Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?

ҚР БжҒМ сәулет-құрылыс және дизайнер мамандықтары
бойынша РОӘС ОӘС

2009 жылы ҚР БжҒМ 31.07.09 ж. №367 бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беретін мамындықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясының жаңа тізімі бекітілді. Бакалвриаттың, магистратураның, доктарантураның Өнер (Сәулет, Дизайн) және техникалық ғылымдар мен технология (Ағаш өңдеу технологиясы, Құрылыс, Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру) мамндықтарының топтары бойынша базалық ЖОО ретінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы анықталды.

ОӘС мәжілістері жылына 2 рет өтеді, оның ішінде ОӘС-на кіретін аймақтық ЖОО-ы базасының бірінде жолсапарлық бір мәжіліс өтеді. 2003 ж. – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2004 ж. – Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 2006 ж. – Атырау Мұнай және Газ институтында, 2007 ж. – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2009 ж. – С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010 ж. – М. Әуезов атындағы ШҚМУ базаларында.

С. Торайғыров атындағы ПМУ базасында жолсапарлық мәжіліс

Соңғы 10 жыл аралығында ОӘС-ның 20 мәжілісі өткізілді, соның ішінде талқыланған:

- 1999 және 2007 жылдардың «Білім туралы» заң жобаларына ұсыныстар;

- 2005–2010 жж. ҚР-да білім дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

- 50 МЖМБС жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру мемлекеттік стандарттарының жобасы, соның ішінде 2001 және 2002 жылдары – 22, 2004 ж. – 14, 2006 ж. – 11, 2009 ж. – 3;

- МЖМБС-те көрсетілген 982 типтік бағдарлама мазмұны;

- ҚР мамандықтар классификаторларына ұсыныстар (2001, 2004, 2009 жылдары);

- Жоғары оқу орындары мен және ОӘС жұмысындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі туралы ережеге ұсыныстар (2004–2005 жылдары);

- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері (2005 және 2007 жылдары);

- Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша типтік регламенттер (2006 ж.);

- «Дизайн» мамандығының мамандануы бойынша ұсыныстар (2008–2009 жылдары);

- Техникалық және кәсіптік білім беру базасында қысқартылған мерзімде оқытудың типтік оқу жоспарларының (ТОЖ) жобалары (2009 ж.);

- Мамандықтарға шаққанда зертханалық жабдықтау тізімі (МЖМБСға қосымша, 2009 ж.);

- Басылымға ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдары. Соңғы он жылда ОӘС-нда 51 оқулық (26-сы мемлекеттік тілде) және 220 оқу құралы (43-і қазақ тілінде) талқыланып, ұсынылған.

ОӘС басшылығымен 2000 жылдан бастап жыл сайын Республикалық құрылыс, құрылыс материалдары, сәулет, дизайн (2003 ж.), ағаш өңдеу технологиясы (2007 ж.) мамандықтары бойынша диплом жобаларының көру байқаулары өтеді.

Диплом жобаларының байқаулары ҚазБСҚА, сонымен бірге ОӘС құрамына кіретін аймақтық ЖОО базасында өтеді (2003 ж. – ҚМУ, 2004 ж. – ШҚМТУ, 2007ж. — СҚМУ).

М. Әуезов атындағы ШҚМУ базасында жолсапарлық мәжіліс

2009 жылы Малтепе университетінің базасында (Түркия) Еуразия сәулет және құрылыс мектептері ЖОО диплом жұмыстарының (жобаларының) жолсапарлық халықаралық көру-байқауы алғаш рет өткізілді.

Бұдан басқа ҚазБСҚА мен ОӘС құрамына кіретін ЖОО-ның студенттері ТМД мен Еуропа сәулет мектептері диплом жұмыстарының халықаралық көру-байқауына қатысады.

Біздің академия ОӘС өзінің алдағы жұмысы мамандарды дайындау сапасын арттыруға, сәулет-құрылыс және дизайнер мамандықтары ОӘС құрамына кіретін ЖОО-да білім алатын студенттердің (40 ЖОО-нан астам) жалпы деңгейін жетекші шетел университеттерінің деңгейімен теңестіріп, көтеруге бағытталмақ. Бұл жұмыс «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», «Ағаш өңдеу технологиясы және ағаш бұйымдары» бағыттарына жауапты ЖОО өкілдерінің жұмыла кіріспейінше жүзеге асуы мүмкін емес.

Жаңалықтар

2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі
нақтырақ...
2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі»
нақтырақ...
2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс
нақтырақ...
2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру»
нақтырақ...
2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі
нақтырақ...