстүріне айналған.

Жаңалықтар

2012-02-09
Тілдік емес жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту мәселелері
нақтырақ...
2012-02-09
Ағылшын тілінде сабақ беретін ҚазБСҚА оқытушылары
нақтырақ...
2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...