|
ҚазБСҚА-ның қысқаша тарихы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының базасында құрылды. ҚазБСҚА дербес жоғары оқу орны ретінде 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, оның тарихы өзінің бастауын негізінен Қазақ политехникалық институтының «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығына студенттердің алғашқы тобы қабылданған 1957 жылдан алады. 1961 жылы «Сәулет» мамандығына студенттер қабылданды, содан былай мына факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық. 1980 жылы осы факультеттер базасында, одан әрі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына (ҚазМСҚА, 1992 ж.) айналған Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) ашылды. АСҚИ-дің тұңғыш ректоры болып жоғары оқу орнын 1980 жылдан 1986 жылға дейін басқарған т. ғ. к., профессор С. М. Байболов тағайындалды. 1987–1999 жж. АСҚИ-ҚазМСҚА-ны профессор П. А. Атрушкевич басқарды. 2000 жылдан Академия ректоры болып т. ғ. к., профессор Ә. А. Құсайынов тағайындалды. «ҚазБСҚА» ЖАҚ-на айналуына байланысты 2001 жылы ол президент-ректор болды. 2004 оқу жылының аяғында директорлар Кеңесінің мәжілісінде «ҚазБСҚА» ЖАҚ-ның президенттігіне проф. Ә. А. Құсайынов тағайындалды. |
Жаңалықтар2012-05-17
АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» брифингі нақтырақ... 2012-05-16
Семинар «Ағылшын тiлi тестілеу халықаралық жүйесі» нақтырақ... 2012-05-03
«Орнықтылық және ғаламдану» тақырыбына дәріс нақтырақ... 2012-04-24
«Батыс Еуропа университеттеріндегі дистанционды білім беру» нақтырақ... 2012-04-23
ҚазБСҚА Күзгі бітірушілер жәрмеңкесі нақтырақ... |
|
Қазақстан Республикасы, 050043 Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-cі, 28 Тел.: 309 6143, 380 0666, 323 6312 |
index group жасалған |