Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

Кітапхана тарихы 1980 ж. Алматы сәулет-құрылыс академиясы институтының ашылуымен ҚазПТИ пен БСИҚИ кітапхана қорының бірігуі негізінде 128 мыңға жуық данамен алғашқы қормен және жоо-ның қалыптасу әрі даму тарихымен тығыз байланыста болып келеді.

Қазіргі кезде кітапхана ірі оқу-тәрбиелік және мәдени-ағартушылық бөлімше болып есептеледі.

Кітапхананың негізгі мақсаттары: білім беруде қызмет көрсету нарығында ЖОО-ның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне кітапханалық-ақпараттық қолдау көрстеу, ЖОО-ның кітапхана қоры мен ғылыми мұрасын келешек ұрпақ үшін сақтау, кітапхана оқырмандарының ақпараттық мәдениетін арттыру.

Бай, әмбебап қорда 422000 бірлік сақталуда, оның ішінде 36 мыңы – мемлекеттік тілде. Олар: кітаптар, диссертациялар, авторефераттар, CD дискі, аудио-видеокассеталар, мерзімді басылымдар. Кітапхана сәулет және құрылыс саласы бойынша орасан ақпаратқа бай. Өте сирек басылымдар да бар. ЖОО-ның барлық мамандықтары бойынша қорды жоспарлы жинақтау жүзеге асады. Қорға жыл сайын мерзімді басылымдардан – 30-ға жуық газет пен 100-ден аса журнал түрлері түсіп тұрады. Кітапхана қоры ЖОО-ның мамандықтар бойынша мамандарды дайындау талаптарына сәйкес келеді.

«РАБИС» автоматтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесін ендіру кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Санаулы минуттарда кітап туралы қажетті ақпараттарды табуға, тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеуге оқырмандарға мүмкіндік беретін электронды каталог пен электронды картотекалар жасалған. Кітапханада электронды мәліметтер базасы бар: «Заң», «Заңгер» электронды каталогтары, электронды нормативті құжаттардың ақпараттық-анықтамалық базасы (СНиП-тер және т. б.). Электронды және мультимедиялық залдарда компьютерлерде сызба жұмыстары үшін бағдарлама (AutoCAD) орнатылған. Оқырмандарға 30 компьютер арқылы Интернетке тегін қосыла алады. Мультимедиялық зал қорында электронды тасымалдарда пәндердің оқу жоспарларында міндетті болып есептелетін оқулықтардың, оқу құралдарының мәтіндері қамтылған, сонымен бірге диалогтық тәртіппен білімді меңгеруге арналған оқу және электронды оқулықтар мен бағдарлама құралдары да бар.

Автоматтандыру деңгейі жоғары, компьютерлік қуат пен Интернет технологиясының үнемі дамуы кітапхананың электронды ресурстарды жасауда қарқынды жұмыс істеуіне әкелді, сонымен бірге 2009 жылдан бастап өзіндік электронды кітапханасы жасалды, ал 2010 жылдан бастап электронды каталогқа толық мәтінді материалды енгізу мүмкіндігі пайда болды.

Кітапхана алып жатқан алаң 2440 шаршы метрді құрайды. Бұл қайта жаңартылған және күрделі жөндеуден өткен, қазіргі заманғы жиһаздармен және қажетті техникалармен жабдықталған ғимарат.
Кітапханалық қызмет көрсету абонементтер мен 6 оқу залында ұйымдастырылған. Оның біреуі академияның экзотикалық өсімдіктер өсірілген «Қысқы бағы» болып табылады. «Қысқы бақ» оқу залын ҚазБСҚА-ның тұрақты даму Тұғырнамасын тарату шеңберінде студенттердің құрылыс отряды (СҚО-2004) салған және Сәулет және Дизайн факультеттерінің студенттері безендірген. 2005 жылдың соңында әдебиеттерді еркін пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір оқу залы пайдалануға берілді.

Қызмет көрсетудің әртүрлі жүйесінде анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар үлкен орын алады. Анықтамалық-библиографиялық бөлім (АББ) өзінің жұмысын бірнеше бағытта жүргізеді: библиографиялық картотекалар мен библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру, библиографиялық анықтамаларды беру, ақпараттық жұмыстар, библиографиялық білімді насихаттау.

Мұндай жұмыстардың кеңінен таралған түріне "Ақпараттар күні”, "Факультеттер күні”, "Дипломниктер күні”, "Бірінші курстар апталығы” және т. б. жатады.

