Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Ғылыми кеңес ХБК президентімен құралады және коллегиялық басқару органы болып келеді. Ғылыми кеңес мүшелері, оның мақсаты мен регламенттік жұмысы «ХБК» АҚ жарғысымен анықталып, жоғары оқу орнының тәртібімен қарастырылып және ережемен анықталады.

2. Ғылыми кеңестің мерзімі үш жылға дейін болып келеді. Ғылыми кеңестің жоспарынан көп мүшелерінің талабы бойынша осы кеңестің құрамы мерзімінен бұрын өзгертілуі мүмкін. Ғылыми кеңес мүшелер құрамында қатардан шығарылған мүшелерін ауыстыру келесі жолмен өткізуге болады:

• факультетте таңдалған, қатардан шығарылған мүшелерді ауыстыру, факультет Кеңесі шешімі бойынша өткізіледі;

• Ғылыми Кеңес құрамына лауазымымен және ХБК Президент бұйрығымен енгізіледі, қатардан шығарылған мүшелерді ауыстыру орындалады.

3. Ғылыми кеңесті «ХБК» АҚ президенті басқарады, өзі төраға болып келеді. Ғылыми кеңес құрамы тақ саннан тұрады. Ғылыми кеңес лауазымы бойынша кіретіндер; вице-президент, проректорлар, ҒМС жөніндегі кеңесші, факультет декандары, құрылым бөлімдерінің басшылары және сонымен қатар басқа да қосымша оқумен айналысатын тұлғалардың басшылары.

Факультет және құрылым бөлімшелері ұжымдарының жиналыстарында Ғылыми кеңестің жалпы құрамынан кем дегенде 50 пайызы жасырын дауыс беру арқылы таңдалады.

Президент әрбір факультетке және құрылым бөлімдеріне төрағалық норма бекітеді. «ХБК» АҚ президенті көрнекті ғалымдар, мемлекет қайраткерлері Қазақстан Республика қоғам қайраткерлерін, «Құрметті профессор» атағын кіргізе алады.

Ғылми Кеңесінің жеке құрамын президент бекітеді.

4. Академияның Ғылыми Кеңесі:

  • оқу барысын ұйымдастырудағы күрделі сұрақтар бойынша шешім қабылдайды;
  • ХБК құрылымын және бөлімдерінің басшыларынан есептер қабылдайды;
  • ХБК-ның жарғысына өзгертулер мен қосымшалар енгізеді;
  • проректорлар мен тіркеушінің жұмысына қарай есептерін бекітеді;
  • ХБК-ның каржы-шаруашылық қызметтерін, корпорацияның жағдайын жақсартуға жобаларды қарастырып және қолдануға кеткен қаражаттарды бекітеді;
  • PhD докторанттар, магистранттардың ғылыми ізденіс тақырыптарын бекітеді және олардың оқулары жайлы сұрақтарды шешеді;
  • оқушылар контингенті бойынша негізгі шешімдерді қабылдайды;
  • сый ақы, атаулы стипендия тағайындау туралы шешімді бекітеді;
  • оқу кітаптарын, әдістемелік-құралдарын қарастырып басылымға ұсынады;
  • ХБК-ға кіретін құрылым бөлімшелерімен ХБК-ның ғылыми және методикалық күрделі сұрақтарын қарастырады.

5. Ғылыми кеңестің шешімі Ғылыми кеңестің басым бөлігінің қатысуымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Ғылыми кеңесітің шешімі бойынша және де қабылданған нормативтік құжаттарғв байланысты құпия дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін. Ғылыми кеңестің шешімі ХБК президенті бекіткеннен кейін күшіне енеді, сондай-ақ ХБК-ның барлық құрылым бөлімдерімен міндетті түрде орындалуы қажет.

6. Білім беру, әдістемелік және ғылым саласындағы жетістіктер үшін Ғылыми кеңес:

· ХБК-ға кіретін құрылым бөлімшелерімен ғылыми және әдістемелік факультет Кеңесінің бекіткен тәртібі бойынша ХБК-ның ғылым-педагогикалық қызметкерлеріне «Құрметті профессор», академиялық профессорлар, ассоциацияланған профессорлар атағын ұсыну;

· корпорация қызметкерлеріне, шығармашылық және ғылыми ұжымына үкіметтен құрметті атағымен марапат беруіне ұсыныс жасау.

7. Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары болып ХБК-ның бірінші проректоры тағайындалады.

8. Ғылыми кеңесте қарастырылған сұрақтарды шешу, құжаттарды реттеу, оны орындау үшін Ғылыми кеңестің мүшелерімен Ғылыми кеңестің хатшысы тағайындалады.

9. Ғылыми кеңестің шешімі хаттамамен жазылып Ғылым кеңесінің төраға және хатшымен бекітіледі.

10. Ғылыми кеңестің жұмыс Регламенті Ғылыми кеңесте қарастырылып президентпен бекітіледі.

ХБК ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

1. Ғылыми кеңесінің қызмет бағыты Ғылыми кеңесінің ережесімен анықталып жоғары оқу орнының тәртібімен ХБК жарғысына сәйкес болады.

