Қазақша
Бастапқа бетке Сайт картасы
Голосование
Из каких источников Вы узнали о КазГАСА?
Материалдық базасы

Академияның оқу-зертханалық ғимаратының барлық жалпы көлемі 32372 шаршы метрді құрайды. Академиядағы спорт ғимаратының жалпы көлемі 24188,0 шаршы метр, 940 орындық екі жатақхана 15409,3 шаршы метрді құрайды. ҚазБСҚА-ның 11104,2 шаршы метрлі Студенттер үйінде студенттер, аспиранттар, магистранттар тегін тұрады. Студенттер қалашығында жалпы көлемі 3747,3 шаршы метрді құрайтын 520 орыны бар «Сәулет» мейрамханасы орналасқан. Екі студенттер үйін қайта жөндеуден өткізіп, оны тұрғын үй ретінде қызметкерлерге және оқытушыларға 126 пәтер ретінде бөлінді, жалпы көлемі 11 518,4 шаршы метр. 11 399,9 шаршы метрлі № 1 жатақхана ХБК-ҚАУ әкімшілік –оқу ғимараты негізінде толық жөндеуден өтіп, жабдықталған. «Қонақ үй» типті жатақхана ХБК ҚАУ бастауыш-білім беру кешені негізінде жөндеуден өтіп, жабдықталды, ғимарат қайта қалпына келтірілген соң, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Алматы облысының Фабричный елді мекенінде жалпы көлемі 2171,3 шаршы метрлі академияның оқу-ғылыми базасы орналасқан, мұнда академия студенттері геодезиялық практикасын өткізеді.
ЖОО-ның оқу ғимараттары оқу–зертханалық құрал жабдықтар және жиһазбен, қажетті инвентарлармен қамтамасыз етілген, онда тазалық пен тәртіп сақталып отырады. Сабақтар 264 дәрісханада, 4 үлкен дәрісханасында, 49 зертхана мен 38 компьютерлік класында өткізіледі, сонымен бірге бір аусымдық кесте бойынша факультет филиалдары базасында да өткізіледі. Күндізгі оқитын бір студентке 9,7 шаршы метрден тиесілі, яғни ол санитарлық, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздіктерінің нормасы мен ұсыныстарына, жалпы білім беру қызметінің лицензиясына сәйкестілігі қарастырылған. Сондай-ақ 8 Coffe-Room бейне фильмдерді көруге арналған арнайы техникамен жабдықталған 8 ғалымдар атындағы және 2 үлгілі дәрісхана бар, онда сабақтар өткізіледі, диплом жобалары мен факультеттегі түрлі іс- шаралар өтіліп отырады. Үшінші қабатта 100 орынға арналған 491,4 шаршы метрлі «Қысқы бақ» оқу залы жабдықталған.

Жабық спорт ғимараты 2878,0 шаршы метрді құрайды. Екі гимнастика залы, тренажер залы, күрес пен ауыр атлетикаға арналған залдар да жабдықталған. Футбол алаңы бар, жүгіру жолдары, спорт алаңы бар стадион да бар, ол оқу процесінің барлық қажеттілігін қанағаттандырады, яғни академияда болсын, қала және республика көлемінде болсын спорттық және денсаулықты түзеу жұмыстары өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік береді.

Академияның студенттері мен қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету үшін бюджеттен тыс қаржыға медпункт пен медициналық орталықтар ашылған. Медициналық орталықтағы дәрігерлер бөлмесі жекеленген мамандарға қаралу үшін жабдықталған. Студенттер үшін медициналық қаралу жыл сайынғы флюорографиямен өтуді қоса алғанда тегін жүргізіледі. Медпункт қызметкерлері студенттер оқитын және тұратын орындардың санитарлы-гигиеналық жағдайын үнемі жүйелі тексеріп тұрады. Студенттерді, отбасы құрғандарын қоса алғанда жатақханамен қамтамасыз ету -100 %.

866 орны бар «Сәулет» мейрамханасы, «Академия» кафесі және екі дәмхана студенттер мен қызметкерлердің көңілінен шығады. Жаңа буын компьютерлер мен оргтехникасын жаңарту жұмыстары мақсатты түрде іске асырылды. Бірдей есептеуіш компьютер жүйесімен барлық бөлімше қамтылған, ол үшін Интернетке қосылатын желі де жасалған.

Соңғы жылдары оқу-зертханалық ғимарат пен Студенттер үйінің санитарлы-техникалық жағдайы барынша жақсарып келеді. Қазіргі технологиялық процесті енгізе отырып және сапалы құрылыс материалдарын пайдаланатын ағымдық жөндеу жүргізіліп жүр. Студенттер үйіндегі қатты және жұмсақ инвентарлар толық жаңартылды, оқу ғимаратының оқу және офистік жиһаздары біртіндеп жаңартылып жатыр.

Жаңалықтар

2012-02-01
ҚазБСҚА оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерінің 11-ші спартакиадасы
нақтырақ...
2011-12-20
Қазақстан республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңдері
нақтырақ...
2011-12-20
ҚАЗБСҚА КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ТОПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
нақтырақ...
2011-12-15
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің қолданбалы сұрақтары»
нақтырақ...
2011-12-15
Физика және математика бойынша олимпиада
нақтырақ...