Құрылғаннан бастап 2006 жылдың мамыр айына дейін кітапхананы Айқынбаева Бәкен Болантайқызы басқарып келді. Оның жетекшілігімен кітапхана аяғынан тұрып, оқу, ғылыми және көркем әдебиеттер қоры қалыптасып, қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде кітапхана директоры қызметін Асанова Ақмарал Бекқызы атқарады.

Оның басқаруындағы ұжым қаладағы барлық кітапханалармен тығыз қарым-қатынасты берік ұстана отырып, академия студенттеріне кәсіби және рухани білім беруде өздерінің күш-жігерін аямай жұмсауда.

Кітапхана ҚР Кітапханалар Қауымдастығына, Жоғары оқу орындары кітапханаларының Кітапханалық Қауымдастығына мүше болып табылады. Халықаралық және аймақтық конференцияларға, семинарлар мен кеңестерге қатысып тұрады. Академия кітапханасы Internet жүйесіне қосылған, өзінің электронды мекен-жайы бар: E-mail:

Кітапхана білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениетті тарату орталығы болып табылады. Кітапхана жұмысы білім алушылардың жан-жақты дамып қалыптасу міндетін шешуге бағытталған, білікті әрі еңбек нарығында қажет мамандар мен ғылыми қызметкерлерді дайындауға көмектеседі.

Кітапхана есігі өз оқырмандары үшін әрқашан ашық.

Кітапхана директоры: Асанова Ақмарал Бекқызы

Кітапхана туралы барлық анықтамалар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: 309–61–92, 309–61–73, 309–64–67 

e-mail:


ҚазБСҚА-ның КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ

1. Кітапхана өзінде бар кітаптарды, газет-журналдарды және басқа да материалдарды оқырмандарға уақытша пайдалануға беруді ұйымдастырады.

2. Әдебиеттерді үйге беру ісі қызмет көрсету және кітап сақтау бөлімдерінде жүргізіледі. Оқу залдары әдебиеттерді негізінен тысқа алып шықпай, сол жерде отырып оқуға ұсынады. Оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту үшін оқу залында отырып дайындалуға қандай да бір мүмкіндігі жоқ оқырманға нұсқауға сәйкес «Түнгі абонемент» бойынша әдебиеттерді үйге беру ісі қарастырылған. Қорда жоқ басылымдарға оқырмандар талабы бойынша кітапханадан Кітапханааралық абонементке (КАА) тапсырыс беріледі.

3. КАА бойынша алынған энциклопедиялар, анықтамалар, диссертациялар,

ағымдағы баспасөздер, сирек және құнды кітаптар, басылымдар оқу залдарына ғана

беріледі. «Міндетті дана» мөртаңбасы басылған соңғы және жалғыз даналар үйге

берілмейді.

4. Әдебиеттерді белгіленген уақыттан артық пайдаланған үшін оқырмандар жасалған

көпшілік келісімге сәйкес айып төлейді.

5. Оқырмандарды кітапханаға тіркеу оқырманның жоғары оқу орнының қатыс-

тылығын куәландыратын құжаты және 3x4 см 2 фотосуреті арқылы жүргізіледі.

6. Оқырманға бір ғана оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры

толтырылады.

7. Оқырман кітапханаға тіркелу барысында оның тәртібімен танысьш, оны орындай-

тындығын оқырман формулярындағы өзінің қолымен растайды.

8. Оқырман билеті кітапхана қызметін, оның барлық абонементтері мен оқу мен оқу залдарын пайдалануға құқық беретін бірден — бір құжат болып табылады.

9. Оқырман билетінің жарамдылығы — оқу жылы. Кітапхана жыл сайын белгіленген

уақыт бойынша оқырмандарды алынған барлық әдебиеттерімен қоса қайта тіркеу-

ден өткізеді. Қайта тіркелмеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

10. Жоғары оқу орнынан кеткен оқырман кітапханаға барлық алған басылымдары мен

оқырман билетін қайтарып береді.

11. Оқырмандар кітапты, басқа да басылымдар мен кейбір материалдарды алған кезде

оларды мұқият қарап, қандай да бір ахауын байқаған болса, ол туралы кезекші

кітапханашыға хабарлауы керек, өйтпеген жағдайда кітаптың бүлінгендігі жөніндегі

жауапкершілік басылымды соңғы пайдадаланған оқырманға жүктеледі.

12. Пайдалану тәртібін бүзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар ҚР-ның

күші бар заңдарында, ҚазБСҚА-ның жарғысы мен кітапхананы пайдалану тәртібінде

көрсетілген мөлшерде әкімшілік, азаматтық құқықтық (материалдық) жауапқа

тартылады.

