Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

«Қазақ тілі» қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Тіл туралы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, құрылыс және сәулет саласы бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар мен терминологиялық сөздіктер құрастырып, шығару жұмыстарын қадағалайды.

Қоғам ХБК президентінің бұйрығымен академия құрылымдарының қызметінде мемлекеттік тілді қолдану және іс-қағаздарды сапалы рәсімдеу істерін жүзеге асыруды бақылайды.

«Қазақ тілі» қоғамы қазақ тілін, сондай-ақ халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрып, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуды іске асырушы ұйым.

Қоғам өз жұмысын қоғамдық ұйымдармен, ғылыми мекемелермен және шығармашылық одақтармен, ұлттық мәдени-ғылыми орталықтарымен бірлесе отырып, академияда мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Қоғамның мақсаты:

- қазіргі уақытта қазақ тіліне аударылып жатқан жаңа сөздерді, терминдердің баламаларын қолданысқа ендіру және насихаттау.

- ресми іс-қағаздарды мемлекеттік тілде сапалы рәсімделуін және жазылуын қадағалау.

- академиядағы қазақ тіліне ықылас білдіруші өзге ұлт өкілдерінің тілді меңгеруіне көмектесу.

- мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар (дөңгелек үстел, сайыстар, байқаулар) өткізу.

Қоғамның төрайымы – Жанпеисова Жанар Муратбековна, филология ғылымдарының кандидаты

Телефон: 8 (727) 3–09–64–09

Қоғам төрайымының орынбасары – Кенжегарина Арайлым Заузақызы

Телефон: 8 (727) 3–09–64–09

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...