|
Қазақ бас сәулет-құрылыс академияның колледжі құрымдық бөлім болып, үзіліссіз және қосымша коп денгейлі білім беру мақсатында 2000 жылдық сәуір айында ашылған үш колледждің негізінде құрылды: сәулет және дизайн колледжі (СжДК), құрылыс-экологиялық колледжі (ҚЭК) және экономикалық колледж (ЭК). Колледжде білім беру қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асады: 1. Сәулет және дизайн; 2. Құрылыс-экологиялық; 3. Экономикалық. Біз жобалық және құрылыстық фирмалардың, дизайн студияларың, жарнама агенттіктерінің және тағы басқа ұйымдардың талаптарына сәйкес сәулет, дизайн, құрылыс және экономика салаларындағы орта кәсіби білімді мамандарды дайындаймыз. Біздің оқушыларымыз осы заманғы деңгейде жобалық ұйғарымдардың графикалық өңдеу жұмыстарын іске асыруға, өздерінің мамандықтарына сәйкес басқада жұмыс түрлерін орындауға қабілетті. ҚазБСҚА колледжінде негізгі жалпы және орта білім беру негізінде төменгідей мамандықтар бойынша оқытылады.
Колледжде оқушылар компьютерлік графикаға, Auto Cad, 3Dmax және т.б. жұмыс істеу дағдысын үйренеді. Кредиттік білім беру жүйесі негізінде жасалған, жаңа экспериментті оқу жоспары бойынша оқытылады. Колледжді бітірген соң, оқушылар білімін Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өз мамандықтары бойынша жалғастыра алады. Колледждің профессорлық оқытушылар қүрамы академияның тәжірибелі және жетекші оқутушылары: колледжде академиялық профессор, т.ғ.д. Омаров С.С., ассоциацияланған профессор Космериди С.К., «Құрылыс конструкциясы» кафедрасының профессоры Кузютин А.Д. және т.б. оқытушылар дәріс береді. Колледжде Педагогикалық және Методикалық кеңес құрылды. Оның қурамына колледждін негізгі пәндерін оқытатын академияның тәжірибелі оқытушылары кірді. Колледждің барлық бағытындағы оқушылар өлшеулі, өндірістік-шығармашылық, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерін «Алматыгипрогор-1», ЖАҚ «Алматықұрылыс», «Қалалық Суканалы», «Алматыкультбытстрой» және т.б.с.с. танымал тарихи-сәулет объектілерінде, Алматының ірі жобалау үйымдарында, академия кафедраларының филиалдарында, Қазақстан дизайнерлері мен сәулетшилері кеңесінің Алматы филиалында өткізеді. 2002 жылдан Колледж «Атакент» кормелеріне қатысып, «Сәулет және дизайн» болімінде сәулет-дизайн жобалары, сәулет графикасы, макеттеу мен композиция бойынша үздік жұмыстары мен жетістіктері қойылады. Колледж академияның қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысады. Колледждің бірінші директорлары: «СДК» – «Қала сәулеті» кафедрасының ассоциацияланған профессоры Садвокасова Г.К., «ҚЭК» – «Сумен жабдықтау және канализация» кафедрасының доценті, т.э.к. Шыныбаев А.Д., «ЭК» – «Құрылыс бағалау және менеджмент» кафедрасының профессор ассистенті Қарамолдаева Ж.К. болды. КазБСҚА колледжінің кәзіргі директоры «Сәулеттік жобалаудың негіздері» кафедрасының профессор ассистенті Новикова Г.А., 01.09.04 жылдан оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары Толганбаев А.Ж., колледждің кеңсе-менеджері Шудабаева Г.Р. |
Жаңалықтар2010-09-10
Баспалар директорларына нақтырақ... 2010-08-31
Абдрасилова Г.С., Шахнович А.Ю., Джарылқасынов С.Ш. диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-17
Козбагарова Н.Ж. маусымның 27 жұлдызында, Бесімбаев Е. Т. шілденің 9 жұлдызында сағат 10:00-де диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-14
Амандыкова Д.А., Мауленова Г.Д. 2010 жылы, мамырдың 29 жұлдызында диссертациялық жұмыстарын қорғайды нақтырақ... 2010-05-14
Анонс нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 229 4611, 220 1944, 323 6312 |
index group жасалған |