13. Тәртіпті бұзған оқырмандарға материалдық жауапкершілік жүктеледі және

келтірілген шығынға салынған айыптың көлемін кітапхана әкімшілігі анықтап, оны

ХБК -ның президенті бекітеді.

14. Басылымның жоғалуына немесе қалпына келместей етіп бүлінуіне жауапты оқырман

оларды дәл сондай басылымға немесе олардың көшірмелеріне, сондай- ақ кітапханада

оларға тең деп табылған басқа басылымға ауыстырады, ал ауыстыра алмаған

жағдайда- нарықтық құны өндіріліп алынады.

15. Кітапхананы пайдалану тегін. Кітапханада көрсетілген қосымша ақылы қызметті

енгізуді, сондай-ақ айыппұл мөлшері мен шегін ХБК-ның президенті бекітеді.

ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

1. Оқу залындағы әдебиеттерге тапсырыс беру барысында оқырмандар оқырман билетін көрсетеді, қажет кітабына сұраныс қағазын толтырады және қажетті басылымды алған жағдайда әр басылымның формулярына қолдарын қояды.

2. Оқу залында оқуға берілетін кітаптардың, басқа да басылымдар мен кейбір материалдардың санына шек қойылмайды. Бір мезгілде көп сұранысқа ие болған кітаптарды беру кезінде олардың санына шектеу болуы мүмкін.

3. Оқу залына негізгі кітап қорынан берілген әдебиеттер белгіленген бір уақытқа дейін ғана бөлінуі мүмкін.

4. Оқу залына өзінің жеке және кітапханалық кітаптарымен, журналдармен, газеттермен, басылым беттерінен алынған қиындылармен және басқа басылым материалдармен кіруге болмайды.

АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

1. Абонементке әдебиеттер алуға тапсырыс берген кезде оқырмандар оқырман

билетін көрсетеді, оқырмандардың талап қағазын толтырып, кітап формулярына

қолын қояды.

2. Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі және абонементте берілетін

басылымдар (оқулық, ғылыми және көркем әдебиеттер) саны шектеулі және

кітапхана әкімшілігінде саралана анықталып, кітапхананы пайдалану тәртібімен

қызмет етеді.

3. Оқырмандар үйге алған кітаптардың, басқа да баспа шығармаларының және

кейбір материалдардың мерзімін өзге оқырмандар тарапынан тарапынан сұраныс

болмаған жағдайда ұзарта алады.

Әдебиеттерін пайдалану мерзімі

Оқу әдебиеттерінің абонементінде:

1. Қоғамдық ғылым жөніндегі әдебиеттер олардың санының жеткілікті

болуына байланысты оқу жылына шектеусіз мөлшерде беріледі;

Егерде оқулықтардың саны шектеулі болса, онда кітаптар топтарға

бөлініп беріледі.

2. Оқу және әдістемелік әдебиеттер белгіленген мерзімде міндетті түрде

қайта тіркелген жағдайда сәйкес келетін пәндерді оқу барысында беріледі.

3. Жалғыз даналар тек оқу залдарында ғана беріледі.

Ғылыми әдебиеттер абонементінде:

1. Ғылыми және арнаулы әдебиеттер 2–3 данадан 20 күн мерзімге беріледі.

Данасы жеткілікті болса жекелеген кітаптарды семестр бойына беру

қарастырылады.

2. Үлкен сұранысқа ие әдебиеттер құжатпен (куәлік, паспорт) 1–2 күнге ғана беріледі.

3. Жалғыз даналар тек оқу залдарында ғана беріледі.

4. Энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалардың жекелеген түрлері

оқырмандар пайдалану үшін оқу залдарына көтеріледі.

Көркем әдебиеттер абонементінде:

1. Көркем әдебиеттер 1–2 данадан 20 күннен артық емес мерзімге беріледі.

Оқу залдарынан әдебиеттер «Түнгі абонемент» бойынша беріледі.

Өткен жылдың мерзімді басылымдары 5–6 атаудан 20 күнге дейінгі

мерзімге беріледі.

Ағымдағы жылдың оқу процесіне арналған мерзімді басылым­дары 1 күнге, қалғандары 5–7 күнге беріледі.

Пайдалану мерзімі материалға оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда созылуы немесе егер басылым жалғыз дана болса, яғни үлкен сұранысқа ие болса қысқаруы мүмкін.

Кітаптарды көрсетілген мерзімде өз уакытында қайтармаған жағдайда айыппұл төлеу немесе кітапхананы пайдалану құқынан 2 айға дейін айыру қарастырылған.





Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...