2. Ғылыми кеңестің жұмысы жоспармен жасалады. Ғылыми кеңестің жоспары президентпен әр жаңа жыл басында бірінші отырыста бекітіледі.

3. Ғылыми кеңес отырыстарының кезегі – қағида бойынша, семестрде 2–3 рет, Ғылыми кеңестің ұзақтылығы – үш сағаттан артық болмауы тиіс; алға шығу регламенті: баяндамашыларға – он бес минуттан артық емес, пікірталаста – үш минуттан артық болмау керек. Ғылыми кеңестің өткізілуі – жұма, уақыты сағат 15–00.

4. Ізденушілердің аттестациялық істерімен корпорация жұмысшыларының басқа да құжаттарын Ғылыми кеңесінің хатшысы Ғылым кеңесінің отырысына он күн бұрын қабылдайды.

5. Ғылым кеңесінің хатшысы 5 күн бұрын Ғылым кеңесінің құрамын кезекте тұрған отырыстың күн тәртібі туралы хабарлайды. Хабарламаны корпорацияның фойесінде ілінеді. Күн тізбесінде тұрған негізгі сұрақтармен бірге Ғылым кеңесінің талқылауына қосымша басқа да сұрақтар кіргізілуі мүмкін.

6. Баяндаушы өзінің қарастырылатын сұрағы бойынша шешімнің жобасын бір апта бұрын Ғылым кеңесінің отырысына дайындап Ғылыми кеңесінің хатшысына тапсырады.

7. Ғылым кеңесінің отырысына дайындалатын құжаттар мен шешім жобаларын Ғылым кеңесінің хатшысын бақылайды.

8. Ғылым кеңесінің жүзеге асырылуы «ХБК» АҚ президентімен өткізіледі, ал болмай қаған себепте корпорацияның бірінші проректоры жүргізеді.

9. Ғылыми кеңесінің отырысы Ғылым кеңес құрамы тізбесінің 2/3 бөлігімен ашылады.

10. Ғылым кеңесінің отырысында басқа сұрақтар түсу кезінде корпорацияның жұмысшылары мен мамандары Ғылым кеңесінің құрамы болмаса да, қатысып дауыс бере алады. Ғылым кеңесінің отырысы ашылғаннан кейін күн тізбесі бекітіліп оны өткізу регламенті анықталады.

11. «Құрметті профессор», академиялық және ассоциацияланған профессорларға өтетін ізденушілердің аттестациялық істері корпорацияның бекітілген талабына сәйкес болу қажет.

12. Біліктілік істерін қарастыру алдында ұсынылған кандидаттар туралы пікір алысады. Ізденушілер құпия дауыс беруге дейін Ғылым кеңесінің отырысында өздері туралы негізгі мәліметтерде беру үшін қатыса алады.

13. Академиялық және ассоциацияланған профессорлар лауазымына өту шешімі құпия дауыспен қабылданады, ал «Құрметті профессор» атағы жәй дауыстың көпшілігімен қабылданады.

14. Құпия дауыс алдында Ғылым хатшы ашық дауыспен Ғылым кеңесі отырысында қатысып отырған құрамының ішінен 3 адамнан кем емес есеп комиссиясын сайлайды.

15. «Құрметті профессор» атағына, академиялық және ассоциацияланған профессорлар лауазымына өтетін Ғылым кеңесінің құрамынан шыққан ізденушілер өздерінің кандидатураларын жиналым анықталғанда, дауыс бергенде, есеп комиссиясын қабылдағанда дауыс бере алмайды. Есеп комиссиясы дауыс беруден кейін әр кандидатура бойынша шешімін жариялайды, есеп комиссиясының хаттамасы Ғылым кеңесінің құрамымен ашық дауыспен және дауыс көпшілігімен бекітіледі.

16. Ғылым кеңесінің отырысында қаралған лауазым, атақ алу шешімі бойынша аппеляция отырыстан кейін 10 күн аралығында Ғылым хатшысына тапсырылады. Аппеляция төраға тағайындаған комиссиямен қарастырылады. Аппеляция комиссиясының қорытындысы жақын арада өтетін Ғылым кеңесінің отырысында тыңдалады. Аппеляция қорытындысы Ғылым кеңесінің шешімінде ақырғы болып ашық дауыспен және дауыс көпшілігімен саналады.

17. Күн тізбедегі негізгі сұрақтар Ғылым кеңесінің шешімінде ашық дауыспен қабылданып, президенттің бұйрығынан кейін күшке енеді. Дауыстардың бөліну кезінде ақырғы шешімді Ғылым кеңесінің төрағасы қабылдайды.

18. Ғылым кеңесінің хаттамасы жарлық құжаттардың талабына сәйкес рәсімделуі қажет. Хаттаманың үзіндісі Ғылым кеңесінің хатшысымен құрастырылады, сыртқы ұйымдарға керек жағыдайда Ғылым кеңесінің төрағасы және хатшымен бекітіледі. Есеп комиссиясы отырысының хаттамалары ізденушілердің аттестациялық құжаттарына тіркеледі.

19. Ғылым кеңесінің құрамы отырыстарға қатысуға міндетті, оның жұмысына белсенді қатысып, алдын ала Ғылым кеңесінің хатшысын отырыста жоқ болу себебін айтып ескерту қажет.

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...